Еңбек ресурстар нарығы мен оның құрылымы

Скачать

Еңбек ресурстарының саны республика экономикасында пайдаланылуы мүмкін жанды еңбектің потенциалды шамасын сипаттайды.
Адамды қоғамның еңбек ресурсы қатарына жатқызудың басты критериилері ретінде оның жасы мен денсаулық жағдайы (физикалық, саналы және психикалық) әрекет етеді.
Еңбек ресурстарын белсенді және белсенді емес бөліктерге бөлу қабылданған. Белсенді бөлігі еңбекке қабілетті жастағы жұмысбастыларды, сонымен қатар, жұмыссыздар мен үй шаруашылығында жұмыспен қамтылған, еңбекке қабілетті жастағы тұлғалардың жалпы саны өсіп отыр.
Еңбек ресурстарының балансы- еңбек ресурстарының болуы мен олардың пайдаланылуын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі. Мұндай баланс екі бөлімнен тұрады: біріншісінде- еңбек ресурстарының болуы, олардың саны, жастық-жыныстық құрамы, екіншісінде- еңбек ресурстарының еңбекпен қамтылу түрлері, халық шаруашылығының салалары және тұрғындардың қоғамдық топтары бойынша бөлінуі сипатталады.
Еңбек ресурстарының балансы олардың бүкіл республика бойынша да жағдайын сипаттайды. Еңбек ресурстарының болжамдық балансын жасау әсіресе жедел өсіп отырған жұмыссыздық және толық жұмыспен қамтамасыз ету қажеттілігі жағдайында аса маңызды.
Тұрғындардың жұмысбастылығы- бұл еңбекке қабілетті тұрғындардың қоғамдық өндіріске, еңбек қызметінің барлық салаларына қатысуы. Тұрғындардың қоғамдық өндірісте жұмыспен қамтылу дәрежесін ол жерде барлық жұмыспен қамтылғандарды еңбек ресурстарының жалпы санына қатынасы ретінде анықтауға болады.
Жұмыссыздық- бұл еңбек етуді қалайтын еңбекке қабілетті тұрғындардың квалификациясы мен мүдделеріне сәйкес жұмыс табуға, мүмкіндігінің жоқтығы. Жұмыссыздық жұмыс күшіне сұранысынан ұсынысының бірден артуына байланысты туындайды. Ол барлық еңбек еткісі келетін азаматтарды жұмыспен қамту үшін қажеттіден нақты жұмыс орындарының саны кем болған жағдайда пайда болады. Еңбектің халықаралық ұйымы жұмыссыздарға келесідей анықтама береді: жұмыс істегісі келетін, жұмыс істей алатын, бірақ жұмыс орны жоқ адам жұмыссыз болып саналады.
Жұмыссыздықтың бірнеше түрлері бар. Соның ішіндегі ең негізгілері: циклдық, құрылымдық, фрикциондық.
Циклдық жұмыссыздық негізгі өндірістік қорларды жаңарту сипатына байланысты. Қорларды жаңарту циклдері ұзақ мерзімді (50 жылдай) және қысқа мерзімді (5-10 жыл) болуы мүмкін.
Қорларды жаңарту, жаңа аса жетілдірілген құралдарды енгізу кезеңі басталғанда, жұмыссыздықтың күрт өсуі байқалады. Ал, процесте белгілі бір кезеңділік болғандықтан, жұмыссыздық та циклдық сипатта болады.
