1995 ж. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАНКТІК ЖҮЙЕСІН РЕФОРМАЛАУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Скачать

Банктік жүйеде реформа жүргізудің қажеттілігі
Қазақстан Республикасының экономикасы нарыктық қатынастарға көшу кезеңінде несиені басқарудың жүйесін және шаруашылық қызметіне банктік қызмет көрсету механизмін құру, банктер мен кәсіпорындардың қызметіне жетекшілік етуде экономикалық әдістерді қолдану; банк пен клиенттері, сонымен қатар, банктің өз жүйесі шеңберіндегі, оның жекеленген буындарының арасындағы өзара қарым-қатынаста) жүйесін қайта құру, яғни, жана құбылыстар мен процестерді ескере отырып, принципті түрде реформалау қажеттілігіне манызы зор.
Қазақстан Республикасында банктік жүйені реформалаудың қажеттілігі, Дүниежүзілік банктің мамандарының пікірінше, кысқа мерзімді мәселелер категориясының бар болуымен түсіндіріледі және оларды өз кезегінде макроэкономикалық реформасын жүргізуде кедергі етуі мүмкін деп санайды. Бірінші категорияға (қаржылық) орталықтандырылған экономикадан мұра боп қалған мақсатты несие мен банктік тәжірибені мемлекеттік үлестіру жүйесінің ескі тәжірибесімен келісілген қаржылық ресурстарды дұрыс орналастырмау мәселесі; екінші категория мәселелеріне банктердің "сапасыз" (мерзімі өткен) қарыздары мен мемлекеттік зиянды кәсіпорындарын жатқызады. Бұл мәселелер өміршең (несие беруге қабілетті) мемлекеттік және жеке кәсіпорындардың қаржылық ресурстарға қол жеткізуіне кедергі болып, банктік қаржылық ресурстардың өміршең емес кәсіпорындардың пайдасына кетуіне жол береді.
Бұдан басқа, бұрынғы жүйе мекемелер мен кәсіпорындар арасында төлем төлеулер мен есеп айырысуларды дұрыс жүргізе алмады.
1992 жыл ішінде Қазақстанның экономикасына несиелік салымдардың көбеюі байқалады. 1992 жылдың I тоқсанында несиенің сомасы жалпы ұлттық өнімнің - 11,3%-ын құраса, ал IV тоқсанда - 29,8% құрады. Бұл негізінен қайта қаржыландыру және Ұлттық банктің несиесі есебінен болды, әрі бұл өз кезегінде Ресейдің Орталық банкінің контокоррентгік несиесімен қаржыландырады. Оларды келесідей мәліметтер куәландырады: 1992 жылдың I тоқсанында ¥лттық банктің коммерциялық банктерге берген несиелерінің сомасы - 6,7%-ды құраса, IV тоқсанда - 17,8%-ды құраған. Мұндай несиелік ресурстарды арнайы банктер арқылы орталықтанды-рылған әкімшілдік үлестіру - өміршең емес шығынды мемлекеттік кәсіпорындарға несие беру нәтижесінде банктерде жұмыс жасамайтын несиелердің ягни банктердің несиелік портфелінің нащар несиелерден құрылуына әкеліп соқтырады.
Ұлттық валютаның енгізілуі сәтінен бастап, 1995 жылға дейін Орталық банктің қызметін атқару, жүйе қызметін реттеп отыратын нормативтік құжаттарды қарастыру және қабылдау тұрғысындағы дәстүрлерімен тәжірибесі жоқ Ұлттық банк дербес түрде ақшалай-несиелік саясат жүргізу тәжірибесін қолға алды. Бұл кезең, сондай-ақ ұлттық валютаның бағаларды ырықтандыру саясатына орай шарттасылған ақша-несие құралдарының және факторлардың әрекетіне бейімделуі болатын. Сонымен бір мезгілде, 1995 ж. 15 ақпан айында Қазақстан Республикасы Президентінің қаулысымен бекітілген, 1995 ж. арналған Қазақстандағы банктік жүйені реформалаудың бірінші бағдарламасы жасалынды.
