Сөздің құдіреті

Скачать

Сөздің құдіреті.
Көшеде көзі көрмейтін бір соқыр қария қайыр сұрап отырды. Оның алдындағы қорапшада бірнеше тиын - тебен ғана жатты. Күннің аптап ыстығы оның сидиған ұзын аяқтарын әбден күйдіріп жіберген. Сол сәтте оның қасына сүйкімді бір жас келіншек келіп, сәл аялдап, қарияның алдындағы тақтайшаға бір нәрселер жазып кетті. Басын изеп қана қойған қария оған ештеме деп тіл қатқан жоқ. Біраз уақыт өткеннен соң әлгі келіншек қайта айналып келе жатты, қарт оның келе жатқанын аяқ тықыры жылдам әрі жеңіл болуынан байқады. Ол сәтте қарияның алдындағы қорапшаға әжептеуір көп тиын жиналып қалып еді.
– Айналайын, қызым менің алдымдағы тақтайшадағы жазуды сен өзгерттің бе? – Мен онда не деп жазылғанын сұрайын деп едім?
– Онда тек шындық жазылған, ал мен оған аздап түзету енгіздім. Дәл қазір айнала қандай әдемі алайда, сол әдемілікті мен ешқашан көре алмаймын , деп жазылғанын қарияға айтып, күлімсіреген келіншек бірнеше жаңа тиындар тастап, бұрылып кетіп бара жатты.


Скачать


zharar.kz