Мағжан Жұмабаев
(Мятловтан)
Айтшы, бұтақ, қай жаққа,
Жолың болсын, жүзесің?
Толқыннан таудай қорықпастан,
Теңізді түпсіз кезесің!
Апырм - ай, жаным, байқай көр,
Ашулы теңіз мерт қылар.
Шамаң бар ма теңізбен
Білгенің қыл! - деп серт қылар
Бұтақ дейді: Теңізден
Сақтану маған не керек?
Мен - құрыған бір дене,
Жоқ енді менде тіршілік!
Ата - анам - ағаштан
Айырды мені жауыз жел.
Енді мейлі айдасын
Тілеген жаққа су, дауыл!