Мемлекеттік орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланымен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жаауы ерекше экономикалық нысандар – бюджеттің кірістері меншығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі.
Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы әлеуметтік-экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет және салық саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.
Нарықтық қатынастарға көшкенге дейін КСРО-ның мемлекеттік бюджетінің кірістері мемлекеттік кәсіпорыдардың ақша жинақтарына негізделіп келді. Ол бюджет кірістерінің жалпы сомасының 90% құрады және негізінен екі төлемнен – айналым салығы мен пайдадан алынатын төлемдерден тұрды. Бұл жүйе 1930 жылдан 1990 жылға дейін өмір сүрді. 1980 жылдары енгізілген өндірістік қорлар, еңбек ресурстары және басқлары үшін ақы түріндегі пайдадан алынатын нормативті төлемдер қолданылып жүрген төлемдр жүйесін өзгертпеді және жеке кәсіпрындар қызметінің жеке –дара нәтижлеріне бағытталып отырды.
Дағдыдағыдай, кірістердің көзі салықтар немесе оларға барабар төлемдер болып табылады.Қазақстан Республикасының мемлекттік бюджеті кірістеріні құрамы мен құрылымы салық төлемдерінің қолданыстағы жүйесімен және салыстырмалы тұрақсыз сипаттағы салықтық емес қаражаттардың түсімдерімен айқындалады.
Бюджет жүйесі туралы заңға сәйкес бюджеттің құрылымы мыналрдан тұрады:
1)түсімдерден:
кірістерден;
алынған ресми транферттерден (гранттардан);
бұрын бюджеттен берілген кредиттер бойынша негізгі брышты өтеуден;
2)шығыстардан және кредит беруден:
шығыстардан;
кредит беруден;
3)бюджет тапшылығынан (профицитінен);
4)бюджет тапшылығын (профицитті пайдаланудан) қаржыландырудан.
өз кезегінде кірістер:
салықтық түсімдер;
салыққа жатпайтын түсімдер;
капиталмен жасалатын операциялардан алынатын кірістер болып бөлінеді.
Бюджеттік түсімдердің бұл үш категориясы алынған ресми трансферттер бөлігімен (және бір уақытта санатымен) яғни тауарларды немесе қызмет көрсетуді сатып алуға, кредиттер беруге немесе өтелмеген борышты төлеуге байланысты емес тегін және қайтарылмайтын төлемдермен толықтырылады.
Бюджеттен берілген кредиттерді өтеу санаты бюджеттік кредиттер бойынша (қайтару негізінде берілген – бұрынғы жылдардағы несиелендіру) мемлекттік шаруашылық жүргізуші субъектілер тарапынан ақшалай қаражаттардың түсуі болып табылады.
Бюджеттің шығыстар бөлігі функционалдық топтардың шығыстарын қаржыландыруға жұмсалады.
Мемлекеттік брышқа қызмет ету жөніндегі шығыстар "борышқа қызмет ету" функциогалдық тобы бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің мемлекеттік мекемелерін - әкімдер аппаратын және кіші бағдарламалар – қарыздар бойынша сыйақылар төлеу бойынша Қаржы министрлігін бөле отырып жүргізіледі.
Кейін бюджетке өтеу түрінде қайтаруға жататын, басқа экономикалық бірліктерді насиелендіруге арналған қаражаттар тиісті бөлікте - функционалдық топ болып табылатын несиелендіруде көрсетіледі.
Бюджет тапшылығы шығыстар мен бюджеттен қайтарымды негізде бөліген кредиттер ауқымының бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасынан асыцп түсуін қамтып көрсетеді.Бекітілген республикалық бюджет тапшылығының көлемі ұлттық валюта мен және жалпы ішкі өнімге пайызбен, ал облыстық бюджеттер, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тапшылығы ұлттық валютамен көрсетіледі. Ал бюджет профициті – бұл бюджетке түсетін кірістер мен ресми трансфеттер түсімдерінің және бұрын бюджеттен берілген кредиттер бойынша негізгі борышты өтеудің жалпы сомасының жалпы шығыстардың және қайтарымдық негізде бөлінетін кредиттердің ауқымынан асып түсуі. Бекітілген бюджет профицитінің көлемі де ұлттық валютамен немесе жалпы ішкі өнімге пайызбен есептеледі.