Бағдарлама 1995 жылдың соңына дейін сәтті жүзеге асырылған жағдайда келесілерге қол жеткізу мүмкіндігі бол жанған:
- Ұлттық банктің негізінен классикалық орталық банктерге тән валюталық және ақшалай-несиелік реттеулердің барлық құралдар жиынтығын енгізуді аяқтау және оны пайдалану. Бұл өз кезегінде Ұлттық банкке тиімді акқшалай-несиелік саясатын жүргізуге және банктік заңдармен анықталған Ұлттық банктің белгіленген негізгі міндеттерді толығымен орындалуына мүмкіндік береді;
- экономикалық ынталандыруды дұрыс қолдану мен нормативтік реттеуді жетілдіру және Ұлттық банк тарапынан бақылауды күшейту есебінен барлық коммерциялық банктер қызметінің сапасын жақсартуды жүзеге асыру; олардың капиталдандыру денгейін жоғарылату және халықаралық стандарттарға жақын банктер тобын қалыптастыру;
- банкаралық несиелік және валюталық нарықтарды дамыту және тереңдету жолдарымен оларда қалыптасатын пайыздық мөлшерлемелер мен айырбас бағамы тұрақтылығына кол жеткізу, ал Ұлттық банк оларға тек өзінің тікелей және жанама реттеу құралдарымен ғана ықпал етеді;
- республикалық бюджеттің тапшылығын Ұлттық банктің тарапынан тікелей несиелеуден бас тартып, оның ішкі және сыртқы қаржылық нарықтарда инфляциялық емес әдістер арқылы қаржыландыруға көшу;
- шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында төлемдердің қауіпсіз, уақтылы және тиімді жүзеге асыру мақсатында еліміздің төлем жүйесінің сапалы қызмет ететін жаңа денгейіне қол жеткізу және ұзақ мерзімді ұлттық төлем жүйесін дамыту;
- орта және ұзақ мерзімді инвестициялық жобаларды инфляциялық емес несиелеу жүйесінің негізін қалау.
Бағдарламаның өткірлігіне қарамастан, істің нақты жағдайын ескере отырып, оны жүзеге асырды.
Ең алдымен ақша-несиелік реттеудің құралдары және әдістері дами түсті.
Банктердің қайта қаржыландыру механизмдерінде маңызды өзгерістер болды. 1995 ж. қаңтар айынан бастап директиве несиелерді беру тоқтатылды. Орталықтандырылған көздер, есебінен берілетін несиелердің көлемі және мерзімі қысқарды. Экономиканы несиелеу қызметі негізінен Ұлттық банктен екінші деңгейлі банктерге көшті және олар өз кезегінде экономиканы несиелеуді шаруашылық жүргізуші субъектілердің бос қаражаттарын, халықтың жинақ ақшаларын тарту және сыртқы қарыздарды өздері тарту есебінен қамтамасыз етуге бейімделеді. Ұлттық банк жалпы Орталық банктерге тән қызметтерге көбірек ден қойды, оларға: банктердің өтімділігін қолдап отыру мақсатында екінші деңгейлі банктерді несиелеу, Үкіметті несиелеу және жалпы ақша-несиелік және валюталық реттеу жатады.
1995 ж. ел экономикасын сауықтыру мақсатында макро-экономикалық реттеу мен ақшалай-несиелік және салық бюджеттік саясатты үйлестіру ісінде ¥лттық банк пен қаржы министрлігі арасындағы қатынастары беки түсті. Соның нәтижесінде, Қаржы кинистрлігінің өзара байланыс практикасы жаксарды, каржылық қарым-қатынастар тәжірибесі келтірілді, мемлекеттік қазынашылық міңдеттемелердің аукциондарын өткізу бойынша Қаржы министрлігі агенті функцияларының атқарылуы жақсарды, бюджеттерге кассалық қызмет көрсетуді Ұлттык банктен - Қаржы министрлігі қазынашылығына беру жөнінде дайындық жұмыстар жүргізілді.
Экономика талаптарына сай келетін жалпы қабылданған халықаралық қағидалар стандарттарды - тәжірибелік қызметке ендіруге көмек беретін шаралар жиынтығын көрсететін банктік жүйедегі бухгалтерлік есеп жүйесінің реформасы бойынша күрделі жұмыс жүргізді.
1997 ж. 6 наурызда "Заң күші бар, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына толықтырулар енгізу туралы", 1997 ж. 28 сәуірде "Қазақстан Республикасындағы вексельдік айналыс туралы", 1997ж. 11 шілдеде "Банктік қызмет сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдары қабылданды.

2.2 БАНКТІК ЖҮЙЕНІҢ ӘРІ ҚАРАЙ РЕФОРМАЛАНУЫ
1995 жылы Қазақстан банктік жүйесін реформалау бағдарламасын жүзеге асыру орта мерзімді бағдарламаны жасауға мүмкіндік туғызды.
Оның мақсаты мен міндеттері тұтастай алғанда, 1995 жылғы жасалған бағдарламамен бірдей. Бірақ еліміздін орталық банк ретінде атқарған қызметі кезінде жинақталған тәжірибесі оған экономикасы дамыған елдерге тән, нарықтық экономикаға сай келетін ақша-несиелік саясатының құралдарын пайдалануға көшу міндеттерін жүктеді.
