Абдужалилова Райхан апайға сөз беру

Скачать

Гүл көктем, ару көктем

Мақсаты: Көктем мерекесіне орай іс - шараларда қыздарды әдептілікке, әсемдікке, инабаттылыққа, сыпайылыққа, ата - баба дәстүрін біліп, үлкенге ізет кішіге ілтипат көрсете білуге ана мен қыз бала арасындағы сыйластықты арттыруға тәрбиелеу. Ақыл - парасатын талғампаздығын, көрегенділігін, шеберлігін анықтау.
Жүргізуші: - Аяулы аналар, жайдары әжелер, апайлар, қыздар 8 - наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтаймыз.
Көктемнің шуақты күндеріндей,
Сан - алуан гүлдеріндей – құлпырып жайнай беріңіздер.
Жүздеріңізден шаттық, көңілдеріңізден қуаныш арылмасын.
Құрметті қонақтар, бүгін сіздерді Бүлдіршін шағын орталығындағы қыздар арасындағы Гүл көктем, ару көктем топаралық сайысты тамашалауға шақырамыз.

Сайыс бес бөлімнен тұрады.
1. Тегін білу, тектілік (қыздар өздерін таныстырады)
2. Өнерлінің өрісі кең.(өнерлерін көрсету)
3. Қиылған суреттерді құрастыру ( Таным білім беру саласы бойынша)
4. Дәм - думан. (анасын көріп қызын ал)
5. Қыздарға әсемдік жарасады (көктемгі сән киім үлгісін көрсету)
Шағын орталық әдіскері: Абдужалилова Райхан апайға сөз беру.

Жүргізуші: Өнерпаздар өнерлерін салыстырып
Бәйге үшін терлетер шабыстырып
Әділдікдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейін әділ қазыларды таныстырып.
------------------------------------------------------
Жүргізуші: Балғын жүзі албырап
Қанатын жаңа қаққан.
Қарсы алайық аруларды,
Сайысқа дайын тұрған.

Ι - сайыс бағдарламасы бойынша: Екі топ, топ аттарымен ұрандарын және өздерін таныстырады.
Ι - топ Қызғалдақ
Ұраны: Жайқаламыз, өсеміз
Гүлдей жайнап өлкеміз.

ΙΙ - топ Бәйшешек
Ұраны: Бәйшешектей қырда өскен
Құлпыра өсіп жайнаймыз

Ι топ Қызғалдақ
1. Күлімдеген күн нұрынан жаралған
Жаны жайсаң аналардан нәр алам
Бал - бүл жайнап алдарыңда мен тұрған
Бағдат қызы Кәусар сұлу мен болам.

ΙΙ топ Бәйшешек
1. Жас дәуренім тәтті балдай
Күн шуағын төкті қандай
Елім, жерім, еркелеткен
Мен елімнің еркесімін
Бұл сайыста бақ сынайтын
Базарбайқызы Инабат мен боламын.

Ι - топ Қызғалдақ
2. Таныстырсам өзім жайлы қысқаша
Елім арғын өнерімде айрықша
Сүйікті немересі ата - әжемнің
Ақниет ару қызы мен боламын.

ΙΙ топ Бәйшешек
2. Бауыржанқызы Таңнұрмын,
Таза сәби көңілім
Қуантамын әр күні
Балдай тәтті қылығым.

Ι - топ Қызғалдақ
3. Атса таңым ертеңгі,
Бақытыма сенемін.
Гүлдей жайнап өсемін
Қуанышбекқызы Инабат
Иіліп сәлем етемін.

ΙΙ топ Бәйшешек
3. Мен әжемнің нұрымын
Мен анамның жырымын
Аяулым деген атым бар
Мен бұл топтың гүлімін.


Скачать


zharar.kz