Халық шаруашылығы барлық салаларында шағын кәсіпорындардың болуы дүниежүзілік практикада экономикалық тиімді іс болып табылады. Қазіргі замаңдағы экономикада ірі монополоистік шаруашылыққа тығыз байланысты орта және шағым деңгейдегі кәсіпорындар ара салмақтарының өзара байланысты көптеген факторлармен байланысты. Шынында ірі фирмаларында зор материалдық, финанстық, еңбек ресурстары және маманданған кадрлар бар. Олар жоғарғы дәрежеде ғылыми-техникалық шешімдер қабылдап, өндірістің технологиялық жаңа әдістерін қолдана алады. Ал, екінші жағынан, соңғы уақытта шағын және орта дәрежелі кәсіпкерлік істер орын алуда. Ол әсіресе күрделі қаражатты және қызметкерлер кооперациясын көп талап етпейтін, жұмыс салаларында пайда болады. Шағын және орта кәсіпорындар, әсіресе ғылыми жұмысты көп талап етпейтін салаларда және тұтыну тауарларын шығару салаларында балады.
Шағын фирмалардың ірі фирмалар мен салыстырғанда экономикалық тимділігі жергілікті нарыққа жақындығы, клиенттердің (тұтынушылардың) сұранысына икемділігі, шағын мөлшерде өндіруі. Шағын кәсіпорынға, өндіріске өндірістік және дербес тұтынудың сұранысының бөлінуімен байланысты өркендейді.
Шағын және орта дәрежелі деңгейдегі бизнес экономиканы жетілдіруге септігін тигізеді: бәсекелестік орта өркендейді, қосымша жұмыс орны пайда болады, тұтыну секторы ұлғаяды.
Шағын кәсіпорындардың дамуы нарықты тауар және қызметтермен толықтырады, экспорттың потенциалын арттырады және жергілікті шикізат ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды. Шағын кәсіпорын дүниежүзінде маңызды орын алады. Ол тек қана тұтыну сферасында емес, сол сияқты кейбір бөлек үзелдер мен механизімдерді шығару жағдайында немесе полуфабрикаттар өндіріп негізгі басты өндірісті қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Шағын кәсіпкерлік субъектілері жеке адамдар болуы да мүмкін.
Шағын кәсіпорын барлық халық шаруашылық салаларында жұмыс істейді. Ол қызметтер бір немесе бірнеше түрде болуы мүмкін. Бірақ ескеретін жағдай кейбір тауарларды шығару, қызмет атқару тек мемлекеттік кәсіпорындарға жүктеледі, ал кейбір атқару тек мемлекеттік кәсіпорындарға жүктеледі, ал кейбір тауарларды өндіру үшін арнайы ұлықсат (лицензия) керек етеді.
Шағын кәсіпорын өзінің шаруашылық әрекетінде дербестік мүмкіндігі бар: өндірген тауарын, салық төлемдерінен қалған пайдасын пайдалана алады.
Шаруашылық іс-әрекетіндегі басты жағдай – жоспарлау.
Шағын кәсіпорын өзінің жеке пайдасын арттыру мақсатында және кәсіпорынның өндірістік мүмкіндігіне қарай сұраныс бар тауарлар шығару мен қызметтер атқару үшін өзінің әлеуметтік дамуы негізінде жұмыстарын алдын ала жоспарлауы керек. Жоспардың негізінде (бизнес-жоспар) тауар алушылармен және шикізат, материалдар сататын кәсіпорындармен, өндіріске керекті өнімдермен жабдықтар туралы шарттар болуы керек.
Шағын кәсіпорын өзінің өндірген тауарларына, көрсеткен қызметтеріне бағаны тағайындайды немесе шарт бойынша келісілген бағамен сатды.
Кәсіпорынның финанс ресурстары оның ұйымдастыру – праволық формаларына байланысты, пайдада, амортизацияға шығарылған сомадан, бағлы қағаздарды сатқаннан түскен ақшадан, еңбек ұжымының мүшелерінің жарналарынан, пайдадан түскен несиеден т.б. заңғақарсы емес түсімдерден тұрады.
Ақша қаражттарды сақтауүшін және есеп айырысу, касалық операцияларды жүргізу үшін банкте есеп-айырысу және басқа түрлі шоттар аша алады.
