Сабақтың мақсаты: Күйшінің өмірбаяны, күйлерінің шығу тарихымен
таныстыру.
І. Күй ойнау қызығушылығын ояту.
ІІ. Есте сақтау қабілетін дамыту.
ІІІ. Динаның күйлері арқылы оның тәрбиелік маңызын жеткізу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Домбыра үйрену: оң қол қағыстарына жаттығулар.
Көрнекілік: Күйші суреті, аспаптар, ноталар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі: (Сәлемдесу оқушыларды түгендеу, аспаптарды
даярлау)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Сұрақ - жауап арқылы үй тапсырмасын бекіту.
ІV. Жаңа сабақ: Динаның күйі Тойбастар Нүрпейіс келіні Дина - қазақтың әйгілі композиторы 1861 жылы Бекетай құмы, Жаңақала ауданында дүниеге келген. Дина жас кезінің өзінде ақ Даулеткерей, Түркеш, Есжан, Байжұма сияқты күйшілердің күйін нақышына келтіре тартып, төңірегі домбырашы қыз деп атаған. Қаршадай қыздың даңқын естіп, әйгілі Құрманғазы арнайы іздеп келген. Ол Динаның домбыра тартысына сүйсініп, болашағынан үлкен үміт күтіп, батасын беріп домбыра тартудың терең сырларын үйреткен. Динаның көптеген күйлері бар Әсем қоңыр , Жеңіс , Ана бұйрығы , Тойбастар т. б. сол күйлердің ішінен біз Тойбастар күйін үйренеміз. Халық творчествосының 1 - олимпиадасында домбырашылық өнерімен көзге түсіп бірінші дәрежелі сыйлық беріледі. Осы орайда өзінің Тойбастар атты күйін сыға тартады. Бұл шығарма жарқын көңіл мен қуанышты сезімді білдіреді. Халықтың ерлік еңбегі, салтанатты тұрмысы жырланады. Үш бөлімді шағын композициядан тұратын шығармашылық І - бөлімін үйренеміз.
І. Күйдің екпіні – жүрдек.
ІІ. Өлшемі 2 4
ІІІ. Қағысы. П П V П V I П П V П V І П V П
Үнтаспадан Тойбастар күйін тыңдап тактілеп талдап ойнаймыз жәй екпінде.
Сабақты бекіту: І. Домбыра тартудың терең сырларын үйреткен күйші кім?
ІІ. Қандай екпінде орындалады.
Сабақты бағалау: Сабаққа қатысқан оқушыларды мақтау әдісімен бағалау.
Үйге тапсырма: Күйші туралы мәнжазба жазып келу. Күйді жәй екпінде ойнап келу.