Сабақтың тақырыбы: Сын есімнің мағыналық түрлері
Сабақтың мақсаты: білімділік - сын есімдердің мағыналық ерекшелігін таныту, жасалу жолдарын ажырата білуді меңгерту;
дамытушылық - оқушылардың ой қабілетіне әсер ету арқылы өздігінен жұмыс әрекеттерін дамыту, тапқырлық ізденімпаздық, алған білімдерін пайдалана білу қабілетін арттыру; тәрбиелік - сөздің мағынасына мән беруге тәрбиелеу білім алуға, оқуға құштарлық сезімінің артуына ықпал ету.
Сабақтың типі: жаңа білім беру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, талдау, топтастыру, ойын.
Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Балалармен амандасып, түгендеп, зейіндерін сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын сұрау.
1. 142 - жаттығудың орындалуын тексеру. Зымыран сұрақтарға жауап алу.
2. Сын есім дегеніміз не?
3. Тұлғасы жағынан сын есім нешеге бөлінеді?
4. Негізгі сын есім дегеніміз не?
5. Туынды сын есім дегеніміз не?
6. Құрамына қарай нешеге бөлінеді?
7. Дара сын есім дегеніміз не?
8. Күрделі сын есім дегеніміз не?
9. Сын есім жасайтын жұрнақтарды ата.
Жаңа сабақ.
Төмендегі сын есімдерді негізгі, туынды сын есім деп бөлек - бөлек жазу.
СЫН ЕСІМ
Жаңа сабаққа жаттығу жұмыстарын орындату
146 - жаттығу (жазбаша)
Сапалық сын есім Қатыстық сын есім
Сергіту сәті (Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын арттыру мақсатында)
Бір сөзбен айтқанда
1. Қиыстырып, тауып сөйлейтін сөзге шебер адам
2. Айтқанға сене салатын, еш нәрсені байқамайтын адам.
3. Тез ашуланатын адам.
4. Көрінгенге соқтыға беретін адам.
5. Керексіз көп сөйлейтін адам.
6. Бойы ұзын адам.
7. Әркімнің сыртынан жаман сөз айтып жүретін адам.
8. Бір сыныпта, бір мектепте оқыған басқаларды бір сөзбен айтқанда.
147 - жаттығу (ауызша)
Жұмбақтарды оқып шығыңдар. Қатыстық сын есімдерді тауып, қай сөз табынан жасалғанын айт.
1. Әрі шешен, әрі әнші, әрі күйші,
Әр үйде бар, тапқышым, кәне, білші. (радио)
2. Темір қайшы - қос қайшы,
Шығыршықсыз бос қайшы.
Еңбектерге дос қайшы,
Еріншекке қас қайшы (сағаттың тілі)
3. Ешбір тілеусіз күмбез,
Ешбір сүйеусіз күмбез.
Ешкім көтере алмайтын күмбез,
Ешкім төңкере алмайтын күмбез. (аспан)
Ойлан, ізден, тап.
1. Оңға қарай оқысаң да, солға қарай оқысаң да сын есім болатын қай сөздер?
2. Екі әріптен ғана тұратын сын есім.
3. Құрамында үш а әрпі келетін сын есімді тап.
4. Тек қана қ әрпінен басталатын сын есімдерді ата.
5. Қара - қызыл, түкті - түсіз сын есімдерді қай жұмбақтарда кездеседі?
151 - жаттығу.
Төмендегі өлең жолдарын есте сақтап жазу (берілетін уақыт 3 минут)
Жайлау
Жайлау қандай тамаша,
Көзді тартар қараса.
Қызыл - жасыл төңірек
Бейне жайған алаша.
Жылдам жауап.
Сын есімнің астына қатарлап сын есім жазыңдар. Тегінен оқығанда бірінші сөз шығатын болсын.
Үлгі:
асқақ ------- тәтті ------ жақсы ----- аласа
сезім -------- ә ---------- а ----------- л
қасқа --------- т ---------- қ ----------- а
ақылды ----- т ---------- с ----------- с
қоңыр ------- і ---------- ы ----------- а
Құрамындағы қатыстық сын есімдерді табу керек.
Өзімді - өзім сынаймын.
Бұл ойынға 12 тестік сұрақ белгіленеді. Әр оқушы бір сұраққа жауап береді. Әр сұрақтың астында белгілі ұтыс заттары бар. Дұрыс жауап берген оқушы алуға құқылы.
1. Сын есім
А) заттың санын білдіреді Ә) заттың атын білдіреді. Б) заттың сапасын білдіреді.
Ұтыс: дәптер
2. Сапалық сын есімді тап.
А) қорқақ Ә) білгіш Б) ашушаң
Ұтыс: сызғыш
3. Сын есімнің сұрақтары.
А) не істеді? Ә) қандай? қай? Б) қанша? неше?
Ұтыс: қалам
4. Жұмбақты шешіп, сын есімді тап.
Белі бүкір, алысқа түкір.
Ұтыс: кәмпит
5. Туынды сын есімді тап.
А) жалтыр Ә) тәртіпті Б) биік
Ұтыс: өшіргіш
6. сын есімді тап.
А) кеше Ә) әлсіз Б) сары
Ұтыс: күнтізбе
7. Негізгі сын есімді тап.
А) таза Ә) әлсіз Б) кешкі
Ұтыс: 5 баға
8. Жұмбақты шешіп, сын есімді тап.
Аттан биік, иттен аласа.
Ұтыс: стержен
9. Қатыстық сын есімді тап.
А) заңгер Ә) ымырт Б) өнегелі
10. Төмендегі сөздерге қарсы мәндес сөздер тауып айт.
А) семіз Ә) мөлдір Б) сотқар
Ұтыс: маркер
11. Дара сын есімді тап.
А) тап - таза Ә) ақ Б) өте жақсы
Ұтыс: қаламсап
12. Құрамындағы үш т әрпі кездесетін қандай сын есім?
Сабақты бекіту:
1. Сын есімнің біздің өміріміздегі рөлі.
2. Сын есімнің мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
3. Сапалық сын есім дегеніміз не?
4. Қатыстық сын есім дегеніміз не?
Қорытынды.
Оқушыларды сабаққа қатысуларына қарай бағалаймын.