Кәсіпкерлік істің мәні және маңызы

Скачать

Экономиканың негізін екі Фундаменталды ақиқат құрайды және олар шын мәнінде экономиканың барлық проблемаларын қамтиды.
Бірінші ақиқат: қоғамның материалдық қажеттілігі шексіз немесе тойымсыз.
Екінші ақиқат: экономикалық ресурстар шекті немесе сирек.
Экономикалық ресурстар дегеніміз не? Бұл – тауар өндіруде қолданылатын барлық табиғат, адам және адамдардың өндірілген құрал-жабдық ресурстары. Олар: фабрика, зауыт және ауыл шаруашылық құрылыстары, әртүрлі жабдықтар, инструменттер, өндірістік тауарлар мен ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге қолданылатын машиналар; әртүрлі транспорт, байланыс құралдары; материалдық байлықты өндіруге қатынасатын алуан түрлі еңбектер; жер және қазбалы байлықтар. Олар мынадай үлкен категорияға бөлінеді:
1. Материалдық ресурстар-жер оның табиғи байлығы және капитал;
2. Адамдар ресурсы – еңбек және кәсіпкерлік қабілеттілік.
Қысқаша экономикалық ресусртардың мәніне тоқталайық.
Жер. «Жер» - деген түсінікке барлық табиғи ресурстар жатады, өндіріске қолданылатын барлық «табиғаттың әншейін байлығы».
Капитал – барлық өндірілген өндіріс құралдары, яғни инструменттер, машианлар, жабдықтар фабрика – зауыттар, қойма, транспорт құралдарының барлық түрлері және тауар өткізу торабы. Құрал жабдықтары өндіру, өндіру және қорландыру процесін инвестициялау дейді.
Кәсіпорын – бұл өнім өндіру үшін құрылған дербес шаруашылық жүргізетін субъект, өндірілген өінміне иелік етеді, пайда табады, салық төлемінен қалған пайданы жаратады. Кәсіпорын өз міндетін атқару үшін мүлкі болу керек.
Кәсіпкерлікті экономикалық негізі экономикалы ресурстарды: адамдар ресурсы – еңбек және кәсіпкерлік қабілеттілік және материалдық ресурстар – жер, мұның табиғи байлығы мен капиталды тиімді пайдаланып, меншік иелері: жұмысшы – еңбек ақысын, капитал иелері – жер иелері - өнімін алуы тиіс.
Шағын бизнес біздің өміріміздің барлық салаларын қамтиды: өнеркәсіп және сауда, денсаулық сақтау және білім беру.
Экономиканың тұрақты болуы және оның бәсекелік сипатын қалыптастырудың басты күштерінің бірі кәсіпкерлік жетілдіру болып табылады.
Экономикасы нарықтық бағытта дамып келе жатқан Қазақстан үшін кәсіпкерлікті дамыту мәселесі - өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика. Кәсіпкерлікті дамыту – нарықтық экономиканы дамытудың кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңірегінде көптеген мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы ролінің өте маңыздылығын дәлелдейді.
Қазақстан Республикасының Конститутциясында былай деп жазылған «әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне өз мүлкін кез-келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар». Бәрімізге мәлім, өндірістің негізгі факторлары табиғи, еңбек, өндірістік ресурстар болып табылады. Нарықтық экономика кезінде осы факторларды жұмыс істеп, қозғалысқа түсуіне әсер ететін нақты күш бар. Олар: іскерлік, басқару және өз мүмкіндіктерін белгілі бір мақсатта жетістікке қол жеткізуге пайдалана білу икемділігі.
Жалпы өркениетті елдердің қай-қайсысын алсақта өздерінің экономикалық және әлеуметтік мәселелерін шешуге кәсіпкерлікке арқа сүйеді. Себебі кәсіпкерлік халықтық әл-ауқатын арттыруымен қатар, қосымша жұмыс орындарының ашылуына да себебін тигізеді. Кәсіпкерліктің осындай және басқа да экономикалық және әлеуметтік функциялары оны дамыту мәселесін маңызды мемлекеттік міндеттер қатарына жатқызуға және экономиканы реформалаудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға негіз береді. Техникалық прогресс, тұтынушы сұранысын толық қанағаттандыру кәсіпкерліктің тиімділігіне байланысты болады.
Кәсіпкерліктің түрлі формаларын өзара тиімді ынтымақтастық құруы келешегі зор бағыт. Шағын кәсіпорындар ғылыми техникалық жетістіктерді қабылдауға анағұрлым қабілетті, нарықтағы сұраныс өзгерісіне олай бейімделеді. Соандай-ақ ірі кәсіпорындарға тауарлар жеткізумен қызмет көрсету құқығы үшін өзара бәсекеге барады, мұның өзі олардың тұрақты табысына кепілдік береді. Олар ірі кәсіпорындардың орнықтылығын және өндірістік диверсификациясын қамтамасыз етіп, монополистік бағытқа қарсы әрекет етеді. Кәсіпкерлік нарықта консалтингтік, рокерлік, маклерлік, делдалдық, жарнама, қолданбалы зеттеу жұмыстары бойынша қызмет көрсету мен қамтамасыз етіліп, белсенді ролб атқарады. Кәсіпкерлер өздерінің күштері мен қаржыларын біріктіріп, жалғыз бастылықтан ұжымдық іскерлікке өтуге бейім тұрады. Бұл жағдайда ортақ бір тұтас кәсіпорын құрамына жекелеген кәсіпкер өз мүлкіне жекеменшігін сақтайды. Дегенімен, серіктестіктерде, кооперативтерде оның құрылтайшылары мен қатысушылары құрал-жабдық және басқа да мүлікті толық немесе шынара біріктіреді. Жеке кәсіпкерліктің болу мүмкіндігі бизнесті дамытушы күш маңызды фактор болып есептеледі.
