Қазақ тілі - қазақ халқының ана тілі екенін түсіндіре отырып, қазақ тілінің мәртебесін аяққа баспай қашанда биік ұстауға үйрету

Скачать

Қазақ тілі 9 сынып

Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі - қазақ халқының ұлттық тілі
Сабақтың мақсаты: а) Қазақ тілі - қазақ халқының ана тілі екенін түсіндіре отырып, қазақ тілінің мәртебесін аяққа баспай қашанда биік ұстауға үйрету;
ә) Оқушылардың бойына әдептілік, инабаттылық, қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру;
б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу,

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар, суреттер
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Біз қазақ тілінің түркі тілдері тобына жататынын білеміз. ХІҮ - ХҮ ғасырларда қазақ ұлысы болып қалыптаса бастаған қазақ елі өз тілі мен өнері, мәдениетін де тарих сахнасына алып шықты. Тіл - мемлекеттік нышан ретінде танылатын басты құндылық. Қазақ халқы өз тілін ардақтап, кие тұтқан. Тіл құдіретін танып, Өнер алды - қызыл тіл , Бас кеспек бар да, тіл кеспек жоқ деп дәріптеген. Ананың әлдиімен ұрпақ бойына таралып, ананың бал сүтімен сүйегіне сіңетін тілді ана тіл деп аялаған. Атаның ақылы мен даналығына суарылған сөз аталы сөз боп есептелген.
Қазақ тілі - әуезді де бай тіл. Неше ғасырлық тарихы бар, ауызша да, жазбаша да мол мұрасымен танылған тілімізді бабаларымыз қасиетті деп қастерлеп, ұрпақтарына аманаттаған.
Қазақ халқының әдеби мұралары ауызша таралып, ғасыр белестерінен, тағдыр сыны мен елегінен өтіп, уақытпен бірге жасап келеді. Халқымыздың жазба мәдениетінің де тарихына да назар аударайық. Түркі тілдеріне ортақ тарихи жазба мұралар негізінен үш дәуірді қамтиды.

Толық нұсқасын жүткеу


Скачать


zharar.kz