Елімізде патриоттық тәрбиені қалыптастыру міндеттері.

Скачать

Қазақстан мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеудің өткені мен дәл бүгінгі таңдағы жай-күйін зерттеу барысында оның әдісі, тәсілі мен фор-маларының сан алуан болғанына және оларды бүгінгі күн жағдайына бейімдеп қолданудың мүмкіндігі мол екеніне көзіміз жетті. Бірақ, оның мазмұны кеңес дәуірінде (1970-1990 жж.) сол кездегі идеологияға қызмет еткендіктен, сыңар жақты болғаны да айқындала түседі, өйткені онда ұлттық патриотизм ескерілмей қалған. Сол себепті "ұлттық патриотизм", "ұлттық сана" деген секілді аса маңызды ұғымдар көп жағдайда терең зерделенбеген.
Қазақстан жағдайында осындай бір топ мәселенің басын ашып алмай тұрып патриоттық тәрбиені дұрыс жолға қою мүмкін емес екені анықталды. Республикамыз бір саяси құрылымнан екіншісіне ауысып, басқару жүйесі жаңа сападағы қарым-қатынасқа бет бұрған өтпелі кезеңде мектептегі тәрбие жүмыстары дағдарысқа ұшырағаны белгілі. Бұндай жағдайда замана ағымына қарата пайда болған тың ұғымдарды айқындап, оларға анықтама беру қажеттігі туындайды. Өйткені, ұғымдар арқылы оқушылар санасында білім қалыптасып, ол өз кезегінде оның іс-әрекетіне бағыт береді. Біздің пайымдауымызша, патриотизмге тәрбиелеуде сүйенетін негізгі ұғымдар: "ұлттық патриотизм" және "қазақстандық патриотизм". Ұғым дегеніміз - заттар мен құбылыстардың жалпы айырмашылықтарының белгілі бір жиынтығы негізінде ой жүргізу. Ол ғылыми және тәжірибелік білімдерді қалыптастыруда қолданылады. Ұғымдар негізінде пікір, ой тұжырымдар қалыптасып, ой қорытындылар мен пайымдаулар жаслады. Бұл жерде "ұлттық патриотизм" және "қазақстандық патриотизм" ұғымдары арқылы Отан, туған жер, ел, атамекен, мемлекет, туған өлке, туған халқы туралы нақты түсініктер берудің тиімділігі арта түспек. Ал түсінік дегеніміз - бір нәрсенің мағынасы мен мәнін ұғыну. Сөйтіп, "ұлттық патриотизм"
және "қазақстандық патриотизм" ұғымдарына анықтама беру, олардың мазмұнын құрайтын: отансүйгіштік сезімін дамыту, ұлттық салт-дәстүрді ұстану мен мемлекет рәміздеріне құрмет қалыптастыру, т.б. тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңейте түседі. Осыларды көздеп жүргізген зерттеу еңбегімізде педагог, психолог, философ ғалымдар мен ақын- жазушылардың ой-пікірлеріне сүйене отырып "ұлттық патриотизм" және "қазақстандық патриотизм" ұғымдарына анықтама беруге ұмтылдық. Сондай-ақ бұл ұғымның маңызын ашып көрсету жас буындарды тәрбиелеуде бүгінгі күннің кезек күттірмейтін қажеттігінен туындап отыр.
