Сабақтың тақырыбы: Тамырын жайып тереңге
Сабақтың мақсаты: - отбасы құндылықтары, ата - баба дәстүрі, ұрпақтар сабақтастығы туралы білімдерің кеңейту.
Көрнекіліктер: мақал - мәтелдермен карточкалар, слайд
Шаттық шеңберіңде оқушыларға сөзі: Б. Тәжібаевтың, әні: Е. Хасанғалиевтің
"Ауылым - әнім" атты әні орындауын ұсынылады.
Әңгімелесу оқулық бойынша жүргізіледі.
1. Өздеріңнің жақындарыңа деген сый, құрметіңді қалай білдіресіңдер?
2. Отбасы мүшелерінің ой - ниетімен, көзқарасымен, сезімімен санаса білесіңдер ме?
3. Отбасыдағылармен пікірлерің, көзқарастарың тоғыса ма?
Ал алуан түрлі болса ше?
4. Үлкендердің ризашылығын қалай алуға болады деп ойлайсыңдар?
Отбасынан бастау алар Отаның
Әке – асқар тау, ана – мөлдір бұлағын.
Бұлақ суын қанып ішсе жас өркен,
Қаулап өсер терең жайып тамырын дей отырып
оқулықта берілген П. Джон Боз орамал атты әңгіме бойынша Төлекова Марияның слайды көрсетіледі.
Әңгімелесу:
1. Әңгімені тыңдағанда қандай сезімде болдыңдар?
2. Жасөспірім ата - анасынан қол үзіп кетуінің себебін қалай түсіндірер едіңдер?
3. Оның сағынышының сыры неде?
4. Ата - анасының ұлына деген сезімдерін сипаттап беріңдер?
5. Әңгіменің басты идеясы қандай деп ойлайсыңдар?
Оқушыларға топпен мақал - мәтелдерді құрастыру тапсырма беріледі
аға Алты болмас, әке бірігіп
ана жеңге бірігіп Жеті болмас.
ата - анасы. ұстазы бас Баланың
не қылсаң, Атаңа келер. алдыңа сол
күйік. Баланың жақсысы - жаманы - қызық,
Дұрысы:
Алты аға бірігіп әке болмас
Жеті жеңге бірігіп ана болмас
Баланың бас ұстазы ата - анасы
Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер
Баланың жақсысы - қызық, жаманы - күйік.
Ата - анаға деген құрмет діни әдебиеттерде де жазылған.
Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерінде ең алдымен ананы құрметтеу парыз екені айтылады
Әуелі анаңа, тағы да анаңа, тағы да анаң, содан соң әкеңе жақсылық жаса ; Егер атаң мен анаң бір мезгілде үн қатып қалса, әуелі анаңа жауап бер ; Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, парызыңды өтей алмайсың ; Кімде - кім ата - анасының ризалығын алған болса, Алла оның өмірін ұзартады .
Біздің дініміз де Ананы бәрінен де артық ардақтауды талап етеді.
Халықтың дәстүр қағидаларында да мынадай жазылмаған заңдар бар!
● Ата - анаға қарсы сөз айтпайды.
● Өз ата - анасын жамандамайды.
● Ата - анасы алдында, ақсақал, әйел алдында қанша ашуланса да, балағат сөз айтпайды.
Әр адам мұны бұлжытпай орындауы тиіс.
Атақты адамдардың ата - ана туралы айтылған ұлағатты сөздер:
1. Ата - ананы ұмытқан жас – опасыздың опасызы, рақымсыздың рақымсызы. Ғ. Мұстафин.
2. Ата - ананың қадірін білмеген – халық қадірін білмес. Ғ. Мұстафин.
3. Ата бабасын сыйламау – азғындықтың белгісі.
А. С. Пушкин
4. Баланың жақсысы – әке мен шешенің ары, ата - ананың абыройы, жаманы – қайғысы, азап соры.
В. А. Сухомлинский
Алматы облысы, Ақсу ауданы, Арасан ауылы,
Барлыбек Сырттанов атындағы орта мектебінің
психолог - өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі
Ниязова Светлана Тоқтарқызы