Есет Көтібаровтың хиуалықтарға қарсы күресі

Скачать

Арал өңірінің қазақтары Есет Көтібаров пен Жанқожа Нұрмұхамедовтің жетекшілігімен отаршылдық езгіге қарсы көтерілді. Олар екі бөлікке: Үлкен шекті және Кішкене шекті болып бөлінетін шекті руынан шыкқан еді. Біріншісіне - Есет Көтібаров, ал екіншісіне Жанқожа Нұрмұхамедов басшылық етті.
Есет Көтібаров (1807-1888) Көтібар батырдың ұрпағы болатын. Оның өзі қарайтын Үлкен шекті руы арасында ғана емес, сонымен қатар қазақтардың көршілес адай, табын, шөмекей, төртқара, Кішкене шекті рулары мен басқаларының арасында да зор беделге ие болды. Есет Көтібаров Жоламан батырмен бірге орыстардың Елек бекінісіне шабуыл жасады, ал 1847-48 жылдарда Жанқожа Нұрмұхамедовпен бірлесе отырып, Сырдарияның төменгі ағыстарында хиуа және қоқан жаулап алушыларына қарсы күрес жүргізді.
Есет Көтібаров хиуалықтарға қарсы күресінде Жанқожа Нұрмұхамедовке талай рет көмек көрсетті. Ол былай тұрсын, Хиуа ханы Жанқожадан сұлтандардың ғана емес, батырлардың да қолымен құтылуға тырысты. 1844 жылы ол Есет Көтібаровқа мынадай хат жіберді: «Жеңілуді білмейтін, жеңімпаз жаулап алушы Хорезм шахы.
Кұрметті, қадірлі және адал Есет батырға!
Хан мейірбандығымен және сыйластығымен сендіріп және үміттендіре отырып, егер сен Тілеуқабақ руының батыл жігіттерімен ауыз біріктіріп Жанқожаны ұстап алсаң немесе өлтіріп әкеп берсең, сөйтіп менің тапсырмамды орындап шықсаң, шексіз құрметке, мейірбандық пен қамқорлыққа, басқалардың алдында ізетке және ықыласқа бөленетінің күмәнсіз. Ал олай болмаған жағдайда мен Тілеуқабақ халқын тас-талқан етемін.
Қасиетті Рамазан айының 10-жұлдызы күні 1260 жылғы дүйсенбіде жазылды».
Әлбетте, халық батыры Жанқожанын туысы Есет Көтібаров Хиуа ханының арандатуына көнбеді, қайта керісінше, хиуа басқыншыларына қарсы күресте Жанқожаға барынша көмек көрсетті.
XIX ғасырдың елуінші жылдарында Есет Көтібаров орыстардың отарлауына қарсы белсенді күрес жүргізіп, Арал теңізіне беталған Ресей әскерлеріне қатты қарсылық көрсетті. Бұл жөнінде В.В.Григорьев былай деп жазды: «Ең әрі дегенде 50-жылдарда далада Есет Көтібаров пайда болды. Ол Акмешітті ашу үшін жарақтандырылып жатқан экпедицияға түйелер беруден бастартты. Билеуші сұлтан Арыстанды өлтірді. Есет оны ұстауға жіберілген біздің отрядтардан қашып, үш жыл қатарынан далада жортып жүрді».
1847 жылғы 18 шілдеде Жем ауданында Е.Көтібаров өз адамдарымен Орынбор және Орал әскерлерінің 200 қазағынан және патша әскері қатарында қызмет еткен сұлтандар басқарған 120 қазақтан құрылған жазалау отрядына шабуыл жасады. 30 адамнан айырылған көтерілісшілер Жемнің жоғарғы ағыстарына өарай шегінуге мәжбүр болды. Үкімет әскерлері ізіне түскен олар Арыс-Бұрта және Имеш-Шаған алқаптарына жасырынды.
С. Асфендияров Есет Көтібаровтың әскери шеберлігі туралы былай деп жазды: «Көтібаровты ұстау үшін отрядтар жіберілді, бір жіберілген отряд жақсы жасақталған болатын, бірақ табысқа жетпеді. Есет өзінің жер жағдайын білетіндігін тамаша пайдаланды, былайша айтқанда көзден ғайып болды».