Екінші денгейдегі банктер, Қазақстан Ұлттық банк жүйелері өздерінің дамуы барысында мынадай қызметтер атқарады:
1. Ақша-несиелік реттеуді тереңдету. Ол үшін: банк беретін қайта қаржыландыру несиелерінің көлемін реттеу, қайта қаржыландыру мөлшерлемесін анықтау, міндетті резервтік нормаларды бекіту, валюталық нарықтағы интервенцияларды, сонымен қатар, Ұлттық банктің мемлекеттік бағалы қағаздармен де, бағалы қағаздармен де операциялар жүргізу сияқты классикалық ақша-несиелік құралдарын неғұрлым тиімді пайдалану.
Республикамыздағы директивті несиелерді беру жөніндегі жинақталған тәжірибе көрсеткендей, оның қайтарылуы 24%-ды құрағаны белгілі, сондықтан келесіде мұндай несиелерді беру көзделмейді. Бұл тұрғыда орталықтаңдырылған несиелер тек банктердің қысқа мерзімді өтімділігіндегі қажеттілігін қанағаттандыру үшін ғана несиелік ресурстар аукциондары, банкаралық нарық, ломбардтық несиелеу, "репо" операциялары және вексельдерді қайта есепке алу арқылы берілетін болады.
Жалпы ақша нарығының дамуы барысында аукциондық несиелердің ролі бәсендейді де, ол канал біртіндеп банкаралық нарық арқылы ығыстырылады.
Ломбардтық несиелердің көлемі, оның экономикалық мәніне қарағанда маңызды емес болып табылады, себебі оны банктер өте қажет жағдайда ғана алатын болғандықтан, ол айыппұлдық несие деп те айтылады. Ломбардтық несиелеудің үлес салмағы 5-8%-ды құрайды.
Ұлттық банк бюджетті таза несиелеудің біртіндел төмендеуін анықтайтын Қаржы министрлігімен жаңа қарым-қатынастарды қалыптастыруға айрықша көңіл бөлетін болады. Соңғысында бюджеттің тапшылығын қаржыландыратын монетарлық ішкі көздердің ролі артады. Мемлекеттік қазыналық міндеттемелерге байланысты операциялау көлемінің ұлғаюын, олардың неғұрлым ұзартылған мерзімімен жабылып сатылатынын ескерсек, онда 1998 ж. Қаржы министрлігін несиелеу тоқтатылатынына үміттенуге болады.
Ұлттық банктің ішкі валюталық нарықтағы интервенциялары ішкі валюталық нарықтағы қысқа мерзімді өзгерістерден туындаған теңгенің алмастыру бағамының ауытқуларын жабу мақсатында ғана жүзеге асыратын болады. Бұл кезде әр кезенгі Ұлттық банктің ішкі активтерінің көбеюі негізінен ақша-несие саясатының басқа да құралдарымен, ал ол өз кезегінде ашық нарықтағы операцияларымен орны толтырылады.
Банктік жүйені реформалау кезінде эммисиялық, кассалық және инкассаторлық жұмыстарды күрделі қайта құру жүзеге асады.
Қолма-қол ақша айналымының ырықтандыруын есепке ала отырып, эмиссиондық жұмыс қайта құралады. Екінші денгейдегі банктерді ақшалармен қамтамасыз ету оған деген қажетгіліктердің туындау көлемінде облыстық (аумактық) басқармалармен жүзеге асырылады. Эмиссиондық рұксат алынып тасталады.
Қолма-қол ақша айналымын тиімді басқару тұжырымдамасын қолдану Ұлттық банктің сақтау орындарында банкноттар мен монеталардың сәйкес номиналдарындағы көлемдерінің құралуын қарастырады.
Қолма-қол ақшаны инкассациялау қызметі екінші денгейдегі банктерге ішінара берілуде.
2. Валюталық реттеуді жүзеге асыру және алтын валюта резервтерін басқару. Шетел тәжірибесін есқере отырып, оның ішінде негізгі ұлттық валюталық нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасын көрсететін теңгенің валюталық бағамына және экономиканың бәсекелестік қабілеттілігіне, баға деңгейіне өзгеруі мен басқа да факторларға қатысты саясатты Ұлттық банк одан әрі жүргізуге дайын.
Неснелік нарық. Нарықтағы мемлекеттік бағалы қағаздар мен операциялардың әрдайым өсу тенденциясын және бюджет ташпылығын тікелей несиелеу аясының қысқаруын ескере отырып, Ұлттық банкі екінші деңгейдегі банктердің несиеге деген қысқа мерзімді қажеттілігін етеуге баса назар аударады. Бұл орайда жоғарыда айтылған себептерге байланысты аукциондық несиелердің ролі әлдеқайда төмен. Ломбардтық несие де маңызы болмайды.
