Еңбек ақыны талдау

Скачать

Шаруашылық субъектілерінде жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін кейбір төлемдердің мөлшері олардың өткен уақыттағы алған еңбекақысының орташа мөлшеріне байланысты есептелінеді. Орташа еңбекақының сомасына байланысты есептелетін мұндай төлемдерге мыналар жатқызылады:
1. Мемлекет немесе қоғамдық міндеттерді атқарған уақыты үшін төленетін төлем.
2. Қызметтік іс-сапарында болған уақытқа төленетін еңбекақы.
3. Жас сәбилі аналарға демалу және баланы тамақтандыру үшін берілетін үзіліске төленетін төлем.
4. Жас өспірімдердің қысқартылған еңбек уақытына төленетін төлем.
5. Өндірістен қол үзіп немесе қол үзбей оқитын жұмысшы-қызметкерлерге емтихан тапсыратын уақыттағы (сессия уақытында) жұмыста болмаған уақыттарына төленетін төлем.
6. Амалсыздан жұмысқа шықпаған уақытқа төленетін төлем.
7. Ауыл шаруашылық жұмыстарына (егін жинау, мал азығын дайындау, тағы басқалар) қатысқан уақыттары үшін жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін төлем.
8. Жұмысшылар мен қызметкерлерге е4бек демалысы немесе пайдаланбаған еңбек демалысы үшін төленетін төлем.
9. Зейнетақы, табыс салығы және жылдық жұмыс нәтижесі бойынша сыйақы есептеу, тағы басқалар.



Орташа еңбекақыны есептегенде шаруашылық субъектілері пайдаланып жүрген заңдарға сәйкес мына тәртіптерді басшылыққа алу қажнт. Нақтылы жағдайларға байланысты орташа еңбекақы қай мерзімге есептеу керек екендігіне қарай бөлінетін. Осы күнгі қолданылатын заңдаррға сәйкес орташа еңбекақы мынадай уақыттарға (мерзімдерге) есептелінеді.
– жұмысшылар мен қызметкерлерге зейнетақы есептеу үшін зейнеткерлік демалысқа шығар алдындағы соңғы он жыл ішіндегі кез келген бес жылдың орташа еңбекақысы;
– жұмысшылар мен қызметкерлерге жыл сайынғы еңбек демалысына баратын уақытына немесе жұмыстан босатылатын және пайдаланбаған демалысы үшін, сондай-ақ балалы болған кездегі әйелдерге берілетін демалыс үшін, амалсыздан жұмысқа шықай қалғаны үшін, еңбекке уақытша жарамсыздыққа жәрдемақы төлеу үшін және тағы да басқа жағдайларда соңғы он екі айдың орташа еңбекақысы алынуға тиіс.
Егер бұл жоғарыда айтылған төлемдерді есептеу барысында жұмысшы-қызметкерлер он екі ай жұмыс істемеген жағдайда, онда орташа еңбекақыны есептеуге дейінгі толық істеген уақыты алынады. Еңбек демалысына төленетін төлемдерді есептеу барысында демалысқа барар алдындағы он екі айдың еңбекақысы жартылай сақталынған, (ауырған күні, ауырған аадамға қараған уақыты, оқу орындарында оқитын студеттерге берілген демалыс, т.б.) уақыттары алынып тасталады. Осы жоғарыда айтылатындарды есептеу кезінде толық бір айда қалмаған жағдайда демалыс үшін төленетін сомасын жұмыс істеген күндерінің санына бөліп есептйді. Шаруашылық субъектілерінде жұмысшы қызметкерлерге жыл сайынғы берілетін демалысы немесе пайдаланбаған демалысына төленетін төлемдерді есептеу үшін орташа еңбекақыны есептегенде төлеу жүйелеріне қарамастан төленген төлемдердің мына түрлері алынады:
Шаруашылық субъектілерінде жұмысшылар мен қызметшілердің кезекті еңбек демалысында немесе пайдаланбаған демалысына төлем төлеу үшін, сол

демалысқа барар алдындағы 12 айдың еңбекақыларының қосындысын 12-ге бөліп, орташа еңбекақыны табамыз. Бұл табылған соманы әр жылдың күнтүзбелік күндерінің санын( мейрам күндеріненбасқа) 12-ге бөлу арқылы табылатын коэффциентке (29.75) бөлу арқылы еңбек демалысының бір күніне тиісті төлем сомасының мөлшерін анықтаймыз. Еңбек демалысының күндерінің санына байланысты бір күнге тиісті төлем мөлшері демалыс күніне көбейтіліп , жалпы сома анықталады. Егер жұмысшы-қызметкерлер есеп айырысу кезеңіндк, яғни демалысқа барар алдында 12 (он екі) ай бойы
еңбекақы алмаған жағдайда, мысалы: баланы күту үшін еңбекақы сақталынбайтын демалыста болғанда, оның әр жылғы еңбек демалысы үшін төленетін төлемді есептеу үші осы мезгіл алдындағы 12 айдың орташа еңбекақысы алынады.



