“Салық” ұғымымен “салық жүйесi” ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатынсалық түрлерiнiң, оны құру мен алудың нысандары мен әдiстерiнiң, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттiң салық жүйесiн құрайды.
1991 жылға дейiн, яғни КСРО ыдырығанға дейiн елде көбiнесе экономиканы басқарудың әмiршiл- әкiмшiл жүйесiне, бағаларға қатаң мемлекеттiк реттеуге сәйкес келетiн салық жүйесi қызмет еттi. Бюджеттiң басты кiрiс көздерiнiң бiрi болған айналым салығы тiркелген бөлшек сауда және мемлекеттiк реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемендiкке ие болғаннан кейiн 1991-1995 жылдары қабылданған бiрқатар заңдарға сәйес республикада жаңа салық жүйесi қалыптасады.
1991 жылғы желтоқсанның 25- iнен бастап бiздiң елiмiзде тұңғыш салық жүйесi жұмыс iстей бастады. Ол “Қазақстан Республикасындағы салық жүйесi туралы” заңға негiзделедi. Бұл заң салық жүйесiн құрудыңқағидаттарын, салықтар мен алымдардың түрлерiн, олардың бюджетке түсу тәртiбiн белгiлеген алғашқы құжат едi. Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылғы қаңтардың 1-iнен бастап 13 жалпы мемлекеттiк салық, 18 жергiлiктi салықтар мен алымдар енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Үкiметтi 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзiмдi тұжырымдамасын қабылдап, онда елiмiздiң салық жүйесi мен салық заңнамасын бiрте-бiрте халықаралық салық салу қағидаттарына сәйкестендiру көзделедi. Осыған байланысты “салықжәне бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы” 1995 жылғы сәуiрдiң 24 Қазақстан Республикасының Президентiнiң заң күшi бар жарлығы шықты. Ендi бұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуiр қысқартылып, олардың саны небәрi 11 болып қалды. ҚР Президентiнiң бұл жарлығы ҚР 1999 жылғы шiлденiң 16- ғы 440-1 заңына сәйкес заң мәртебесiн алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және ҚР заңдарымен бұл заңға өзгерiстер мен толықтурылар енгiздi.
Салықтардың, оларды төлеушiлердiң, салықтарды алу әдiстерiнiң, салық жеңiлдiктерiнiң жиынтығының болатындығынан салық жүйелерiнiң әжептеуiр күрделi үлгiлерi болуы мүмкiн.
Барлық өркениеттi елдерде салықтардың бүкiл жиынтығы әр түрлi қағидаттар бойынша жiктеледi;
Салық салу обьектiлерi бойынша;
Салықты алатын және салықтан жиналған сомаға билiк жасайтын органға қарай;
Пайдалану тәртiбi бойынша;
Обьектiнiң экономикалық белгiсi бойынша;
Салықтарды салу обьектiсi бойынша олар тура және жанама салықтар болып бөлiнедi.
Тура салықтар- салық төлеушiнiң кiрiсi мен мүлкiнен тiкелей төленген салықтар. Олар өз кезегiнде нақты және жеке салықтарға жiктеледi. Нақты салықтар- салық төлеушiлердiң мүлкiнiң (меншiгiнiң) кейбiр түрлерiне (үй, жер, кәсiп, ақшалай капитал, т.с.с) салынады.Жеке тура салықтар-бұл жеке адамдар заңи ұйымдардың табыстары мен мүлкiне салынатын салықтар.Нақты салықтардан айырмашылығы жеке салық салу әрбiр салық төлеушiнiң жеке табысы мен мүлкiн де, оның қаржы жағдайын да ескередi.
Жанама салықтар- бағаға немесе тарифке үстеме түрiнде белгiленген салық төлеушiнiң кiрiстер мен мүлкiне тiкелей байланысты емес салықтар.Жанама салықтарға қосылған құнға салынатын салық, акциздер жатады.Жанама салықтарға сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтен түсетiн түсiмдер де жатады.
