Сиыр қабырғасы - 800 - 1000грСиыр қабырғасын маринадтау үшін:Соя соусы - 2 ас қасықТомат - 1 шай қасықСұйық май - 2 - 3 ас қасықСарымсақ - 2 түйірШекер - 1 ас қасықТұз - дәміне қарайҚара бұрыш - дәміне қарай

Скачать

Сиыр қабырғасы – 800 - 1000гр

Сиыр қабырғасын маринадтау үшін:
Соя соусы – 2 ас қасық
Томат – 1 шай қасық
Сұйық май – 2 - 3 ас қасық
Сарымсақ – 2 түйір
Шекер – 1 ас қасық
Тұз – дәміне қарай
Қара бұрыш – дәміне қарай

▪ Алдымен етті жуып, кіші бөліктерге бөліп алу керек.
Маринадты дайындау.
▪ Соя соусы, томат, сұйық май, шекер, тұз, қара бұрыш, езілген немесе майда туралған сарымсақты салып араластыру керек.
▪ Дайын болған сұйықтықты қабырғаның үстіне құйып әбден тегіс жағылғанша араластырып, бетін жауып екі сағатқа қалдыру керек.
▪ Екі сағаттан соң қабырғаны ет пісіруге арналған целлофанның ішіне салыңыз, сұйықтықтың қалғанын құймаңыз, соңында керек болады. Табаға салып, 180 градус пеште 40 минут пісіру қажет.
▪ 40 минуттан соң қабырғаны пештен шығарып целлофанды шешіп алып тастаңыз да, қабырғаны табаның ішіне салып, алдында қалған сұйықтықты қабырғаның бетіне жағып тағы 10 минуттай пешке қойыңыз.
Асыңыз дәмді болсын!

Дайындаған: Жадыра

Өзіңіз білетін тағам түрлерінің рецептін басқалармен бөлісуіңізге болады, сайтта жарияланады, поштаға жіберуге болады: @yandex


Скачать


zharar.kz