3. Еңбек ақы жүйесін жетілдіру жолдары.
Еңбек жүйесінің маңызды элементі болып оның техникалық мөлшерленуі яғни еңбектің күрделілігіне, жұмысшылар мен қызметкерлердің мамандықтары дәрежесіне қарай жұмыстың әр түріне кететін жұмыс уақытының мөлшерін анықтау болып саналады.
Еңбек ақы жүйесін жетілдірудің бір жолы қосымша еңбек ақы мәселесін толықтырумен тікелей байланысты болады. Қосымша еңбек ақы төлеу мәселесі ұжымдық шартта әрбір жұмысшы-қызметкермен жекелей жасалған еңбек шартында қаралады. Жалпы еңбек заңы бойынша қосымша еңбекақы төлеу төмендегідей жүргізіледі.
– Мейрам күнінің алдындағы қысқартылған жұмыс уақытына еңбекақы есептеу және оны төлеу.
– Жас өспірімдерге еңбекақы төлеу,яғни әр жастағы балаларға берілген уақыт бойы жұмыс істеу керек. Бұл Қазақстан Республикасының Заңында
нақтылап көрсетілген. Себебі жас өспірім балаларға жұмыстың ауыр түрін істеуге рұқсат етілмейді, Оған тиым салынады.
– Жас сәбилі аналарға демалу және баланы тамақтандыру үшін берілетін үзіліс уақытына төленетін еңбекақы.
– Мемлекеттік қоғамдық міндеттер мен жұмыстарды атқарған уақытқа еңбекақы төлеу.Мемлекеттік қоғамдық жұмыстарға жұмысшылар мен қызметкерлердің атқарған немесе орындаған төмендегідей жұмыстары жатқызылады:
а) соттың мәжілісіне куә ретінде қатысу;
ә) мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың конференцияларына, пленумдарына, съездеріне қатысу;
б) әскери комисаряттың шақыруына бару және тағы басқалар.
– Түнгі уақытта істеген немесе атқарған жұмыс үшін төленетін төлем.Шаруашылық субъектілерінде кешкі сағат 22.00-ден ертеңгі, яғни таңғы 6.00- сағатқа дейінгі істеуге белгіленген жұмыс уақыты түнгі уақыттағы істелген (атқарылған) жұмыс уақыты болып есептелінеді.
– Біреудің орнына жұмыс істегені (атқарғаны) үшін төленетін еңбекақысы. Біреудің орнына уақытша атқарған қызмет деп – өндіріс қажетіне немесе басқару міндетіне сәйкес уақытша жұмыста жоқ адамның орнына оның қызметін немесе жұмысын басқа адамның атқаруын айтады.
– Жұмысшыларға өзіне берілген разрядттан төмен тарифтелген жұмысты атқарғаны үшін төленетін төлем.
– Жұмысшы-қызметкерлерге қан тапсырған күнге, яғни донорлық міндетті атқарған күнге төленетін төлем.
– Жұмысшылар мен қызметкерлерге жұмыстың тоқтап қалған уақытына төленетін төлем.
– Өнім өндіру барысында кездесетін ақау үшін төленетін төлем.
– Жұмысшы-қызметкерлердің мерзімнен тыс уақытта істелген жұмыстарына, атқаратын қызметтеріне төленетін төлем.
– Жұмысқа амалсыздан шықпай қалған уақытқа еңбекақы төлеу.


– Шаруашылық субъектісіндегі жұмысшы-қызметкерлердің еңбекке уақытша жарамсыздығына және сырқаттанған жанұя мүшелерінің күтімі үшін оларға берілетін уақытқа жәрдемақы төлеу.
Еңбек ақы жүйесін жетілдіру жолдары қазіргі кезде Республикамыздың бірден-бір проблеммасына айналып отыр.Оны қолға алу мақсатында көптеген қолдаулар жүріп жатыр.Қосымша еңбек ақы төлеу, еңбек ақы , яғни жалақыны көөбейту мәселелері қолға алынуда. Еңбек ақы жүйесін жетілдіру жолдарының кайнар көзі ,қосымша ақы төлеу, сыйлықтар беру, акциялар ұйымдастыру.т.б


Скачать


zharar.kz