Функция: Пероны кері бағытта ығыстырады.
Формат: back (Қадам)
Қадам: integer (0-ден 31999-ға дейін)
1. Прототипі: (i)
Түсініктеме: Пероны берілген қадамдар санына байланысты кері ығыстырады. Бағыт left немесе right предикаттарымен алдын ала анықталған болуы мүмкін, экран графиктік режимде болуы керек. Экран мөлшері – көлденең және тігінен бойынша 3200 қадам. Егер мүмкін емес орынға қозғалыс берілген болса, онда back предикаты орындалмайды. penup предикатымен активтенбейінше перо сызықты сызып отырады. Сызықтың түсі pencolor предикатымен орнатылады.
Мысал: back (500)
Перо 500 қадамға кері ығыстырылатын болады.
Функция: Пероны алға ығыстырады.
Формат: forward (Қадам)
Қадам: integer (0-ден 31999-ға дейін)
1. Прототипі: (i)
Түсініктеме: Пероны берілген қадамдар санына байланысты алға ығыстырады. Графиктік режим орнатылуы керек. Егер мүмкін емес берілген болса, онда forward предикаты орындалмайды. Перо активті болғанша, алға қарай қозғалыс кезінде сызылып отырады. Сызықтың түсі pencolor предикатымен орнатылады.
Функция: Пероны солға айналдырады.
Формат: left (Бұрыш)
Бұрыш: integer
1. Прототипі: (i)
Түсініктеме: Пероны сағат тіліне қарсы көрсетілген бұрышқа айналдырады. Экран графиктік режимде болуы керек.
Мысал: left (90)
Перо 90 градус солға қарай айналады.
Функция: Сызықты сызады.
Формат: line (Жол1, Баған1, Жол2, Баған2, түсі)
Жол1: integer
Баған1: integer
Жол2: integer
Баған2: integer
Түсі: integer
1. Прототипі: (i,i,i,i,i)
Түсініктеме: Графикалық режим жұмысы кезінде сызықты сызады. Бірінші нүктенің координаталары бірінші екі параметрлермен беріледі, ал екінші нүктенің координаталары – үшінші және төртінші параметрлермен беріледі. «Түсі» мәні төменде келтірілген кестеге сәйкес беріледі. Жолдардың және бағандардың нөмірлері 0-ден 31999-ға дейінгі диапазон аралығында болуы керек. Егер мүмкін емес орындар берілген болса, онда line предикаты орындалмайды.
Мысал: line (500, 800, 500, 3000, 2)
Қызыл немесе алқызыл көлденең сызық салынады. Бұл бұрын орындалған graphies предикатында қандай палитраның таңдалғанына байланысты айқындалады. Режим 1 орнатылды деп қарастыруға болады. Нүктенің (500,800) және (500,3000) координаталарын сызықтар қосады.
Функция: Пероны оңға қарай айналдырады.
Формат: right (Бұрыш)
Бұрыш: integer
1. Прототипі: (i)
Түсініктеме: Пероны сағат тілі бағытымен көрсетілген бұрышқа айналдырады. Экран графиктік режимде болуы керек.
Мысал: right (45)
Перо сағат тілі бағытымен 45 градусқа айналады.
Функция: нүктенің түсін орнатады немесе оқиды;
Формат: dot(жол, баған, түс)
жол: integer
баған: integer
түс: integer
1. Прототипі: (і, і, і)
Түсініктеме: жол және баған нөмірлері арқылы берілген нүктенің түсін орнатады. Экран графикалық режимде болуы керек. Жол мен баған нөмірлері үшін 0 − 31999 аралығындағы сандар қолданылады. Предикат, егер нүктенің рұқсат етілмеген позициясы берілген болса, орындалмайды.
Мысал: dot(300, 700, 2)
(300, 700) позициясында нүкте 1-режимінде 1 палитрасына сәйкес түске ие болады.
2. Прототип: (і, і, 0)
Түсініктеме: нүктенің түсінің мәнін "түс" параметрімен байланыстырады.
Мысал: dot(500, 800, х)
Бұл мысалдың нәтижесі х=1 болады, егер нүкте (500, 800) позициясында жасыл түске ие болса және 1 режимінде 0 палитра орнатылған болса.
1 режимде түстердің мүмкін болатын мәндері
Палитра 1 түс 2 түс 3 түс
0 жасыл қызыл сары
1 бирюзовый лиловый ақ
3, 4,және 5 режимдеріндегі түстердің мүмкін мәндері
Мәндері түстер
0 қара
1 көк
2 жасыл
3 бирюзовый
4 қызыл
5 лиловый
6 қоңыр
7 ақ
8 сұры
9 ақшыл көк
10 ақшыл жасыл
11 ақшыл бирюзовый
12 ақшыл қызыл
13 қызғылт
14 сары
15 өте ақшыл
Функция: қылқаламды активизациялайды.
Формат: pendown
Прототипі: жоқ
Мысал: pendown
Қылқалам активизацияланып, әрі қарай forward және back предикаттары көмегімен сурет салуға болады. Қылқалам арқылы жүргізілетін сызықтың түсі pencolor предикатымен беріледі.
Функция: Қылқаламның орнын оқиды немесе орнатады
Формат: penрos( жол, баған, бағыт)
жол: integer
баған: integer
бағыт: integer
1.Прототип: (і, і, і)
Түсініктеме: Берілген позицияға қылқалам орнатылады.жол және баған нөмірлері пиксельмен беріледі. Бағыттар градус арқылы (0° - төмен) беріледі.жол мен баған нөмірлерінің мүмкін мәндері 0 – 31999 аралығында беріледі.
Мысал: penрos (5000, 8000, 0)
Қылқалам (5000, 8000) позициясына орнатылады және төмен қарай бағытталады.
2. Прототип: (0, 0, 0)
Түсініктеме: Қылқалам позициясын оқиды. Параметрлер жол, баған, бағыт нөмірлерімен байланыстырылады.
Мысал: penрos (Z, S, R)
Z, S, R айнымалылары сәйкесінше, 300, 6500 және 45 мәндерімен байланыстырылады және бағытталады.
Функция: Қылқаламды деактивизациялайды.
Формат: penup
Прототип: жоқ
Мысал: penup
Қылқалам өз жұмысын тоқтатады. Егер, әрі қарай forward және back предикаттары кездессе, олардың орындалуы экранда көрінетін іздерді шақырмайды.
Мысалы:
predicates
make_window_write
goal
make_window_write.
clauses
make_window_write:-
makewindow(1,4,-4,"Message Window",0,0,25,80),
cursor(8,33),write("Are You redy?"),nl,
cursor(10,30),write("It is show time!!!"),nl,
cursor(20,28),write("To continue press Enter1"),
readchar(_),
clearwindow,
graphics(2,0,-15),
makewindow(2,7,7,"Home sweet home!!!",0,0,25,80),
cursor(22,28),write("Akmaral home"),
line(12000,10000,12000,21000,1),
line(20000,11000,12000,11000,1),
line(20000,11000,20000,20000,1),
line(20000,20000,12000,20000,1),
line(12000,21000,2000,14000,1),
line(2000,17000,12000,10000,1),
readchar(_),
removewindow,
exit.