Орынбор өкімет орындары өзіне Есетті қайткенде де ұстауды және оны патша үкімегін мойындауға мәжбүр етуді мақсат етіп қойды. Оны ұстауға подполковник Кузьминскии мен Дерышев, сондай-ақ майор Михайлов басқарған жазалау отряды жіберілді. Олар көтеріліске қатысушыларды және Арал теңізінің Оңтүстік Батыс жағалауындағы бейбіт халықты аяусыз жазалады. Бұл қанқұйлы оқиға алдыңғы қатарлы орыс жұртшылығынын үлкен ашу-ызасын туғызды. А.И.Герцен шығарып тұрған «Колокол» журналы: «Атам заманнан бергі соғыстар немесе монғол шапқыншылықтары кезінен бері қанішерлігі жөнінен полковник Кузьмин (Кузьминскии) мен майор Дерышевтің шапқыншылығындай ешбір зұлымдық болған емес...»— деп жазды.
Орынбор генерал-губернаторы көтерілісшілерді басу үшін жазалау отрядтарының бірінен кейін бірін жіберді. Бірақ Есет ауылдары мен ауыр жүктерін дер кезінде борсық құмдары мен үстіртке көшіріп жіберуге үлгіріп отырды. Ол өз жігіттерін екі топқа бөлді, олар даламен жүріп отырып, орыс керуендеріне шабуыл жасады және жазалау отрядтарымен ұрыстар жүргізді .
Бұл жылдарда Үлкен шекті, табын руларының көп бөлігі Үргі,Тайлы алқабына және Қоңырат өңіріне көшіп барды. Кейде Есет Көтібаровтың өз туысы Әзберген Мұңайтпасов бимен бірге Қоңыратқа жақын Әзберген деген жерді қоныстанған кезі де болды.
Алайда Әзберген ауылдарының орналасқан жері хиуа ханының ойынан шықпады. Сондықтан 1859 жылы ол Әзберген Мұңайтпасовты Әмударияның сол жағасынан он жағасындағы Дәуқара деген жерге күштеп көшіруге тырысты. Бұл жөнінде орыс жансыздары Перовск әкімшілігіне былай деп баяндады: «Қоңырат түбінде шегінерден бұрын хиуа ханының інісі Әміре Әмудария сағасындағы бекіністе қоршауда қалған қазақтың биі Әзбергеннің сол өзеннің оң жағасына өтуіне және Дәуқараға көшіп кетуіне жәрдемдесу үшін қайық жинауға бұйрық берді. Бірақ өз ниетін орындап үлгере алмай Хиуаға қайтып баруға мәжбүр болды... Сыбыстарға қарағанда Әзбергенде 7500-ге дейін шаңырақ бар, ол өзіне қарасты малдың бір бөлігін Дәуқараға жіберіп те үлгерген, бірақ оның өзі ол жаққа өтуге батылы бармай отыр».
Есет Көтібаров көтерілістің соңғы жылдарында, яғни 1857-58 жылдарда Қоңырат қазақтарының арасында болды. 1857 жылғы 21 маусымда Перовск ортының жедел қимыл қызметкерлері «бүлікшіл Есет Көтібаров қазір өз ауылдарымен бірге Арал теңізінің жағалауына жақын хиуалық Қоңырат қаласына жақын жерде отыр» деп атап өткен.
1858 жылы қазақтың ішінде Есет Көтібаров та бар бірнеше билері, полковник Игнатьев басқарған Хиуаға орыс дипломатиялық миссиясын Коңыраттан Хиуаға дейін бастап барды.
Есет Хиуаға Ресейге қарсы күресті жалғастыру үшін ханнан көмек алу мақсатымен барған еді. Бастапқыда хан Есетке 2500 адам бөлуге уәде берді, бірақ кейін хан өз уәдесінен айнып қалды.
Орыс әкімшілігі көтеріліске шыққан қазақтар арасына қазақтың рулық үстем топтары қатарынан тыңшылар жіберді. Орыстың жазалаушы отрядтары Есет Көтібаровты қолдаған бірнеше руларды шапты, олардың малын айдап, дүние-мүлкін алып кетті. Бірақ Есет Орынбор ведомствосы жазалаушы күштерімен күресін дегенмен де жалғастыра берді. 1858 жылы ғана ол патша өкіметінің бейбіт шарттарын өз еркімен қабылдады. Бұл жөнінде В.В.Григорьев: «...бірақ Есетті дегенмен қолға түсіре алмады. Ол өзіне кешірім жасауға уәде берілген кезде генерал-губернатор Катенинге кейіннен өз еркімен келді», - деп жазды. Есет Көтібаров патша өкіметіне адал қызмет етуге ант берді. Ол дистанция бастықтары сияқты түтін салығын төлеуден босатылды. Есет өз сөзінде тұрып патша өкіметіне қызмет көрсетті. Ол Үлкен шекті руы басшыларының бірі болып саналды, сондай-ақ Қырғыз уездік бастығының көмекшісі болып тағайындалды. 1873 жылы ол Орынбор отрядының құрамында хиуа жорығына қатысты. Осы жорық үшін оған «Адалдығы үшін» алтын медалі берілді.
