Математика пәнінің мұғалімі
Танжанова Майгүл Қабдоллақызы
Математика сабағында пәнаралық байланыстарды қолдану
Пәнаралық байланыстар дегеніміз - жаратылыстану - математикалық цикліндегі пәндер мазмұнында табиғаттағы нақты өзара байланыстардың реттеліп бейнеленуін қамтамасыз ететін дидактикалық шарт. Математикалық ерекшеліктердің арқасында ол үшін пәнаралық қатынастардың жүзеге асырылуы өмірмен тәжірибенің, оқытудың байланысының қағидасы талаптарының бірі болып саналады. Математиканы оқытудың мақсаттарының бірі, бұл оқушыларда диалектика - материалистік дүниетанымының қалыптасуы, мұнда оқушылардың нақты әлемді, диалектикалық өзара байланыс құбылысын түсінуге мүмкіншілік берудегі пәнаралық қатынас басты рөл атқарады. Оқушыларды диалектика - материалистік дүниетанымға тәрбиелеуіне математика сабағында физика, химия ғылымдарымен байланысты есептер шығаруы көп көмек көрсетеді. Мұндай есептерді таңдағанда және шешкенде математика сабағында оқушылардың математикалық дайындығын ескеру қажет.
Пәнаралық қағидаларды жүзеге асыру оқу бағдарламаларынан басталады. Сондықтан алдағы уақытта осы теориялық зерттеулерді іс жүзіне асыру бағытында жұмыс жүргізілуі керек, ол үшін:
• оқу пәндерінің жаңарған мазмұнындағы байланыстыра оқытуға болатын неғұрлым маңызды, өзекті тақырыпты айқындау;
• оқу пәндерінің құрылымдық логикаларын осы пәндердің өзара байланысы тұрғысынан қарап, қажетті түзетулер енгізу;
• курстардағы өзара байланыстыра өтілетін тақырыптарды уақыт бойынша жүйелеу қажет. Енді атап айтқанда математика пәнінің басқа пәндермен байланысын қарастыратын болсақ, қазіргі заманда кез келген пәнді тиімді оқыту үшін компьютерлік техника маңызды рөл атқарады және информатика курсы математика курсымен тығыз байланыста.
Технология, сызу пәндерімен байланысы
Фанерден өлшемдері 40 см, 20 см, 15 см болатын тікбұрышты параллелепипед түріндегі ашық қорап жасау керек. Қорапты жасау үшін қанша фанер керек? Оның көлемі қандай болады?
Технология, сызу пәндерімен байланысы
Ұзындығы 25 м, ені 6 м және тереңдігі 3 м тікбұрышты параллелепипед пішіндегі бассейн салу үшін котлован қазылды. Ол үшін қанша куб метр жер алыну керек?
Аквариумнің өлшемдері 80 см, 45 см, 55 см. Су деңгейі аквариумнің жоғарғы шетінен 10 см төмен тұруы үшін қанша су құю керек?