Фрикциондық жұмыссыздық- жұмысшының квалификациясы мен орындалатын жұмыс деңгейінің сәйкессіздігі негізінде туындаған. Жұмысшының квалификациясы орындалатын жұмыста не жоғары, не төмен болуы мүмкін.
Жұмыс күші- адамның еңбекке қабілеттілігі. Ол физикалық, саналы және рухани қабілеттіліктердің жиынтығымен анықталады. Адам солардың арқасында еңбек қызметіне қатыса алады. Жұмыс күші бұл жұмысшының және оның отбасының өмір сүруі үшін қажетті өмірлік заттарға айырбас ретінде алмастырылатын тауар болып табылады.
Бұл заттар жұмыс берушінің жұмыс күшін пайдаланғаны үшін қызметкерге төленетін еңбек ақысына сатып алынады.
Қандайда болмасын тауар сияқты жұмыс күшінің құны және тұтыну құны бар. «Жұмыс күші» тауарының тұтыну құны жұмыс күшінің жұмысшыны жалдап, алған жұмыс берушімен иеленетін қосымша өнім жасау қабілеттілігімен анықталады.
Жұмыс күшінің құны жұмысшыға өзінің өмірі мен өзінің отбасының өмірін қолдау және ұдайы өндірісі үшін қажетті өмірлік заттардың құны мен анықталдаы.
Жұмыс күші құнының жоғарғы шегі белгіленбеуі тиіс. Ол қоғамдық өндірістің даму деңгейімен анықталады. Ал жұмыс күші құнының төменгі шегіне келетін болсақ, онда ол жұмысшының еңбекке қабілеттілігін қолдау және оның отбасылық минималды қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті игіліктердің құнымен анықталады. Бірақ жалпы алатын болсақ, жұмыс күші тек тамаққа, киімге, тұрғын үйге деген қарапайым қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ғана емес, сонымен қатар білімге, мәдениетке, демалуға, денсаулық сақтауға қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін жеткілікті болуы қажет. Жұмыс күшінің құны бола тұра, бағасы да бар. Ең төменгі еңбек ақы жұмысшының өзінің және оның отбасы мүшелерінің минималды деңгейде ұдайы өндірісін қамтамасыз ететін қажетті тауарлар мен қызметтердің минимумын сатып ала -алатын деңгейде белгіленуі қажет.
Жұмыс күші нарығы- жұмыс күші сатылатын және сатып алынатын нарықтың ерекше түрі. Ол да тауарлар нарығы сияқты тауарлы шаруашылық заңдарына –құн заңы мен сұраныс пен ұсыныс заңына бағынады.
Жұмыс күші нарығында сату -сатып алу процесінде көрсетілген тауардың құны мен бағасы анықталады. Сатып алынбаған жұмыс күшінің не бағасы, не құны болмайды. Нарықтық экономика, тұрақты жұмыссыздық және жұмыс күші сұранысынан жұмыс күші ұсынысының артық болған жағдайда жұмыс күшінің нарықтық бағасы оның ақиқат бағасынан әрдайым төмен болады. Жұмысшылар әрдайым еңбектің бәсекелес резервінің қысымын сезіне отырып, еңбек нарығында өзінің жұмыс күшін оның ақиқат бағасынан төмен бағаға сатуы мүмкін. Оны жұмыс берушілер еңбек ақыны жұмыс күшінің құнынан төмен белгілей отырып пайдаланады.
1. Жұмыс күші нарығының инфрақұрылымы және оның даму перспективалары.



