Балалық махаббат, балалық жүрегім

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Ана - асыл жан

Мақсаты: Оқушыларға махаббат ұғымының құндылық ретінде мәнін ашу.
Міндеттер:
1. Анаға деген махаббат, сүйіспеншілік ұғымының адам өміріндегі мәнін түсіндіру
2. Сүйіспеншіліктің отбасындағы алатын орны, маңызы, қарым - қатынастағы рөлі.
3. Оқушыларға ата - анасын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: СТО
Стратегиялары: суреттеу стратегиясы, мағынаны ажырату, аялдамамен оқыту стратегиясы, эссе, галереяны шарлату, шығу парағы.
Шаттық шеңбер: Балалардың шаттық шеңберіне жиналып, бір - біріне деген жылы лебіздерін білдірулері.

1. Дәйексөз
Адамзатты аялаған ақ арман,
Барлық ғалам махаббаттан жаралған.
Өмір өзен сан тарапқа ақса да,
Жақсылықтан шуақ алып, нәр алған.

Махаббаттың тоймай ішіп дәміне,
Адамзаттық талмай айтар әні ме?
Өзіңді де, өзгені де сүйе алсаң,
Жете аларсың МАХАББАТТЫҢ мәніне

2. Суреттеу стратегиясы
- Балалар сендер өз аналарыңды неге теңейсіңдер?
Мысалы: айға, күнге, алтынға т. с. с
Ендеше, балалар осы айтқанымызды қағаз бетіне түсірейік.

3. Мағынаны ажырату.
1. Жер бетіндегі ең әдемі сөз - Ана. Адам алғашқы сөзін де осыдан бастайды. Жер бетіндегі тілдердің бәрінде де осы сөз ерекше қастерлі.
Ананың қолы ең қасиетті, аялы қол, ол нені болса да атқара алады. Ананың жүрегі ең сенімді және сезімтал жүрек, оның сүйіспеншілігі ешқашан сөнбейді, оның көзінен еш уақытты ешнәрсе де қалтарыс қалмайды.
Сенің жасың қаншада болсын - мейлі бес жас болсын, мейлі елу жас болсын, саған әрқашан да ана керек, оның аясы, мейірімі керек. Сенің анаңа деген сүйіспеншілігің неғұрлым зор болса, өмірің де соғұрлым шексіз қуанышқа, шалқар нұрға бөленеді.
2. Ана махаббаты – ол мәңгілік сәуле! Бұл өмірде өзгермейтін, тозбайтын, әр уақытта кіршіксіз мөлдір күйінде қалатын бір - ақ нәрсе. Ол - ана махаббаты.
Іңгәлап жарық дүниеге келгеніңде де оның жүрегінде сенің дауысыңды әсем әуендей қабылдайды, елжірей қолына алып, бауырына басады. Ана мейірін - біз Күн нұрына теңейміз. Күн шуақты болғанымен, ол өзінің нұрын тек қараңғылық құшағына енгенше ғана төнеді. Ал, ана махаббаты Күннен де қуатты, Күннен де шуақты.
Жылылық пен шексіз мейірімділікке толы ана жүрегі қашан да баласы үшін лүпіл қағып тұрады. Ананың балаға деген махаббаты мәңгілік әрі шексіз.

4. Екі жақты күнделік
Ана туралы жыр.
1 аялдама
Әлемнің жарығын сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін жинадың сен маған.
Сен бердің құстардың қанатын самғаған,
Балалық құштарым өзіңе арнаған
2 аялдама
Әлдилеп, аялап, өсірген жемісін,
Самал жел, сая бақ құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де мен саған сәбимін.
Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын.
3 аялдама
Өтеуге борышың, анашым, жан сырым.
Іздедім сен үшін әлемнің асылын.
Әлемнің байлығын сыйлар ем, кеш мені,
Сыйлар ем ай, күнін, қолыма түспеді.
4 аялдама
Ете гөр, қанағат, әзірге берерім,
Балалық махаббат, балалық жүрегім.
Бол риза, анашым, қолдағы осы бар,
Өзіңе арнаған әнімді қосып ал.

5. Сергіту сәті Ана туралы жыр
6. Ой толғаныс.
Ана тақырыбына шағын эссе.
7. Галереяны шарлау
8. Қорытындылау.
Балалар бүгінгі сабақтан өмірлік азық болатын не алдыңдар?
Шығу парағы
Нені білдік?
Неге үйрендік?
Сұрақ
Жүректен жүрекке
Аяулы анашым


Скачать


zharar.kz