80 жылдан астам өмір сүріп, Есет Көтібаров қайтыс болды және Ақтөбе облысындағы Шалқар станциясына жақын Шолақ жиде деген жерде өз руының зиратына жерленді.
Тағы бір тарихи тұлға - Жанқожа Нұрмұхамедов (1780—1860) Арал өңіріндегі қазақтардың Хиуа және Ресей отаршылдығына қарсы азаттық күресін басқарды.
Жанқожа Нұрмұхамедов өзінің бүкіл өмірін Арал өңірі қазақтарының тәуелсіздігіне арнаған аса ірі тарихи тұлға. Ол ХІХ ғасырдың бірінші ширегінде Хиуаның зұлымдығына қарсы күрескен Арынғазы Әбілғазиевтің істерін ілгері жалғастырды. 1836 жылы Жанқожа өз жауынгерлерімен бірге Әмудария мен Сырдария арасында орналасқан Хиуаның тұрақты әскерлеріне қарсы күрес бастады. 1842 жылдың күзінде оның әскері Хиуаның ірі бекінісі Бесқаланы қиратып, қала коменданты Бабажанды, сондай-ақ оның баласы Майқараны тұтқынға алды. Қазақтарға қатыгездік көрсеткені үшін Бабажан қазыққа отырғызылды, ал оның баласы жас болғандықтан босатылып жіберілді. 1843 жылы Жанқожаның жасағы Қуандариядағы Хиуа бекінісін қиратты, ал 1845 жылдың көктемінде Хиуа ханы Сырдарияның төменгі ағысындағы қиратылған бекіністерді қалпына келтіру үшін жіберілген саны екі мың адамға жететін хиуа әскерін тас-талқан етіп қиратты. Бұл туралы Жанқожа Орынбор бекінісінің бастығына: «Хиуалықтар біздің жерімізге бекініс салды, бірақ біз оны қираттық. Ал қақтығыс кезінде көптеген хиуалықтарды өлтіріп, кейбіреулерін Хиуаға қуып жібердік», - деп хабарлады. Кенесары Қасымовпен бірге Жанқожа Сырдарияның төменгі ағыстарында орналасқан қоқандықтардың әскери бекіністері: Жаңақорғанға, Күмісқорғанға, Шымқорғанға, Қосқорғанға шабуыл жасады. 1845 жылы Кенесарының өтініші бойынша Жанқожа қоқандықтардың Созақ бекінісін алуға қатысты.
1846 жылы хиуалықтардың Жанқожа тойтарыс бере алмаған шабуылдарының бірінен кейін ол шекаралық орыс өкімет орындарына: «Енді біз Ырғызға барамыз, өйткені біздің жүрегімізде Сіздермен достық байланысқа ешқандай қара ниет жоқ». - деп жазды. Бұдан кейін ол «хиуалықтарға жорыққа әзірленетінін, өйткені олардан үнемі қысым көріп отырғанын хабарлады». Бұл орайда батыр Хиуаға қарсы күресте өзіне көмек көрсетуді сұраған. 1847 жылы Жанқожа саны көп жасағымен Хиуаның Қожанияз қала бекінісін қиратты, бекініс гарнизонының тас-талқанын шығарды.
Ресейдің Арал өңірін жаулап алуы халық бұқарасының жағдайын жеңілдетпеді. Салықтың екі есе көбейтілуі, қоныс аударушылар мен шенеуніктердің пайдасына қазақтардан суармалы жерлерінің алып қойылуы Ресей отаршылдығының Хиуа қолшоқпарларының отарлауынан еш артықшылығы жоқ екеніне барған сайын қазақ шаруаларының көзін жеткізе түсті.
Бой көрсетуге патша шенеуніктерінің Сырдария қазақтарының Жанқожа Нұрмұхамедов. Сұлтанбөрі және басқалар сияқты рулық үстем топтарының кейбір өкілдерінің мүдделері мен кісілігіне қысым жасауы себеп болды. Мысалы, тілмаш Ахметов өз қолшоқпарларының бір тобын Ж.Нұрмұхамедовтың ауылына жіберіп, онда да өз пайдасына «сыйлықтар» жинауға бұйрык берген. Бірақ батыр Ресей заңы бойынша да ешбір жағдайда мұндай алым орын алмауға тиіс екенін мәлімдеп, қандай да болсын алым жинауға рұқсат етпеді. Жанқожаның қарсы қимылына ашуланған Ахметов ауылға өзі келіп, «өз бұйрықтарына қарсылық көрсеткені үшін» айыппұл өндіріп ала бастады. Ақыры Ж.Нұрмұхамедов наразы қазақтардың қозғалысын өзі басқармақ болып ұйғарды.
