Жас мамандарға тренинг сабақ
Мақсаты:
1. Мұғалімнің әртүрлі жағдайда педагогикалық шеберлікті дұрыс пайдалана білуін дамыту.
2. Мұғалімнің кәсіптік деңгейін байқау және дамыту.
3. Мұғалімнің кәсіптік – педагогикалық ерекшеліктерін және эмоция жағдайларын дұрыс пайдалана білуіне жаттықтыру.
Қажетті материалдар мен көрнекіліктер: кестелер, үлестірмелі қағаздар, доп.
Өткізілу әдісі: тренинг, қызықты сұрақтар, жаттығу.
Бүгінгі күнімізді жағымды көңіл - күймен бастайық! (ұстаздарға арналған психологиялық ойын)
І. Сәлемдесу: Танысу шеңбері
Барлық қатысушылар дөңгеленіп отырады. Бір - бірімізді жақсы білеміз бе?
Алдында отырған адамның жақсы нені ұнататынын ұнатпайтын бір қасиетін айтып шығады. Мысалы: сурет салғанды ұнатады, кітап оқығанды ұнатпайды.
ІІ. Сергіту сәті: Қасиеттер жиыны ойыны.
Қажетті құралдар: доп
Уақыты: 10 - 15 минут
Барысы: Ұстаздар ортаға шығып, дөңгеленіп тұрады. Жүргізуші қолына допты алып, ортаға шығады. Кез келген қатысушының біреуіне допты лақтырып қалып, бір әріпті айтады. Допты қағып алған ойыншы сол әріптен басталатын бір қасиетті айтады. Мысалы:
Жүргізуші: Ә әрпі
Ойыншы: Әдемі
Ал сіз суреттен ненің бейнесін байқадыңыз?
А) Суреттен нені байқадыңыз?
Cуретке қарап, ойланбастан ненің бейнесін байқағаныңызды айтыңыз. Соған байланысты сіздің мінезіңізді анықтауға болады. Көрген суретіңізге сәйкес сипаттаманы оқып, өзіңіз жайлы жаңа сырлар ашыңыз.
Сонымен бұл суреттен сіз мына бейнелерді байқай аласыз:
Ай
Суреттен бірден жаңа туылған айдың бейнесін байқағандарды аса мұқият деп айтуға болмайды. Сіз қызуқандысыз, ойыңызды бірден айта саласыз. Кез - келген мәселенің көзге түсіп тұрған жақтарын байқап, әрі қарай зерттемегенді жөн санайсыз. Бұл сіздің ылғи асығыс болуыңызға байланысты. Болашақта асықпай, мәселенің мән - жайын түсініп алып, шешім жасауға үйреніңіз.
Ақ түсті келбет
Ай емес, адамның ақ түсті бетін байқаған кісінің қиялы жақсы дамыған. Сіз күнделікті үйреншікті шаруаларға креативті қарап, әр күніңізді түрліше өткізуге тырысасыз. Есесіне шаршататын бірсарынды жұмыстан қашасыз.
Қара түсті келбет
Бұл суреттен қара түсті бетті байқай алатындар аз. Егер сіз бірден суреттен қара түсті бетті байқаған болсаңыз, өзіңізді ерекше тұлға деп санай беріңіз. Сіз басқаларға қарағанда ұсақ - түйектердің барлығын байқайсыз. Шығармашылыққа жақын, рухани құндылықтарды бірінші орынға қоятын жансыз.
ІII. Ой сергіту:
Қажетті құралдар: сурет бейнеленеген және сұрақтар жазылған үлестірмелер.
Барысы: Барлық мұғалімдер 2 топқа бөлініп отырады. Әр бір топқа алдын ала дайындалған үлестірмелер таратылады. Бұл үлестірмелерде басқарудың әдісі бейнеленген сурет және тақырыпқа сай сұрақтар жазылған. Әрбір топ суретке қарап, берілген сұраққа жауап бере отырып, өз ойымен бөлісуге тиіс. Дайындыққа: 5 минут, әр бір топқа сөйлеуге: 5 минут уақыт беріледі.
ІV. Құпия сөздер топтық ойыны.
Қажетті құралдар: ақ қағаз.
Барысы: Қатысушылар 3 топқа бірігеді. Әр бір топ көп сандар жазылған қағаздан алады. Бұл сандардың артында жасырын сөздер бар. Қатысушылардың міндеттері: берілген әліпбиге қарап отырып, әрбір жасырын сөзді тауып, кейін толық сөйлемді құрап шығу. Барлығын өте тез, шапшаң орындау керек. Орындалу уақыты тіркеледі.
1) Не үшін өмір сүру керектігін білген адам, кез - келген жағдайға төтеп бере алады.
2) Бақыт – ол уайым - қайғысыз өмір емес, бақыт – ол жанның күйі.
А) Жарнама агенттігі ойыны
Мақсаты: ойынмен өзара әрекеттесу арқылы мұғалімдердің ұжымын нығайту.
Міндеттері:
• Ойын тәжірибесін зерделеуге үйрету.
• Ұжымдық өзара әрекеттесу дағдыларын дамыту.
• Өзінің әрекеті мен шешіміне жауапкершілікпен қарауға үйрету.
Жас мамандарға тренинг сабақ жүктеу