Әлпештеген баласын, Айналайын анашым

Скачать

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы ауылы
"Балауса"балабақшасының тәрбиешісі Капуова Гулшат

Ана - өмір шуағы

Жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар!
Азиза: Армысыздар, мейірімді әжелер!
Нұрас: Армысыздар, қызғалдақтай құлпырған қыздар!
Жүргізуші: Ана десем сезім билер тым ыстық,
Жарасады адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірімін,
Орнар еді бар әлемде тыныштық.
Аналар, барша қонақтар 8 - наурыз мерекесі құтты болсын!

Жүргізуші: Құрметтейік балалар аналарды
Бізді өмірге әкелген даналарды
Себебі ана деген асыл жан ғой
Ойлауменен істелік әр қадамды.
Аналар мейрамдарыңыз құтты болсын!
Жүргізуші: Баурап алар бірақ ауыз сәлемі,
Қазақ қызы әдепті де әдемі.
Қазақ қызы – ақылына көркі сай,
Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі.
Құрметті қыздар мерекелеріңіз құтты болсын!

Жүргізуші: Бүгін біз көктемнің алғашқы мерекесі 8 - наурыз аналар мерекесін тойлауға жиналып отырмыз. Мерекелеріңіз кұтты болсын!
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Қаймақты сүттей қалқытқан
Суық болса жөргегі
Қорғасындай балқытқан
Айналасына ас қойып,
Өзенді көлдей шалқытқан.
Қолын қатты тигізбей,
Иісін жұпар аңқытқан
Бұл кім?
Балалар: Ана, ана, ана!

Жүргізуші: Құрметті аналар, қадамдарыңызға гүл бітсін, сіздерге арналған мерекемізді бастаймыз.
Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық.

Жүргізуші: Ән:"Апатайым - анашым"
Бүгін наурыздың 8 - і
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі,
- дей келе келесі кезекті балаларыңыздың сіздерге арнаған тақпақтарына берейік.
Тақпақтар

Нұрасыл
Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым,
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де
Азиза
Мені жақсы көреді,
Күндей күліп жүреді,
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.
Ақмаржан
Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамыңмен құттықтаймын.

Нұрсәуле
Менің әжем мейірбан,
Мені жақсы көреді.
Қажетіне жарасам,
Жас балаша күледі.
Жанар
Ақ қабақты анашым,
Күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым.
Азамат
Әже деген көп шығар,
Әжемдей жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі,
Қандай ғажап күлкісі.
Салтанат
О, Алақай балалар
Шақырады далалар
Көктем келді гүл алып
Құстар келді жыр алып.

Әсел
Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір - бірден
Аналарға сыйлаймыз.

Серік Ақниет
Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді,
Сыйлайды оны бар адам.
Ақниет
Мәпелейсің мені анам,
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай
Өркен
Бізді өсірген апатай,
Еңбегіңде зор екен
Құтты болсын апатай
Құтты болсын мерекең
Айкөркем
Аялаған саялаған,
Бар бақытым берекем
Апатайым құттықтаймын
Бүгін сенің мерекең.
Нұрдәулет
Әлпештеген аялаған
Ақсүт берген апатайым
Тақпақ айтып бүгін саған
Мейрамыңмен құттықтаймын.
Әдемі - ай
Біз доспыз гүлдермен
Тек оны жұлмаймыз.
Той күні бір - бірден
Анаға сыйлаймыз.
Эмилия
С праздником весны тебя поздравляю!
Счастья, здоровья, веселья желаю!
Пусть эта весна принесёт для тебя
Много улыбок, тепла и добра!
Ажар
Ана өмір шырағы
Ана өмір бұлағы
Бесігімнің жыр әні
Жүрегімде тұрады
Рауан
Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз
Әжені де ардақты
Әдеппен бас иеміз
Көрініс: Әжелер

Жүргізуші: Бар табиғат нәр алып,
Шыға келер жаңарып
Қызғалдақ боп құлпырып
Көктем – біздің балалық.
Ойын: "Гүл сыйлау"
Жүргізуші: Шалқып тасып әніміз
Жадырасын жанымыз
Ана сізді құттықтап
Би билейміз бәріміз
Сүйікті аналар балаларыңыз сіздерге арнап би билейді.

Би: "Бақытты балалық шақ"
Жүргізуші: Мерекені қарсы алып,
Мәз болғанда барша жұрт,
Гүл ұсынып қыздарға,
Сыйлық бердім мен өзім - дей отырып қыздарға арналған сыйлығымызды табыс етуге рұқсат етіңіздер

Балалар: Кетті қысқы ызғар
Еріп жатыр мұздар
Мерекеңіз бүгін
Қызғалдақтай қыздар!
Жүргізуші: Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін,
Жылытар жүрегіңді көз көп дейін
Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге
Қол соғып қарсы алайық Мама әнін
Ән:"Мама"

Жүргізуші: Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап
Ауырмашы анашым!

Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған - анамыз емес пе? Олай болса, әр баланың өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен, соны табыс етсін!
Балалар: Үн қатасың бал тілмен
Еркелеймін күнде мен
Құттықтаймын анашым
Сегізінші наурызбен!

Жүргізуші: О, анашым неткен жансың мейірімнен жаралған
Мәнгілікке арамызда шалқып - тасып жүр аман
Егер де сен еш ауырмай, күліп - ойнап қуансаң
Бұл тәңірден одан басқа, ешбір тілек сұрамаң
Өмірдегі ең асыл жан - АНА. Сол үшін балалар аналарымызды сыйлайық, ардақтайық, еш уақытта ренжітпейік.

Жүргізуші: Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен кешімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі Ана – өмір шуағы атты ертеңгілігіміз аяқталды.


Скачать


zharar.kz