"Ұстазым, менің ұстазым!"

Скачать

"Ұстазым, менің ұстазым!"

Мақсаты: ұстаз еңбегінің жемісі, білім өмір шырағы, оқу - инемен құдық қазғандай деген ұғымдардың мағынасын оқушыларға түсіндіру.
Көрнекілігі: нақыл сөздер: «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» Абай.
«Өнер - білім бәрі де оқуменен табылған»
Ы.Алтынсарин.
«Барлық істің басшысы - білім мен ұғым»
Ж.Баласағұни.
«Адамның адамшылығы..... жақсы
ұстаздан басталады»
Мұғалім. - Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар бүгін біздің мектепте үлкен мереке. Сынып оқушылары мектеп ұстаздарын төл мерекелерімен құттықтағалы отыр. Бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан, ұлағатты ұстаздар Сіздерге бүкіл әлем баласы бас иеді.
1 оқушы. Мөлдір.
Ғұлама, білгіш ғалымнан
Оқушы жас жалыннан
Мархабатты ойшылдан
Мал өсірген қойшыдан
Жазушыдан, ақыннан,
Космонавтан, батырдан,
Өнері тасқан артистен,
Ырыс қазған шахтерден,
Мың бұралған бишіден
Ой тербеткен күйшіден
Сіздерге бүгін мың алғыс (бәрі бас иеді)
Хор: «Мұғалім – ол біздің» әні орындалады.
0 оқушы. Нұрлан.
Құрметті ұстаздар! Біз сіздерден үлгі аламыз, сіздерді мақтан етіп жырға қосамыз. Енді өздеріңіз туралы жүрегімізден шыққан алғыс сезімізді тындаңыздар.
3 оқушы. Маржан.
Ұлт ұстазы
Кім ұғады оқушының тілегін,
Кім ұғады оқушының жүрегін.
Ұғатын кім, үйден аттап шыққан соң,
Ұғатын ол - ұстаздар деп білемін.
Оқушыға мейірі мол анадай,
Ол қуанса, қуанады баладай.
Түсе қалса, қабағы мен қасы егер,
Жұбатады жылы сөйлеп аялай.
Үйретеді жалықпастан өнеге,
Отырығызып білім атты кемеге.
Теңіздейін тереңіне бойлатып,
«Маржан» терсе, көтереді төбеге.
Өрелі боп өссе ұлы-қыз бағына,
Асып - тасып мерейленіп тағы да
-Міне, менің шәкірттерім осындай,-
деп, өткенін еске сағына.
Жақсы шәкірт - жақсы ұстаздың жалғасы,
Өзендердей ортаймайтын арнасы.
Ұлт ұстазы, ұлағатты келіскен,
Ар-білімін ұрпағыңа арнашы!
Хор: «Біз бақытты балдырғандар» Сөзі М.Әлімбаевтікі, әні Ө.Байділдаевтікі
Мұғалім. - Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл-әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі.
Ол өзінің барлық жігерін, білімін, бойындағы барлық бағалы қасиетін өзінің оқушыларына, халыққа беріп отырады.
4 оқушы: Ұлан
«Ұстаз деген....»
Мұғалім мен ұстазда бар айырма,
Ұстаз деген - жақсы әндегі қайырма.
Мұғалім, ол - бар болғаны ма мамандық,
Жеткенінше жеті өнерлі шайырға.
Ұстаз деген - ұлағаттың шайыры,
Қадірінің тиетұғын қайыры.
Ұстаз деген - шуағы мол шапағат,
Шаршамайтын, шалдықпайтын, тәйірі.
Ұстаз деген - ұстаз болып туғандар,
Ұлылықты ұлықтаған имандар.
Ұрпағының ертеңіне жол ашып,
Өмірінің әр шақтарын қиғандар.
Қимағандар — ұстаз емес, мұғалім,
Мұғалім боп, ұстаз болмау күнә, мың.
Қара тақта, ақ бор ғана қолданып,
Ұстатты ұстаз дүниенің құлағын.....
Жақсы ұстаздың шын мәңгілік пайдасы,
Өзіне обал арзан дәріс, айласы.
Ұстаз болу бақыт, әрі абырой