Кәсіпорын несие шарттары есеп айырысу тәртібіне толық жауап береді. Есеп айырысу тәртібін орындамаған кәсіпорын сот арқылы банкрот болып жарияланады.
Жалпы негізде, шағын кәсіпорын шет елдік серіктестермен шарт жасап және шетел валюталық шотын аша алады. Белгіленген ережеге сәйкес шағын кәсіпорын өз бетімен дербес нарыққа шығып валюта табуына, оны сатып алуына оның ішінде аукциондарға да қатынасуға провалы.
Шағын кәсіпорын жұмысшыларына еңбек ақы төлеу мөлшері, оның жүйесі, түрі дербес шешілді. Шағын кәсіпорын заң бойынша кепілді еңбек ақы төлеуді қамтамасыз етеді, еңбек жағдайын, қызметкерлерін әлеуметтік қорғау шараларын орындайды. Өзінің қызметкерлеріне қосымша демалыс, қысқартылған жұмыс күнін, тағы басқа жеңілдіктерді қолдана алады.
Заң бойынша шағын кәсіпорын қызметкерлеріне қауіпсіз еңбек етуіне және олардың денсаулығына, еңбек қабілетіне келтірілген зиянды толықтыруға жауапты.
Шағын кәсіпорын қызметкерлеріне, мемлекеттік кәсіпорындарға белгіленгендей, әлеуметтік медициналық сақтандыру қолданады. Сондықтан шағын кәсіпорын әлеуметтік, медициналық сақтандыру үшін өздерінің жарналарын төлеуге тиісті.
1.2 Шағын бизнестің ерекшеліктері
Экономикалық тұрақты болуы және оның бәсекелік сипатын қалыптастырудың баты күштерінің бірі кәсіпкерлік жетілдіру болып табылады. Жалпы кәсіпкерлікті дамыту үшін бірнеше белгілі шарттар орындалуы қажет:
- кәсіпкерлік субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқығы болуы қажет. Ол – шаруашылық қызметінің бағытын таңдау, өндірістік, сауда бағдарламаларын анықтау, қаржы көзін таңдау, өнімдерді тасымалдау, өнімге баға белгілеу, табысты өз мұхтажына жұмсау:
- кәсіпкерлік қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуекелдікті қажет етеді. Қабылданған шешімдерге деген жауапкершілік болмайтын болса, ол кәсіпкерліктің де болмағаны;
- кәсіпкерлік қызметтің белгілі коммерциялық табысқа жетуге бағдар ұстауы, экономикада қажетті нарықтық құрылым орнатумен байланысты. Яғни кәсіпкерлік дамуы үшін оның құқықтық базасы, әлеуметтік-экономикалық шарттары қалануы керек.
Төртінші шарт жоғарыда аталған шарттардан туындайды. Еркін кәсіпкерлік меншіктің әр түрлі формада, түрде, типте болуын қалайды.
Кәсіпкерлік – қызметтің ерекше бір түрі ғана емес. Бұл тағы да бір белгілі стиль және тәртіптің типі, жинақтапайтсақ: үлкен бастама, дәстүрден тыс шешімдері іздестіру, тәуекелге бару, іскерлік қызметтің орын алар жері ең алдымен кәсіпорын.
Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың ең қарапайым формасы – ол жеке іскерлік. Бұл жағдайда кәсіпкер жеке тұлға ретінде өздігінен іс-қимыл жасайды. Жеке кәсіпкерліктің тағы бір түрі – жеке кәсіпорын, фирма. Бизнестің мұндай формасында мекеме құру құқы кез келген азаматта бар. Бұл үшін ол жеке кәсіпорында өткізіп, заңды тұлға мәртебесін алуы керек.
Монополизм нарықтағы еркін бәсекелестіктің мүмкіндігін жоя отырып, экономикалық өрлеуге кері әсерін тигізетіні белгілі, яғни капитал мен өндірістің жиынтығынқұрайтын монополизімің бойында қай кезде де тоқырау қаупі бар. Оған қарсы тұра алатын бірден бір фактор – ол әлемдік тәжірибеде кең етек алған, біздің елімізде де енді дамып келе жатқан шағын бизнес. Жалпы өркениетті елдердің қай қайсысын алсақ та өздерінің экономикалық және әлеуметтік мәселелерін шешуде шағын кәсіпкерлікке арқа сүйейді. Себебі шағын бизнес халықтың әл-ауқатына арттырумен қатар, қосымша жұмыс орындарының ашылуына да себебін тигізеді.