Кәсіпкерлік екі мағынада пайдаланылады:
1) Белгілі бір істің түрі . Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу, ол адамның еркін өмір сүру түрі – белсенділігі және іскерлігі. «Кәсіпкерлік» деген ұғым өмірде экономикалық белсенділікке қолданылады. Экономикалық белсенділік бұл барлық энергетикалық процесс тауар өндірісімен айырбас арқылы пайда табу.
2) Сол іспен шұғылданатын нақтылы қоғамдық тап.
Кәсіпкерліктің субъектісі – жеке тұлғалар, заңды тұлғалар – біріккен серіктестіктер: арендалық ұжым, ашық және жабық акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, корпарациялар т.б. Кәсіпкерліктің ерекшеліктері: дербестік, тәуелсіздік, экономикалық ынтымақ, тәуекелділік, жеке жауапкершілік және жаңашылдық.
Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу. Іс істеу – адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік, іскерлік адамдардың мінез құлқы типтерімен байланысты адамдардың қандай типтері белсенді, іскер болар екен? Өздеріңіз ойлаңызшы: холерик пе, сангвинник пе, флегматик пе, миланхолик пе? Сан есебінен алған да белсенділік өте азғантай энергетикалық шығыннан, шыдамай тыс энергия шығынына дейін, кейде қоғамдық идеалды іске асыруға дейін баруы мүмкін. Мысалы: Париж коммунасы, Ұлы Октябрь социалисттік революциясы. Сапа жағынан спонтандық белсенділік (ішкі себептермен пайда болған, сыртқы әсерлермен болмаған), өмірдің шектелген түрі және еріксіз белсенділік (қайғы, қасірет шегу), сонымен бірге еркін белсенділік. Адамдардың белсенділігі әр-түрлі болады: саяси, әлеуметтік, экономикалық, әскери, тарихи т.б. болып бөлінеді.
«Кәсіпкерлік» деген ұғым өмірде экономикалық белсенділікке қолданылады. Антогонисттік қоғамда, ол адамды қанауы, ал кәсіпкерлер табы қанаушы тап болады. Экономикалық белсенділік – бұл барлық энергетикалық процесс тауар өндірісімен айырбас арқылы табуымен байланысты. Өндірісте, айырбаста шектелген белсенділігін емес, адамдардың жан-жақты белсенділігін (іскерлігін) талап етеді. Сондықтан экономикалық белсенділік, іскерлік еріксіз немесе еркін болуы керек.
Кәсіпкерлік – ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталады: көпестер, саудагерлер, қолөнершілер. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында қолдап жұмыс істеген. Бұл тауарлы өндірістің бастапқы жабайы түрі.
ХVІ ғасырдың ортасынан бастап акционерлік қоғамдарқұрыла бастады. Мысалы, 1554 жылы Англия сауда компаниясы, 1660 жылы Ост-Үнді сауда компаниясы. ХVІІ ғасырдың аяғында акционерлік банктер іске қосылды.
Ресейде, Қазақстанда кәсіпкерлік ерте заманнан келеді. Қазақстанның көшпелі шаруашылық жағдайында кәсіпкерлік еркін дамыған жоқ. Ресейде Перт І патшалық ету кезеңінде кәсіпкерлік ерекше дамыды, бірақ крепостной қоғам тежеді. Капитализмнің дамуымен кәсіпкерлік те дамыды. 1861 жылғы реформадан кейін темір жол құрылысы, ауыр өнеркәсіп салалары орын алды.

1.2 Кәсіпкерлік қызмет және оның түрлері

Оңтүстік Қазақстан облысындағы шағын кәсіпкерлік – бұл кез келген реформалардың өміршеңдігін айқындайтын сферасы болып табылады. Салық салу, зейнетақы реформалары және шағын кәсіпкерлікті қолдау туралы нормативтік актілердің шындығына келетін болсақ өмір тәжірибесінде шағын кәсіпкерлік субъектілері қатал деструкциялармен кездесіп отырғанын айта аламыз.
Кәсіпкерліктің түрлері:
1. Атқаратын міндетіне қарай кәсіпкерліктің манадай түрлері болады: өндірістік, коммерциялық, қаржылық және консультациялық.
2. Меншік түрлері бойынша жеке меншік, мемлекеттік, муниципалды, сонымен бірге қоғамдық құрылымдар меншігі
3. Меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік іс жеке адамның немесе коллективтің (ұжымның) құрамы болуы керек.
4. Кәсіпкерлік формасы бойынша екіге бөлінеді: 1) ұжымдық праволық; 2) ұжымдық экономикалық.


Скачать


zharar.kz