Мемлекеттік бюджеттің соңғы бөлігі – бюджет тапшылығын (профицитті пайдалану) қаржыландыру ішкі және сыртқы мемлекеттік борышті өтеу жөніндегі шығыстарды қамтып көрсетеді. Оның қос арналымы бар:
1)тапшылық болған жағдайда – ішкі көздерден (Ұлттық банктен, коммерциялық банктерден, бағалы қағаздар сатудан, есепке алу бойыеша, шығыстарды жабуға бағыттталған жыл басындағы бюджет қаражаттарының қалдықтары) және сыртқы қарыздардан қаражаттар тарту;
2)профицит кезінде – жоспардан тыс түсімдерді, бірінші кезекте мемлекеттік міндеттемелерді өтеуге немесе бірінші кезектегі бюджеттік бағдарламаларды қосымша қаржыландыруға пайдалану.
Кірістер мен шығыстардың егжей-тегжейлі тізбесі мен топтамасы бюджеттік сыныптамамен айқындалады. Қаржы Министрлігі бекіткен бірыңғай бюджеттік сыныптама – функционалдық, ведомоствалық және экономикалық сипаттамалар боынша бюджетке түсетін түсімдер мен бюджеттен жұмсалатын шығыстардың топтастырылуын белгілейтін топтастырылуын белгілейтін нормативтік құқықтық акт. Ол кірістердің сыныптамасынан , шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамаларынан тұрады. Бірыңғай бюджеттік сыныптама бюджеттің мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуының жоспарларымен, болжамдарымен және бағдарламаларымен, министрліктер мен ведомоствалардың, ұйымдар мен мекемелердің қаржы жоспарларымен тығыз байланысын қамтамасыз етеді; жеке (дара) сметалар мен қаржы жоспарларын құрама сметалар мен жоспарларға біріктіруге мүмкіндік береді, құрама жоспарлар мен бюджеттің жазбаша тізбесі арасындағы үйлесуді қамтамасыз етеді.
1996 жылға дейінгі бюджеттік сыныптама мынадай бөліктерді қамтыды: бөлім, параграф, бап, тарау. Алайда ұзақ уақыт қолданылып келген сыныптама бюджет қаражаттарын жобалаудың, оған есеп жүргізудің және бақылаудың, сондай-ақ бюджет процесін жүзеге асырудың қазіргі заман талаптарына сай болудан қалды. Сондықтан 1996 жылдан бастап оң жаңа, халықаралық стандартқа сәйкес келетін сыныптамамен ауыстырылды.
Жаңа бюджеттік сыныптамаға сәйкес кірістер енді төрт бөлікке жіктелетін болды, олар: санат, сынып, ішкі сынып, ерекшелік. Мысалы,бюджеттің кірістері мына стандарттарды қамтиды: салық түсімдері; салыққа жатпайтын түсімдер; капиталмен жасалатын операциялардан алынатын кірістер; алынған ресми трансфеттер (гранттар) ; бюджеттен берілген кредиттерді өтеу; жалпы қаржыландыру; бюджеттің қаражаттары қалдықтарының қозғалысы. Қалған бөліктер кірістерді кіріс көздерін неғұрлұм тәтіштеу ретінде сипаттайды. Тмысалы, салық түсімдеріндегі сынып – салық түрін, ерекшелік – нақты салық төлеушіні немесе салық төлеушіні немесе салық объектісін білдіреді.
Шығыстарды функционалдық, экономикалық және ведомоствалық сыныптама қарастырылған. Функционалдық сыныптама қызмет түрлерінің, шаралардың және бюджет қатынастары қатысушыларының кең көлемді сипаттамасы болып табылады.
Бюджеттік жоспарлау – мемлекеттің қаржы саясатының талаптарына бағындырылған қаржылық жоспарлаудың маңызды бөлігі. Мұндай жоспарлаудың экономикалық мәні елдің жалпыұлттық әлеуметтік-экономикалық дамуы негізінде түрлі деңгейдегі бюджеттерді жасаумен олардың атқарылуы процесінде бюджет жүйесінің буындары арасында қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлуде болып отыр.
1) республикалық бюджеттердің кірістерін, олар мыналардан тұрады:
а) салықтар, алымдар және басқа да міндетті төлемдердің түсімдерінен (корпорациялық табыс салығы; қосылған құнға салынатын салық; импортқа салынатын акциздер; жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері мен салықтары,
ә)салыққа жатпайтын түсімдерден (республикалық мемлекеттік кәсіпорындар пайдасының үлесі; Ұлттық банк кірісінен алынатын түсім;Үкіметтің депозиттері бойынша алынған сый-ақылар; (мүдделер);
б)капиталмен жүргізілетін операциялардан алынатын кірістрден: мемлекеттік резервтерден алынған тауарлар үшін берешекті өтеуден және мемлекеттік қордан астық сатудан алынатын түсімдерден;