Ұстаз деген – шәкірттердің айнасы.
Қыздардың орындауында би «Қазақ вальсі».
Мұғалім.- Оқушы - мұғалімнің өзін көретін айнасы. Мұғалімін жақсы көрген шәкірт ешуақытта ұятқа қалдырмайды, тек балалардың сүйіктісе бола біл. Бұл онша қиын да емес, өкінішке орай, барлық ұстаз осы дәрежеге көтетле алмай қалуы мүмкін.
5 оқушы: Саяжан
«Ұстаз ағай»
Ұстаз апай неге көп,
Кілең жұмсақ жүректі.
Ұстаз ағай неге жоқ,
Ыбырай ата - тілекті.
Ұстаз аға көбейсе,
Ұлдар ұқсап бақпай ма?
Тұлғалардай кешегі
Намыс отын жақпай ма?
Ұстаз ағай мектептің,
Тірегіне айналса.
Ұстаз апай мектептің,
Жүрегіне айналса.
Ұл - болмай ма ұлықты,
Қыз - болмай ма қылықты.
Біздің ұстаз ағалар,
-Қалай мұны ұмытты?!.
Мұғалім. - Ұстаз жолы - қиын да қызық, ауыр да абыройлы жол.
Ән «Сәби болғым келеді» сөзі М.Мақатаевтікі, әні Т.Рахимовтікі
Көрініс: «Баласы мен атасы»
Баласы - Ата, маған мектепте,
Ұрыспай ма мұғалім?
Мен білетін ертекке,
Дұрыс, дей ме, шырағым!
- Ата, мені мұғалім,
Сіздей жақсы көре ме?
Орындалып сұрағым,
Көтере ме төбеге?
Еркелегім келсе егер,
Көтерем бе қолымды?
Еркелікке, көнсе егер
Күнде етем бе сонымды?
-Ата, Сізсіз мектепке,
Тіпті барғым келмейді.
Ертіп баршы мектепке,
Сонда ешкім жеңбейді.
Атасы: -
Айналайын, ақылдым,
Өмірімнің жалғасы.
Қартаюға жақынмын,
Арманымды жалғашы.
Сен ақылды баласың,
Мектебіңе барасың.
Ұрыспайды мұғалім,
Ол да сенің анашың.
Тәртібің мен білімің,
Қатар өсіп дамысын.
Жеңбесі жоқ білімнің,
Қосылса оған намысың.
Еркелікті қалдыр да,
Үйде отырған атаңа.
Ақылыңды алдырма,
Адал бол, ақ батама.
Атасының баласы
Жаман бала болмайды.
Қабыл болып батасы
Алла өзі қолдайды!
Ұлдар тобының орындауында «Жорға» биі.
Мұғалім. Бала тәрбиесі үлкен өнер. Әр балаға әр түрлі тәсіл керек. Біреуіне ақыл айтсаң да жетіп жатыр. Енді біреуіне ақыл жүрмейді, мінез-құлқына қарай басқа амалын табу керек. Бала жүрегі - кішкентай ғана күйсандық. Ол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт жүруі керек.
6 оқушы: Перизат
Өмірімнің жалғасы түлектерде,
Жас ұрпақтың өмірін мәпелеген,
Бір саналар ана менен әкеменен
Мен ұстазбын, бірімін, миллиондардың,
Болашаққа, ұрпаққа жетелеген.
7 оқушы: Шыңғыс
Диханмын мен жерге емес, жүректерге,
Ұлан - асыр өлшеусіз тілектерге.
Дән орнына азамат жан өсірем,
Өмірімнің жалғасы - түлектерде.
8 оқушы: Жансая
Ізденетін үнемі сан саладан,
Жүгім ауыр, демеймін арқалаған.
Ел мақтаны азамат өссе болды,
Осы менің тілегім бар қалаған.
Мұғалім. Ұстаз мамандық әлеміндегі ең ғажайып мамандық. Көзі жаудырап алдында отырған шәкірттер ертеңгі ел басқаратын, ғылымның тылсым сырын ашатын, қоңыр даланың ғарышқа самғайтын немесе ақылдың нұрымен суарып кітап жазатын еліңнің ертеңгі қожалары емес пе!
9 оқушы: Біржан
Ұстаздар Хан бол, мейілің, қарабол
Дарын бол, мейілің, дара бол.
Өтетін бәрі алдынан,
Ұстаздар бейне сара жол.
10 оқушы: Жанар
Ұстаздар - ұлттың тірегі,
Ұстаздар - мектеп жүрегі.


Скачать


zharar.kz