Салықтардың экономикалық мәні және маңызы

Скачать

Жоспар


Кіріспе -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------3-4
I бөлім. Салықтар және салық салу механизм
1.1.Салықтардың экономикалық мәні және маңызы--------------------------5-7 1.2.Салықтың атқаратын қызметі------------------------------------------------------------- 8
1.3.Лаффер қисығы---------------------------------------------------------------------------------------------9-10
1.4.Салық салу механизмі---------------------------------------------------------------------------------11-12
ІІ бөлім. Салықтың түрлері
2.1. Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы--------------------------------13-14
2.2.Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы-----------------------------------15-16
2.3.Қосылған құнға салынатын салық--------------------------------------------------------17-18
2.4.Акцизді салық------------------------------------------------------------------------------------------------19-20
IІI бөлім.Қазақстан Республикасының салық жүйесі
3.1.Қазақстан Республикасының салық жүйесі туралы ұғым---------20-23
3.2.Салық төлеушінің міндеттері мен құқықтары------------------------------24-25
Қорытынды----------------------------------------------------------------------------------------------------------------26-27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі--------------------------------------------------------------------28




















Кіріспе
Салықтар дегеніміз- мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер.
Салықтар мемлекет үшін маңызды функцияларды орындауға қажетті мемлекеттің ақшалай табысын қалыптастырумен байланысты қаржы қатынастарының бір бөлігі. Өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде салық экономикалық негізге жатады. Салық объективті қажеттілік немесе қоғам дамуының негізіне реттеледі. Мемлекет осы объективті қажеттілікке сәйкес салық жүйесін қалыптастырады. Елдің қаржы жүйесіне қызмет ету механизмін оның құрылымын жасақтайды. Әлеуметтік және экономикалық салық факторлары салыққа байланысты өндірістік қатынастардың жаңаруына ықпал етеді. Яғни нарықтық жүйеге көшу мемлекеттің салық жүйесіне және бюджет саясатына түпкілікрі қайта құруды жүргізуді талап етеді. Еңбек нарығының қалыптасуы оның қызмет етуі жұмыспен қамтуға байланысты мемлекеттік қорды құрмайынша мүмкін болмайды. Мұндай қорлар шаруашылық жүргізуші субъектілерден алынған міндетті медициналық сақтандыру қоры құрылады. Бұдан экономикалық базис саяси құрылымының арасындағы өзара байланысты көреміз.
Салықтар шаруашылық жүргізуші субъекті мен мемлекет арасындағы бюджет арқылы жүзеге асырылатын қаржы қатынастарын сипаттайды. Шаруашылық жүргізуші субъектіден халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтайды. Мемлекет құрылысының өзгеруі, өркендеуі қашанда салық жүйесінің құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады.
Бұл курстық жұмыста негізінен уш бөлім қарастырылған. Бірінші бөлімде салықтар және салық салу механизмі, Лаффер қисығы және т.б. қарастырылады.
Екінші бөлімде салықтардың негізгі түрлері баяндалып, оларды есептеу, төлеу, бюджетке түсу тәртібі, салық салудың тәжірибесі көрсетілген.
Үшінші бөлімде ҚР-ның салық жүйесінің мәні, салық төлеушілердің міндеттері мен жауапкершілігі, олардың құқықтары толық баяндалды.
Бұл курстық жұмысымның негізгі мақсаты- салықтар туралы түсінігімді, салық салу механизмдерінің принциптері, ҚР-ның салық жүйесі, салық кодекстеріндегі негізгі ережелер туралы түсінігімді дамытып және осы мәселені толық баяндап зерттеу .
























I бөлім. Салықтар және салық салу механизмі
1.1.Салықтардың экономикалық мәні және маңызы.