3.2. Жұмыс күші нарығының инфрақұрылымы және оның даму перспективалары

Жұмыс күші тарихта феодалдық құрылыстың ыдырау кезеңінде, капиталистік өндіріс элементтерінің пайда болуы мен туындады. Қазіргі заманғы капитализм кезеңінде ол кейбір ұйымдастырушылық қалыпқа келді, біраз уақыт өте келе жетілдіріліп, еңбек биржаларына айналды.
Еңбек биржасы- жұмыс күшін жалдау барысында делдалдықпен айналысатын жұмыс күші нарығының әрекет етуінің аса дамыған ұйымдастырылған нысаны. Еңбек биржасымен қызметтер жұмыс берушілерге де, жұмыс іздестіріп жүрген жұмысшыларға да көрсетіледі.
Жұмыс берушілер еңбек биржасынан бос жұмыс күші жөнінде, оның саны, сапасы, кәсіби құрамы туралы ақпарат алады. Ал жұмыс тапқысы немесе оны ауыстырғысы келетін жұмысшылар бос жұмыс орындары, олардың аумақтық орналасуы мен еңбек ақы және тағы басқа жөнінде ақпарат алады.
Еңбек биржасының мақсаты жұмыс күшіне сұранысты оның ұсынысы мен үйлестіру, жұмыс істеуге мұқтаж адамдарға оны ұсыну, мүмкіндігінше жұмыссыздықты басып тастау. Ол бос жұмыс күштерінің болуы мен оған деген болуы мүмкін қажеттіліктер жөнінде мәліметтерді жинайтын еңбек министрлігіне бағынатын және қадағаланатын мекемені білдіреді.
Кеңестік биліктің алғашқы жылдарында еңбек биржаларын басқаруға кәсіподақтар қатысқан. «Ең алғашқы кеңестік еңбек биржалары» жұмысшылардың толық жұмыс байлығын қамтамасыз етуде маңызды роль атқарғанын айта кетуіміз қажет. 1930 жылдардың соңында жаппай жұмыссыздықтың жоюлуымен бірге еңбек биржалары да жойылған.
Елде еңбек биржаларын құруда жаңа кезең 90 жылдардың басында басталды. Ол кезде бізде қайтадан жаппай жұмыссыздық пайда болған еді. Қазіргі заманғы еңбек биржалары тұрғындардың жұмысбастылығы және азаматтардың еңбек етуге өз құқытарын кепіл етудің мемлекеттік саясатын іс жүзіне асыру үшін құрылады. Жұмыспен қамтудың мемлекеттік қызметі (еңбек биржалары) келесі функцияларды орындайды:
- жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты болжайды, талдайды және еңбек нарығының жағдайы туралы ақпарат береді;
- бос жұмыс орындарының және жұмыспен қамту мәселесі бойынша хабарласатын азаматтардың есебін жүргізеді;
- азаматтар мен жұмыс берушілерді сәйкесінше жұмыс алу мүмкіндігі және жұмыс күшімен қамтамасыз ету жөнінде ақпарат береді;
- адамдарға сәйкес жұмыс таңдап алуға көмек көрсетеді;
- кәсіби үгіт –насихат қызметтерін ұсынады, арнайы оқу орталықтарында азаматтардың кәсіби дайындығын және қайта даярлануын ұйымдастырады;
- жұмыссыздардың тіркелуін қамтамасыз етеді;
- еңбекпен қамту бағдарламаларын жасайды;
- жұмыспен қамту қорын иеленеді.
Қазақстандық еңбек нарығы жөнінде айтатын болсақ, ең алдымен, ол қалыптасып жатқанын ескертуміз қажет. Оның институционалды рәсімделуі жүріп жатыр: жұмыс пен қамту қоры құрылды, еңбек биржалары қызмет етіп жатыр, сәйкес актілерді қабылдай отырып, үкімет белсенді саясат жүргізуде.
Тұрғындардың жұмысбайлық проблемасы осындай іс-шаралардың кешенді бағдарламасын жасау қажеттілігі жөнінде тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Оның негізгі мақсаты – сәйкес деңгейлердегі еңбек нарығының жағдайын жүйелі түрде зерттеу үшін компьютерлік өзара байланысты модельдік жүйелерін құру, модельдер бойынша мүмкін басқару шешімдерін қабылдау және тексеру, еңбек нарығын болжау. Мұндай жүйелерді пайдаланушылар болып сәйкес басқарушылық құрлымдардың жұмысшылары табылады. Сондықтан жұмыспен қамтудың мемлекеттік қызметтері ағымдық жағдайға, жұмыс күшінің пайдаланылуын орта мерзімдік болжауға көңіл бөлінуі қажет. Мұндай міндеттерді шешудің сенімді құралы да осы компьютерлік модельдер болып есептеледі.
Осы алға қойылған мақсаттарда іс жүзіне асыру үшін еңбек нарығының қалыптасуы мәселесі бойынша түбегейлі зерттеулер жүргізу, осы саладағы дамыған елдердің тәжірбиесін зерттеу, қазақстандық нарықтың ерекшеліктерін анықтау және талдау қажет.
Бұдан басқа, өзара байланысты міндеттердің екі блогы бар: ақпаратттық (копьютерлік мәліметтер базасын құру мен байланысты) және техникалық ұйымдастырушылық. Яғни, жұмыспен қамту орталықтарын сәйкес техникалармен қамсыздандыру және онымен жұмыс істеу үшін квалификациялы қызметкерлерді дайындау қажет.
Беделділік деңгейі, эксперттік квалификациясы, оның жұмыс орнының техникалық қамсыздандырылуы осындай жобаларды іс жүзіне асыруда шешуші роль атқарады. Осыған сәйкес, бағдарламада сәйкес кадрларды дайындау үшін ұйымдастырушылық сипатттағы іс-шаралардың кешенін қарастыру қажет.


Скачать


zharar.kz