1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Өзім туралы. Сәлем саған мектебім! Сөйлеу.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
1. 2 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау
1. 3 Тыңдалған материалды мазмұндау
1. 1. 1. 1 тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну
Сабақтың мақсаттары: Барлығы: Сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. Оқиғаларды тыңдайды.
Көбі: Анық сөйлеу арқылы, тақырыпты талқылайды.
Кейбірі: Анық және толық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.
Жетістік критерийлері: Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды дарыту: Оқушыларды бір - біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары: Аудиожазба, таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік: Мектеп, школа,
school.
Сабақ барысы
Сабақтың басы
5 минут Ертеңгілік шеңбері
Таңғы шеңберде тұрған оқушылар бір – бірімен Сәлем! деп амандасады.
Берілген өлеңді түрлі эмоциямен айту. (көңілді, көңілсіз, ашулы)
Бірінші күн - дүйсенбі
Екінші күн – сейсенбі
Үшінші күн – сәрсенбі
Төртінші күн — бейсенбі
Бесінші күн — жұма
Алтыншы күн - сенбі
Жетінші күн - жексенбі.
Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту.
Шаттық шебері
Өзім туралы. Сәлем саған мектебім! Сөйлеу. жүктеу