XX ғасыр басындағы тарихи білім беру жүйесі

Скачать

XX ғасыр басында педагогтар тарихи білім беру ісінде оқыту әдістемесіне көңіл бөле бастады. Олар сабақтың құрылымын оқушылардың дербес танымдық әрекетін ынталандырып, олардың бойында білімге деген қажеттілікті қалыптастыруға бағыттауға тырысты. Олардың кейбірі бұл жолды көрнекілікпен оқытудан, екіншілері оқушылардың реферат пен баяндама дайындау жұмысынан, үшіншілері — тарихи дереккөздерін пайдаланудан іздеді. Ал кейбір әдіскерлер тіпті еңбекпен оқыту әдістемесін дәріптеді.
Тарихты оқыту барысында оқушылардың санасында нақты бейне қалыптастыруға ұмтылыс байқалды. Ол үшін карталар мен картиналар, суретті оқу кітаптары пайдаланылды. Саяхаттық жұмыс оқыту процесінің ажырамас бөлігіне айналды, тарих сабағына өлкетану материалдары кеңінен тартылдьі Осындай жұмыстар арқылы оқушылардың бойында дербес жұмыс істей алу дағдысын қалыптастыруға көп көңіл бөлінді.
Осы кезеңце сұрақ және жоспар әдісі кең тарады. Оларды мұғалім құрастырып, оқушыларға үй жұмысы ретінде беретін еді. Үйде де, сыныпта да оқулықпен жұмыс істеуге баса көңіл бөлінді. Оқушыларды мәтінді дұрыс оқуға, оқығаны бойынша жоспар құруға дағдыландырды.
Оқыту процесіне жаңадан іс жүзіндегі, зертханалық және драмалау әдістері енгізіле бастады. Іс жүзіндегі әдістің мәні тарихи дереккөздері негізінде жұмыс істеу. Көрнекті тарихшы, әдіскерлер И. А. Рожов, М. Н. Покровскийлер оқушылардың қызығушылығы мен игеруге оңайлығына сәйкес оқып, үйренетін құжаттарды таңдап алды. Олар тарих курсын жүйелі оқытып, тарих оқулығының өзін шетқақпай жатады.
Зертханалық әдіс оқушылардың тарихи құжаттармен, иллюстрациялық материалдармен және ғылыми көпшілік мақалалармен дербес жұмыс жасауға үйрету жүйесін қамтиды. Мұғалім оқушыларды тарихи зерттеудің зертханасына жетелеп енгізгендей болады, ал окушылар ғалым-тарихшыларға бұрыннан белгілі қарапайым жаңалықтарды өзі үшін алғаш рет ашады./10/
Белгілі әдіскер А. Ф. Гартвич әдеттегі сабақты оқушылардың рефераттарын оку және шіарды таңдауға арналған әңгіме өткізумен алмастырады. Бұл жерде мұғалімнің рөлі оқушылардың дербес жұмысына жетекшілік жасаумен айқындалады. Бұл әдістің ең басты мәні — оқушыларды дербес жұмыс жүргізуге үйрету. Сонымен бірге ол оқытудың драмалау әдісін ұсынады. Оның мәні — оқу процесінде оқушылардың тарихи оқиғаларға арнап шағын драмалық көріністер қоюы.
Рефераттау әдісі әдіскерлер Б. А. Влахопулов пен Н. П. Покотилоның ұсынған жаңалығы болды. Реферат дайындауды олар оқушылардың бойына дербес жүмыс Істей алу дағдыларын дарытатын негізгі тәсіл деп білді. Мәселенің тарихнамасымен танысқан оқушының реферат жүйесіндегі әрекеті бірнеше кезеңді қамтиды.
Бірінші кезеңде оқушы - ұсынған мақала, брошюра немесе шағын кітапты оқып шығады, конспсктілейді.
Екінші кезең бірнеше күрделі кітаптың мазмұнын баяндауға арналады. Оқушы кітап мазмұнымен мұқият танысып, рефератың жоспарын түзеді, одан әрі өз сөзімен кітап мазмұнын баяндайды.
Үшінші кезеңде бір тақырыпқа арналған бірнеше шағын кітап бойынша реферат дайындалады, ең бастысы — оқушы материалды мазмұндаудың өзіндік жоспарын жасай алуы тиіс.
Келесі кезеңде әртүрлі көзқарастағы бірнеше еңбектің мазмұны ортақ тұжырымға келтірілуге тиіс.
Соңғы, ең күрделі кезеңде жоғары сынып оқушылары құжаттармен жұмыс істеп, дереккөздерінің "шикі" материалдарын талдай алуы тиіс. Рефераттау жүйесінің кезеңдерге бөлінуі жоғары сынып оқушыларының өз ойларын мазмұндауды байланыстыра және сабақтастыра жүргізуіне көмейесіп, арнайы тарихи білімдермен бірге жалпы пәндер бойынша да білімдерін тереңдетуге мүмкіндік береді.
Оқушылардың танымдық әрекетінің, белсенділігін арттыруда әдіскер
М. Н. Коваленский тың әдіс ұсынады. Оның әдістер жүйесі ғылыми-көпшілік әдебиет, көрнекі құрал, оқу кітабы және оқулық сияқты оқыту құралдарын ұштастырумен байланысты. Жұмыс қорытындысы ретінде оқушылардың оқып-үйренген курсының барлық тақырыптары бойынша қысқа жазбаша есеп беріледі.
Ал, С. П. Сингалевич, В, Я. Уланов, К. В. Сивков сияқты әдіскерлер оқытудың қандай да болмасын әдістерін дәріптеудің қажеті жок деп есептейді. Оның үстіне ғасыр басындағы гимназияларда сыныпта және үйде дербес орындайтын әртүрлі оқулықтарды қолдану пайдалы деп есептелді.
XX ғасыр басында педагог кадрлар дайындауға көңіл бөліне бастады. 1911 жылы Мәскеуде екі жылдық педагогикалық институт ашылып, одан жоғары білімді мамандар тартылды. Оның тыңдаушыларының әдістемелік дайындығына көп көңіл бөлінді: бірінші курста әдістемеге аптасына төрт сағат, екінші курста үш сағат уақыт бөлінді.
Бұл кезеңде патшалық Ресей бодандығы қазақ облыстарында тарих пәні және оны оқытудың әдістемесі жаңа қоғамдық пәндер мен педагогиканың құрамында дамыды. Кейіннен, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, Қ. Сәтбаев, Ә. Ермеков сияқты педагог-ағартушылар жекелеген пәндер бойынша оку құралдарын жазып, жарыққа шығарды. Ал тарих пәні олар сияқты жүйеленіп, дербес пәнге айнала қойған жоқ.


Скачать


zharar.kz