Жанама салықтар мемлекеттiң фискалдық мүдделерiн бiлдiредi.
Жанама салықтар салудың мәнi салықтың тауар бағасына (немесе қызметтiң тарифiне) қосылатындығында,кiрiктiрiлетiндiгiнде. Бұл жағдайда салықты тауардың(қызметтiң) нақты тұтынушысы төлейдi, алайда тұтынушы мен мемлекет арасында тiкелей байланыс болмайды.
Салықты алатын және оған билiк жасайтын органға қарай орталық( жалпымемлекеттiк) және жергiлiктi салықтарды ажыратады.
Пайдлану тәртiбiне қарай барлық салықтар жалпы және мақсатты (арнаулы) болып бөлiнедi.
Жалпы салықтар тиiстi деңгейлердiң бюджеттерiнде шоғырландырылады және жалпы мемлекеттiк қажеттiлiктердi қаржыландыруға пайдаланылады.Мақсатты(арнаулы)салықтардың нысаналы арналымы болады(мысалы,зейнетақы төлемдерiн қалыптастыру үшiн пайдаланылатын әлеуметтiк салық).
Обьектiнiң экономикалық белгiлерi бойынша табысқа салынатын салықтар және тұтынуға салынатын салықтар болып ажыратылады. Табысқа салынатын салықтар төлеушiнiң салық салынатын кез келген обьектiден алған табыстарынан алынады.Тұтынуға салынатын салықтар- бұл тауарлар мен қызметтер көрсетуi тұтыну кезiнде төленетiн шығынға салынатын салықтар.
Салық салу обьектiлерiнiң есепке алуы және оларды бағалау тәсiлдерiне қарай салық алудың мынадай 4 әдiсi қолданылады: кодастрлық,салық төлеушiнiң мағлұмдамасы бойынша,табысты алу көзiнен ұстап қалу,патенттiк негiзде.
Салық алуды ұйымдастыру.
Салық салуды ұйымдастыру салық қатынастары нысандарының элементтерiн, яғни салық түрлерiнiң нақты атауларын, сондай-ақ оларды қолданудың тәртiбi мен әдiстерiн, iс- қимылының тәсiлдерiн кiрiктiретiн салық механизмн құруға және оның жұмыс iстеуiне саяды. Салық мехаизмiнде өзара байланысты элементерден тұратын арнаулы нұсқаулық қолданылады.
ҚР қазiргi салық жүйесi салықтарды құру мен алудың нақты әдiстерiн анықтайды, салықтың тиiстi элементтерi арқылы салық салудың тәртiбiн белгiлейдi.
Негiзгi салық элементтерiне мыналар жатады: салық субьектiсi, салық салынушы, обьектiсi, салық базасы, салық салуды өлшемi, салық мөлшерлемесi, үлес(квота), салықпұл, салық жеңiлдiктерi,салық төлеудiң мерзiмi мен тәртiбi, салық төлеушiлер мен салық органдарының мiндеттiлiктерi мен құқықтары, салықтарды төлеудi бақылау,салық заңнамасын бұзғаны үшiн санкциялары және басқалары.
Салық субьектiсi немесе салық төлеушi.Ол – салықты және бюджетке басқа төлемдердi төлеушi тұлға,алайда нарық механизмi арқылы салық ауыртпалығы басқа тұлғаға- салық салынушыға аударылуы мүмкiн.
Салық салынушылар-нақты салық ауыртпалығы(салық жүктемесi) түсетiн жеке тұлғалар, түпкiлiктi салық төлеушiлер,яғни мемлекет азаматтары.
Салық обьектiсi.Мүлiк пен iс әрекеттер салық обьектiлерi және салық салуға байланысты обьектiлер болып табылады, олардың болуына байланысты салық төлеушiнiң салықтық мiндеттемесi туындайды.