Қазақ әдебиеті 6 сынып
1. Сабақ тақырыбы: С. Сарғасқаев Тәмпіш қара
2. Сабақтың мақсаты:
Білу: С. Сарғасқаевтың кім екенін, Тәмпіш қара әңгімесінің желісін білу.
Түсіну: Шығарманың мазмұнын түсіну.
Қолдану: Шығармадағы достықты, әділдікті, еңбексүйгіштікті өз бойында қолдану.
Талдау: Шығарманы негізгі бөліктерге жіктей білу, басқа шығармамен салыстыра білу.
Жинақтау: Оқушылардың бойындағы бүкіл қасиеттерін жинақтауды үйрену.
Бағалау: Шығарма желісінің маңыздылығын бағалау.
Сабақтың типі: Білімді, дағдыны, іскерлікті қалыптастыру.
Сабақтың формасы: жеке, топтық, жұптық.
Қолданылатын әдістер: сұрақ - жауап, баяндау, талдау, зерттеу, Венн диаграммасы.
Құрал - жабдықтар: 1. Плакаттар, маркер, стикер
Көрнекіліктер: Жұмыс дәптері, С. Сарғасқаев шығармашылығы, интернет материалдары, ақын портреті
Пайдаланылған әдебиеттер: 6 - сыныпқа арналған әдебиеттен дидактикалық материалдары
Мұғалімнің әрекеті
І. Ұйымдастыру кезеңі:
А) сәлемдесу;
ә) оқушыларды түгендеу;
в) сабаққа дайындықтарын тексеру.
ІІ. Мотивация. Оқушыларға бір - бірінің қолдарын ұстатып, көздерін жұмғызу және бір - бірлеріне іштей жақсы тілектер тілету.
Үй тапсырмасын сұрау.
Топқа бөлу.
ІІІ. Жаңа сабақ
- Мақсат қою
С. Сарғасқаев туралы не білеміз?
Түрткі сұрақтар:
Ол қандай адам болған?
Шығарма кімдер жайында?
Шығармада қай кезең суреттеледі
Топтық жұмыс
І топ - Бөлімдері:
• Танысу
• Тілеп алған азап
• Әзілі ме шыны ма?
• Өкініш
• Теке қарт
• Не болды бізге?
• Бұдан кейінгі күндерде …
• Ойламаған жерден
• Үш күн қалғанда
ІІ топ - Повестегі басты - басты оқиғалар:
• Шаншатайдың ауылға келуі.
• Балаларды егін басына ертіп баруы.
• Егін басындағы балалардың өнері.
• Балалардың Октябрь балалары газетімен танысуы.
• Баллардың қырман басынан қайтардағы қырманшыларға өнер көрсетуі.
• Шаншатайдың доп қуу ойынын ұйымдастыруы.
• Шаншатай мен Иманбектің төбелесі.
• Балалардың Теке қартпен кездесуі.
• Келдібек директордың балаларға пионерлік тапсырма беруі.
• Ауылға радио келуі.
• Иманбектің кешірім сұрауы.
• Ауыл баларының мәдениеттілігі.
• Ауылға газет келуі.