Кәсіпкерлік сектор нарықтық бәсекелестіктіңөзгеруіне өте сезімтал. Сонымен қатар экономикадағы бәсекелік сипатты қолдай отырып, орта топтың қалыптасуының негізін қалайды. Осындай әлеуметтік базаны дамытпастан нарықтық реформаларға жоғары баға беру мүмкін емес. Бұл сипаттаманың әділдігін экономиканың қолдаушы күші болған шағын бизнесті кең бағытта қолданған шет елдердің тәжірибесіайғақтайды. Мысалы, АҚШ-та жалпы өнімнің қырық пайызы және еңбекке қабілетті халықтың елу үш пайызы оның үлесі тиеді. Ірі корпарацияларға қарағанда шағын кәсіпорындар технологиялық жаңалықтарды анағұрлым көп игереді. Мұндай кәсіпорындар тауарларды экспортқа шығаруға мүмкіншіліктері мол. Олардың үлесіне: Германия, Италия, Жапония сияқты елдерде тауар экспортының қырық пайызы жуығы тиеселі екен.
Кесте деректері дәлелдеп отырғандай, шағын бизнес өркениетті елдерде әлеуметтік мәселелерді шешудің басты күші бола отырып, тұрақтылықтың кепіліне айналуда. Экономикалық және статистикалық мәліметтер бойнша шағын бизнес субъектілерінің рөлі тіпті дамыған елдерде артқаны байқалады. Шағын бизнес субъектілерінің санын арттырып, оларға көмек көрсете отырып, мемлекет экономикалық, әлеуметтік, әсіресе жұмыспен қамту мәселесін шешеді. Әдетте, шағын бизнестің дамуынан келесі мәселелер шешімін табады:
- қоғамдық қажеттіліктерді толық қанағаттандыратын бәсекелестік және нарықтық қатынастардың қалыптасуы;
- тауар ассортиментінің кеңеюі, қызмет көрсетуді жетілдіру, оның сапасының жоғарлауы;
- экономиканы құрлымдық қайта көрсетудің нақты тұтынушыларға бейімделуі;
- жеке қаражаттын өндірісті дамытуға жұмсалуы;
- қосымша жұмыс орындарының пайда болуы, жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі;
- адамның шығармашылық мүмкіндіктерін тиімді пайдалану;
- еңбекке қоғамның жекелеген кейбір топтарын тарту;
- жерді, шикізат қорын және ірі өндіріс қалдықтарын пайдалану;
- мемлекетттен тиімдігі және табысы аз кәсіпорындарды сатып алуы немесе қолға алуы.
Шағын бизнестің осындай, бақа да экономикалық және әлеуметтік функциялары шағын бизнесті дамыту мәселесін маңызы мемлекеттік міндеттер қатарына жатқызуға және экономиканы реформалаудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға негіз береді.
Шағын және орта кәсіпорындардың ірі ұйымдармен тиімді ынтымақтастық құруы келешегі зор бағыт. Шағын кәсіпорындар ғылыми – техникалық жетістіктерді қабылдауға анағұрлым қабілетті, нарықтағы сұраныс өзгерісіне оңай бейімделеді. Сондай – ақ ірі кәсіпорындарға тауарлар жеткізу мен қызмет көрсету құқығы үшін өзара бәсекеге барады, мұның өзі олардың тұрақты табыстарына кепілдік береді. Олар ірі кәсіпорындардың орнықтылығын және өндірістік этаптандырылуын қамтамасыз етіп, монополистік бағытқа қарсы әрекет береді. Шағын бизнес нарыққа консалтингтік, брокерлік, маклерлік, делдалдық, жарнама, қолданбалы зерттеу жұмыстары бойынша қызмет көрсетумен қамтамасыз етіліп, белсенді рөл атқарады.