Адамның жеке психологиясының әскери қызметтегі маңызын аша келіп Б.Момышұлы "патриотизм - Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығы, қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, өзінің мемлекетке тәуелді екеніңді, мемлекетті нығайту дегеніміз жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм дегеніміз мемлекет деген ұғымды, оны жеке адамның барлық жағынан өткені мен бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасын біріктіреді" деп терең, жан-жақты анықтама берген. Қаһарман жазушы біз іздеп отырған "ұлттық патриотизм", "қазақстандық патриотизм" ұғымдарына философиялық анықтама беруге ұмтылған. Ол "ұлттық патриотизм - бұл ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті, өз халқына деген сүйіспеншілігі, өз халқымен қан жағынан да және шыққан тегі, территориясы, тілі, тұрмыс-тіршілігі, мінез-құлқы, психологиялық және этнографияльіқ ерекшеліктері қалыптасқан, тарихи дәстүрлері жағынан да әбден айқын әрі дербес басқа қасиеттері және ерекшеліктерімен де байла-нысты" дейді. Жазушының пікірін жіктей отырып бүгінгі патриотизмнің мазмұнын анықтау әбден мүмкін.(2)
Бұдан келіп шығатын тұжырым: Б.Момышұлы көрсеткен рухани ерек-шеліктерді сақтау ұлттық патриотизмнің критерийі болып табылады. Жаңа қалыптасып келе жатқан жас мемлекетіміздің болашақ азаматтарын патрио- тизмге тәрбиелеуде, міне, осылар оның негізгі ұғымдарын құрауы керек. Ойымызды айқындай түссек, Б.Момышұлы айтып отырған белгілердің педагогикалық негізі тұлғаның патриоттық сана-сезімін қалыптастыру, патриоттық іс-әрекетін ұйымдастыру, мінез-қүлқына патриоттық сипат беру, мектептегі оқу-тәрбие ісінің өзегі болуы керек. Бұл оқулықтар оқу-әдістемелік құралдардың мазмүнынан бастама алып, сабақтан тыс тәрбиелік жұмыстарда жалғасуы орынды.(3)
Қазақстандық патриотизмнің арқауы қазақ мемлекетіне деген сүиіспеншілік, ұлтына сенімі, нанымы, саяси көзқарасы, т.б. қарамастан, әрбір қазақстандық өзі өмір сүріп, күн көріп отырған мемлекетін - "Отаным" деп тануы, оның негізін салып отырған қазақ ұлтына сыйластық, оның заңдарына бас ию, рәміздеріне құрмет, жетістігіне сүйсініп, мақтану, кемшіліктерін болдырмау-дың жолын қарастыру қазақстандық патриотизмнің белгілері болуы керек де-ген ой келіп туады.(4) Қазақстан егемендік алғаннан кейін мерзімді басылымдарда "қазақстандық патриотизм" және "ұлтгық патриотизм" жайлы сұрақтар жарияланып, оған көптеген белгілі ғалымдар, ақын-жазушылар өз пікірлерін білдірген болатын. Сол пікірлерді және басқа да педагог ғалымдар мен философ-психологтердің пікірлерін зерттей келе біз бір кездегі "Советтік патриотизм" ұғымы "қазақстандық патриотизм" болуы керек деп түйдік. Оның туындап, қалыптасып, тәлім-тәрбие айналымына енуі өз қолымызда. Берілген сүрақттар бізге патриот адамдардың мінез-құлық, іс-әрекеті, ой-сана сезімдерінің белгілеріне қарап оған сипаттама беруге көмектеседі. Бұл өз ретінде жас буындардың көз алдына нақты мысалдарды көлденең тарту арқылы өнеге көрсетуге шарт түзеді.(5)
Туған халқымыздың өткен тарихына көз жіберсек, отансүйгіштіктің (патриотизмнің) керемет үлгілерін көреміз. Бүгінгі күні егеменді ел болып, қазақ деген ұлт болып отыруымыздың өзі ата-бабаларымыздың теңдесі жоқ ерлігінің арқасы. Тарихи мәліметтерден байқайтынымыздай, жоңғар шапқын-шылығы кезі мен одан бертіндегі ұлт азаттық көтерілісін алып қарасақ, ондағы батырлардың ешқайсысы бүгінгідей (кеңес дәуіріндегідей) жүйелі патриотизмге тәрбиелеудің тезіне салынбаған. Бірақ елін, жерін, Отанын қорғауда жанын, тәнін аяп қарап қалмаған. Осындай көптеген тарихи тәжірибелерден, сол кездегі отбасы тәрбиесіндегі отансүйгіштік сезімнің қалыптасуына ата-ана, ауыл аймағының ықпалының күшті болғанын көреміз. Өсіп келе жатқан жас буындардың бойында отансүйгіштік сезімнің қалыптасуына отбасындағы тәрбиенің ықпалын елемей қоюға болмайды.
Қоғамның өз азаматтарына қызмет етуі адамның өзіне байланысты екені
белгілі. Бұл - қоғамның жай-күйі оның әрбір азаматына байланысты деген сөз. Демек, Қазақ Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігінің нығайып дамуының басты шарттарының бірі оның азаматтарының патриотизмі. Адам-дар санасындағы бұрынғы кеңес одағы кезеңіндегі патриотизмнің мазмұны жаңа қоғамдық жағдайда біртіндеп жаңғыру үрдісін бастан кешіруде, бірақ, соны құндылықтар әлі қалыптасып бола қойған жоқ.
Жаңа тарихи әлеуметтік жағдайда патриотизм жаңа сипатқа ие болды, өйткені, енді Қазақстанда өмір сүріп отырған барлық халықтар Қазақ елі атын беріп отырған "Қазақстан" деген мемлекетке бірікті. Демек, олардың мүддесі, мақсаты, күн көріс жағдайлары да бір бағыт үстануы керек. Міне, осының өзі бұдан былайғы кезде "қазақстандық патриотизм" ұғымын қалыптастыру мақсатын қойып отыр. Ендігі кезеңде қазақстандықтардың күш-қуаты "қазақстандық патриотизмді" орнықтыруға жұмсалуы керек.