1856 жылдың желтоқсанында Сырдария қазақтарының қарулы күресі басталды. Желтоқсанның ортасына қарай көтерілісшілер саны үш мың адамға дейін жетті. Көтеріліс орталығы Хиуаның бұрынғы Жаңақала бекінісі болды. Орал бекінісінің бастығы Михайлов Сырдария шебінің бастығы Фитипгофқа құпия хабарламасында «Жанқожаның қарақшылары арасында қарасақалдар, Кішкене шектілер және төртқаралардың бір бөлігі бар» деп хабарлады. Бұл рулар Әлімұлы тайпасына жататын еді. Ұрыс қарсаңында дерлік (1857 жылғы 9 каңтарда) көтерілісшілерге шекті руының бірнеше жүз қазағы қосылды.
Көтерілісшілерді бұдан бұрын аталған Кішкене шекті руының ірі ру жетекшісі, қартайған Жанқожа Нұрмұхамедов батыр басқарды. Ірі байлар: Сұлтанбөрі, Дабыл, Қожа Баймұхамед және басқалар оның серіктері болды. Бұл көтеріліске шектілердің ғана емес, Сырдарияның төменгі ағысында қоныстанған басқа рулардың да өкілдері қатысты.
Көтерілісшілерлің едәуір бөлігі жаяу адамдар болатын. Көтерілісшілер қатарында жаяу қазақтардың болуы көтеріліске қатысушылардың әлеуметтік құрамын сипаттайды. Олар шотпен, сойылмен, кетпенмен қаруланған болатын, азын-аулақ адамдарының ғана мылтықтары болды.
1856 жылғы желтоқсанның орта шенінде Жанқожаның қосынында 1500 көтерілісші болды. Ол орта есеппен алғанда 150-200 адамдық бірнеше шағын жасақ ұйымдастырды, олар орыстардың № 1 Қазалы форты мен Перовск фортының бекіністеріне жақын жерге орналастырылып, күтпеген жерден Сырдария шебіне шабуыл жасады. 1856 жылғы желтоқсанның аяғында Қазалыны көтерілісшілер қоршап алды.
28 желтоқсанда форт бастығы Перовскийге былай деп жеткізді: «Қазіргі уақытта солтүстік жағын қоспағанда фортты бүлікшіл қазақтардың жер-жерде шашыратылып орналастырылған қарақшылары қоршауға алған, олар біздің отрядтың кез келген қозғалысы жағдайында дала түкпіріне кетіп қалады. Сондықтан да гарнизон жыртқыштардың бекініске шабуылын күтіп алуға және сонан соң пішен тасып алумен, форттың әлсіз жақтарын қорғаныс жағдайына келтірумен қызу айналысып отыр».
Кенеттен бұрқ еткен көтеріліс мазасыздандырған Орынбор генерал-губернаторы Перовский Сырдария шебінің командашысы Фитингофқа көтерілісті басу үшін жорыққа дереу әскер жіберуге өкім берді.
Жанқожа жетекшілік еткен көтерілісшілер Қазалы фортына шабуыл жасауға мұқият әзірленді. 1857 жылдың каңтарында көтерілісшілердің қатары бес мыңға жетті.
Перовскийдің нұсқауын орындай отырып, Фитингофтың отряды 9 қаңтарда жолға шықты. Оның құрамына 300 қазақ, 320 жаяу әскер кірді. Олардың 54-і алысқа ататын мылтықпен қаруланған еді, 1 зеңбірегі және 2 ракеталық станогы болатын. Көтерілісшілермен кақтығыс нақсол күні Арықбалықалқа-бында болды. Камыс арасында отырган қазақатқыштары жазалау отрядының ту сыртынан оқ жаударды.
Күндізгі сағат 2-де Фитингофтың отряды шабуылға шығып, қоян-қолтық шайқас болды, соның салдарынан көтерілісшілердің негізгі күштері жеңіліс тауып, олардың ауылдары аяусыз жазаланып тоналды. Қазақ отрядтары тұрғындардың малын тартып алды, қолға түсірілген ірі қараның өзі ғана 20 мыңнан асты.


Скачать


zharar.kz