Салықтар дегеніміз- мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер.
Салықтар– шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория.
Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді.
Экономикалық мазмұны жағынан салықтар- бұл заңды белгіленген ретпен тұрғындардан, кәсіпорындар мен мекемелерден алынатын міндетті төлемдер жүйесі.
Салықтарды мынадай белгілері бойынша топтастырамыз:
1. Салық салу объектісіне байланысты.
2. Қолданылуына қарай.
3. Салық салу органына байланысты.
4. Салық салу объектісін бағалау дәрежесіне қарай.
5. Экономикалық ерекшеліктеріне байланысты.
Салық салу объектісіне қарай салықтар тікелей және жанама салықтар болып жіктеледі.
Тікелей салықтар жалғаусыз немесе тікелей табысқа немесе мүлікке салынады.
Тікелей салықтарға мына салықтар жатады:
• Заңды және жеке тұлғалардың табысына салынатын салық;
• Мүлік салығы;
• Жер салығы;

• Бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларға салынатын салық;
• Көлік құралдарына салынатын салық және т.б.;
Жанама салықтар – тікелей емес, жанама түрде тауар немесе қызмет құны арқылы алынады. Жанама салықтарға мына салықтар жатады:
• Қосылған құнға салынатын салық..
• Акциздер.
• Баж салығы.
Жанама салықтарды сатушы емес сатып алушы, яғни тұтынушы төлейді. Тауар немесе қызмет бағасына алдын-ала салық енгізілгендіктен, іс жүзінде оны бюджетке сатушы аударады.
Бюджетке түскен соң қандай шараларға жұмсалатын белгісіне қарай салықтар жалпы және арнайы салықтарға бөлінеді.
Жалпы салықтарға жататын салықтар: заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық , акциздер, т.б.
Арнайы салықтар бюджетке түскен соң алдын-ала белгіленген міндеттер бойынша, нақтылы шараларға жұмсалады. Мысалы: көлік құралдарына салынатын салық. Бұл салықтар жол қорын құрауға жұмсалады.
Экономикалық белгісіне қарай салықтар табысқа салынатын салық және тұтынушыға салынатын салық болып жіктеледі.
Табысқа салынатын салықтар салық төлеушінің кез- келген салық салынатын объектісінен түсетін табысынан алынады. Олардың қатарына мына салықтар кіреді: жер салығы, мүлік салығы, т.б.
Тұтынуға салынатын салықты, салық төлеуші тұтынушы ретінде тауар немесе қызмет ақысын төлеген
кезде өзінің шығынан төлейді.
Тұтынушыға салынатын салыққа қосылған құнға салынатын салық және акциздер жатады.
Салық салу объектісін бағалау дәрежесіне қарай салықтар нақтылы және дербес салықтар болып жіктеледі.
Нақтылы салықтар- салық төлеушінің салық салу объектісінен алынатын табысының мөлшеріне байланысты емес, яғни салық төлеушінің мүлкінің сыртқы белгісіне қарай алынады.
Оларға жер салығы, мүлік салығы, бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларға салынатын салықтар жатады.
Дербес салықтар салық төлейтін объектісінен алынатын табыс салығы жатады.
Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады.
Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаражат көздері қажет. Салықтар – мемлекеттің тұрақты қаржы көзі.
Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады.
















1.2.Салықтың атқаратын қызметі.

Нарықтық жағдайда салықтар мынадай негізгі қызметтер атқарады:
1.реттеушілік;
2.фискалдық;
3.қайта бөлу;
Реттеушілік қызметі- салықтың ең негізгі қызметі. Осы қызмет арқылы салықтар ел экономикасына өз
ықпалын тигізеді, яғни салықтық реттеу жүзеге асады. Салықтық реттеудің ең басты мақсаты- өндірістің дамуына ықпал ету. Салық түрлері, салық ставкалары, салық жеңілдіктері, салық салу әдістері салықтық реттеудің тетіктері болып саналады.
Салықтық реттеуде салық ставкалары мен салық жеңілдіктерінің алатын орны ерекше. Себебі ғылыми негізделген, шектен тыс жоғары қойылған ставкалар кәсіпкерлердің ынтасын төмендетіп, өндірістің қарқынын бәсеңдетеді, ал шектен тыс төмен қойылған ставкалар салық төлеушінің жауапкершілігін азайтып, өндірістің төмендеуіне және мемлекеттік бюджет кірісінің азаюына әкеледі.
Салықтардың екінші қызметі- фискальдық немесе бюджеттік қызметі. Бұл қызмет


Скачать


zharar.kz