Патриоттық сезімнің объектісі мен қайнар көзі - Отан. Ал оның мазмұны туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар – жалпыұлттық құндылықтармен толықтыры-лады. Олардың адам көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің қайнар көзіне айналуы патриотизмге тәрбиелеудің арқауы.
Қазақстандық патриотизмге келсек, ол тек қазақтардың ғана өз Отанына сүйіспеншілігі емес, онда мекендеген бүкіл ұлт пен ұлыс өкілдерінің бәріне қатысты дүние. Алайда ешкімді елін, Отанын зорлықпен, күштеп не үгіттеп жел сөзбен алдап-арбап сүйгізе алмайсың. Елін сүю - әркімнің жеке ісі, өз арының ісі. Қасиетті сезім ананың сүтімен бірге езі келмейді, ол адам өсе, есейе келе өз ақылы өзіне жетіп, өз басымен тіршілік ете бастағанда адамзат-тың бойында біртіндеп қалыптасатын құдіретті сезім. "Бұл сезім әркімде әр кезеңде (яғни, әр түрлі жаста) оянып, кейін кәмелетке келгенде біржола буыны қатып, тәжірибемен, жаспен, уақытпен, біліммен, қоршаған ортаның ықпалымен, мемлекеттік және қоғамдық социалогиялық институттардың (балабақша, отбасы, мектеп, жоғары оқу орындары, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар, әр түрлі саяси ұйымдар мен қозғалыстар) әсерімен қалыптасады" деп көрсетеді Ә. Қалмырзаев.
Ұлттық патриотизмді ұлт және патриотизм туралы екі ұғымның жадағай қосындысы деп қарауға болмайды. Сондықтан біз бұл еңбегімізде тектілікпен туа біткен қасиеттердің тәрбие арқылы бекіп, нығаюы, елін, жерін шексіз сүйіп, соған қызмет ету, ұлттың барлық қасиеттерін ардақтау деп көрсетеді. Демек, ұлттық патриотизм дегеніміз қанмен, текпен туа бітетін, тәлім-тәрбие арқылы өсіп жетілетін ұлттық сипаттағы саналы іс-әрекет пен мінез-құлық.
Тарихи материалдарды, мұрағат қүұаттарын зерттеу, тарихи философиялық әдебиеттермен танысу, ғылыми педагогикалық және психологиялық мате-риалдарды зерттеп, талдау барысында және мерзімді басылымдарды зерде-леу нәтижесінде біз қазақстандық патриотизм деген терминнің кейінгі кезде пайда болғандығын және бұл ұғымның Қазақстанның егеменді ел болуына қатысты туындағандығына куә болдық. Ж.Кенжалин, Ә.Нұршайықов, З.Ахметова, т.б. қазақстандық патриотизмді Отанымыздың тәуелсіз мемлекет болуымен байланыстырады. Жоғарыда аты аталған және басқа бір топ педагог, психолог, философ ғалымдар қазақстандық патриотизм және ұлттық патриотизм туралы пікірлерін ортаға салған. Біз қазақстандық патриотизм ұғымына анықтама беруде осы пікірлерді негізге алдық. Сонымен, қазақстандық патриотизм дегеніміз - Қазақ мемлекетін Отаным деп сезіну, басқа ұлттардың қазақ халқына сый-құрметпен қарауы, әр ұлттың құқықтық еркіндігін қуаттай отырып, туған жерін көркейтуге және оны қорғауға дайын болуы.Мемлекетіміздегі қазіргі әлеуметтік, саяси-экономикалық жағдайларды, халықтың сана-сезімінің қалыптасу үрдісін ескере отырып, қазақстандық патриотизмнің қалыптасуына мемлекетке атын беріп отырған қазақ халқының бойындағы ұлттық патриоттық қасиеттердің ықпалы мол екенін анықтадық. Жалпы патриоттық сезімнің қай-қайсысының болсын қалыптасуы отбасы тәрбиесінен (балабақшадан) бастау алатыны белгілі. Сондықтан халқымыздың қаһарман батыр ұлы Б.Момышұлы мен жазушы Ә.Нұршайықов, З.Ахметова, т.б. пікірлеріне сүйене отырып, отбасында патриотизмге тәрбиелөу, ана тілін үйрету, ұлттық мінез-құлық қалыптастыру, ұлттық салт-дәстүрді сақтау, шыққан ата тегін білу және сезінуден басталып, халқына сүйіспеншілік, тарихи дәстүрлерді сақтау, одан соң туған жеріне, Отанына деген суйіспеншілік өсе келе мектепте ары қарай дамып қалыптасуына шарт түзілуі тиіс


Скачать


zharar.kz