Соңғы уақытта дамыған нарықтық экономикасы бар мемлекеттерде шағын бизнестің дамуы үлкен орын алып отыр. Егер 1950 жылдары АШҚ-та орташа шамамен жыл сайын 130 мың фирма тіркелсе, 60 жылдары – 220 мың, ал 70 жылдары – 350 мың , ал 90 жылдары жыл сайын 600 мың фирмаға дейін орташа шамамен тіркелген. Бұл құбылыстың себебі шағын бизнестің дамып отырған қоғамдық тұтынушылықты дер кезінде қанағаттандыра алу қабілетімен, ғылыми техникалық прогресс барысында өндірістік құрал – жабдықтардың жетілдігімен және аралас экономикадағы әр түрлі меншік формаларының біркелкі мүмкіндігімен түсіндіріледі. Шағын бизнес – шешім қабылдау мен оны жүзеге асырудағы еркіндік, іскерлік, нәтижелерге толы қ экономикалық және құқықтық жауапкершілік, сондай-ақ шығармашылық ынта және жігермен сипатталады.
Нарықты экономиканың субъектісі ретінде шағын бизнестіңартықтары мен кемшіліктері де бар. Шетелдік және отандық шағын бизнестің сипатын зерттей келе, келесі артықшылықтарды атап өткен жөн:
- жергілікті жерде шаруашылықты жүргізу жағдайында тез бейімдеу;
- шағын бизнес субъектілерінің іс-әрекет жасаудағы тәуелсіздігі;
- шешімдеу қабылдауда және оны іске асыруда бейімділік пен оперативтік;
- слыстырмалы түрде аз шығындар, әсіресе басқаруға жұмсалатын;
- жеке тұлғаның өз идеяларын іске асырудағы зоа мүмкіндіктерді, кәсіпкерліктердің дамуы;
- қорға деген аз сұраныс, өнімге және өндіріске өзгерістерді тез енгізу мүмкіндігі;
- капитал айналымның жоғары болуы.
Халықаралық еңбек бюросының баяндамасында шағын және орта кәсіпорындардың бірқатар бәсекелестік оартықшылықтары аталған. Бір қызметкерге шаққандығы қажетті қор мөлшерінің аз болуы, шағын кәсіпорындар жергілікті еңбек және материяалдық ресурстарды ірі кәсіпорындарға қарағанда кеңінен қолданады. Табысқа жету жолында жеке ынтаның басым болуы, кәсіпорын жұмысына да үлкен әсер етеді. Шағын бизнес субъектілері жергілікті нарықтағы сұранысты өте жақсы біледі, кей кезде нақты тұтынушының тапсырысы бойынша тауар тауар шығарады, кәсіпқой мамандары даярлайды. Кейбір мемлекеттерде тауар өндірісі, қызмет көрсету деңгейі бойынша шағын бизнес алдынғы орында тұрады.
Шағын бизнес субъектілерінің бірқатар кемшіліктері де бар. Негізгі кемшіліктері:
- тәуекелдің жоғары болуы;
- нарықтағы тұрақсыздықтың жоғары деңгейі;
- ірі кәсіпорындарға тәуелді болуы;
- басшылықтың біліктілігінің төменгі деңгейі;
- қаржы ресурстарын тартудағы қиындықтары;
- істі басқарудағы жетіспеушіліктер.
Әрине, шағын бизнес субъектілерінің сәтсіздіктері ішкі және сыртқы факторларға байланысты болады.
Тәжірибе көрсеткендей, шағын кәсіпорындардың сәтсіздіктері ұшырауы басқарушылық білімінің төмен болуына байланысты. Жұмыстың сәтсіз аяқталуының басты себептері:
- біліктіліктің төмен болуы;
- тәжерибенің жоқтығы;
коммерцияда, қаржы мәселесін шешудегі тәжірибенің аздығы;
- бизнеске салқын қарау;
- кәсіпкер денсаулығының нашар болуы немесе ерсі әдет – қылы қтар;
- алаяқтық;
- табиғи апаттар, өрт және т.б.
сонымен қатар өндірістік және сауда кәсіпорындары дебиторлық қарызлы өтеудегі қиындықтарды көрсетеді. Сауда саласында жоғарыда аталғандармен бірге дұрыс орынның болмауы және қойма шаруашылығын басқарудағы қиыншылықтар жатады.
Қазіргі уақытта шағын бизнесті жүргізу үшін арнайы білім қажет. Кей кезде шағын бизнестің басшысы жақсы коммерсант болғанымен, өндірістік мәселелерге ешқандай тәжерибесі жоқ болады және керісінше жағдай да болуы мүмкін.