Банкаралық ақша нарығы. Банктерді капиталдандырудың күшеюі, Ұлттық банктің несие беру мүмкіндігінің азаюы және онкольдық қарыздар нарығындағы банктердің қызметін реттейтін ережелерді бекіту - банкаралық ақша нарығында операциялардың көбеюі мен белсенділік танытуына әкелді. Осы тенденция орта мерзімді кезенде сақталады. Бұл жағдайда орта мерзімді бағдарламаны жүзеге асыруда Ұлттык банктің ең негізгі мәселесінің бірісол нарықтың әрі қарай жоғары сапалы деңгейде дамуы болып табылады. Банкаралық ақша нарығының дамуы банктердің уақытша бос ресурстарын сатудағы немесе өтімділікке деген қысқа мерзімді қажеттіліктерін ұйымдасқан түрде өтеуге мүмкіндік береді.
Валюталық нарық. Алдағы уақытта өз дамуын алады. Биржадан тыс валюталық нарықтың белсенді дамуын ескергеңде атаулы айырбас бағамы белгілі бір шамада нарыіқтық жағдайлармен анықталады. Ұлттық банктің интерзенциясы сұраныс пен ұсыныстың қысқа мерзімді және маусымдық ауытқуларын бір қалыпқа келтірумен шектелуі және ақша базасы бойынша параметрлерді сақтау қажеттті деңгейде өтеді. Бұл орайда айырбас бағам саясатын еліміздің экономикасының экспортты және импортты алмастыратын салаларының максималды дамуына әкелетін бәсекелестік жағдайларын құру бағытында жүргізеді.
Қымбат металдар нарығы. 1995 ж. қымбат металдармен байланысты қарым-қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлықтарын қабылдауға байланысты республикамызда бұл қатынастарды мемлекеттік монополиядан мемлекеттік реттеуге көшу жүзеге асырыла бастады.
1995 ж. 20 шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің; № 2372 "Асыл тастармен, қымбат бағалы металдармен байланысты қарым-қатынастарды мемлекеттік реттеу туралы" қабылданған Жарлығына сай Ұлттық банк қымбат бағалыметалдармен жасалатын алғашқы сауда процедураларын өңдейді және игереді. Негізгі міндеті алғашқы саудалар жүргізу мен ұйымдастырудағы, сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы қарым-қатынастарды жетілдіру, қымбат металдар үшін есеп айырысу тәжірибесін жетілдіру, сонымен бірге алғашқы сауданы жүргізу ережелеріндегі бөлек ережелерді нақтылау бойынша ұсыныстарды дайындау сияқты т.б. іс-тәжірибе жинақтау болып табылады.
Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы. Мемлекеттік қазынашылық міндетгемелер (МҚМ) серпінді қалыптасуы және әрекет етуі тәжірибесі оның едәуір өсіп, іс жүзінде мөлшері жағынан валютамен салыстырарлық және операцияларының көлемі жөнінен несиелік ресурстардан асып түсетін дербес қаржы нарығына айналды. МҚМ табысты тартудағы жоғары сенімді құрал және екінші нарықта операциондық бір күн шеңберіндегі сол бойынша есеп айырысу мүмкіндігінің болуымен ғана емес, сонымен қатар, Ұлттық банк пен Қаржы министрлігінің адекватты іс-әрекеттері арқылы нарықта салыстырмалы алдын ала айтылатын әрі тұрақты жағдайды қалыптастыруы: көптеген дилерлер мен инвесторларды сондағы активті операцияларға итермелеуі де оның қатысушыларының сәйкесінше жұмыс деңгейінің өсуімен бірге қарастырылады.

2.3 БАНКТІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ БАНКТЕРДІҢ ТИПТЕРІ
Банктік заңдарда, банктердің жарғылық қоры қандай көздерден құралғанына байланысты бларды: мемлекеттік, жеке меншік, акционерлік, аралас және шетелдік банктер деп жіктейді.
Банктерді ұйымдастырудың акционерлік формасының ерекшеліктері мен артықшылықтары неде? "Шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар туралы" заңға сәйкес, біріншіден, акционерлік қоғам - бұл құрылтайшылардың (акционерлік қоғамының қатысушыларын құрылтайшылар дейді) меншік құқығын, Ұлттық банк бергей лицензия негі-зінде шығарылатын акциялармен қуландырылатын заңды тұлға. Акционерлердің банк меншігіндегі үлесі мен табысы сатып алынған акциялардың санымен тікелей байланысты. Акционерлердің жауапкерлішігі тек сатып алынған акция сомасымен ғана шектелген. Егер банк банкротқа ұшыраса немесе өз қызметін тоқтатса, барлық кінә жеке акционерлерге емес, банкке қойылады.
Банкті басқаруда акционердің жауапкершілігі тек басқарманы сайлау мен жылдық жиналыстарда банк саясатына қатысты сұрақтар бойынша дауыс берумен шектеледі.
Банкгі ұйымдастырудың акционерлік емес формасы (үлестік жарна формасы) қатысушылардың меншік құқын куәландыратын қандайда бір формалды куәлікті қажет етпейді.


Скачать


zharar.kz