Қалымбет қарттың қалаға келуі

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Нәсіреддин Сералиев Аңсау
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Аңсау әңгімесінен алған білімдерін тапсырмалар арқылы бекіту;
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Аңсау әңгімесі жайлы нақты түсінік беру;
Тәрбиелік: Оқушыларды сыйластыққа, адами қасиеттерді құрметтеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Алған білімдерін кеңейтіп, танымдық біліктіліктерін дамыту;
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: бекіту сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: талдау, СТО әдістері
Сабақтың көрнекілігі: Ата мен бала суреті, кесте
Пәнаралық байланыс: өзін - өзі тану

Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіздер ме балалар! Отырыңыздар! Бүгін кім кезекші? Сабақта кім жоқ? Үйге қандай тапсырма берілді?

II. Үй тапсырмасын сұрау
Үй тапсырмасын сұрау барысында ата мен баланың суреті кесіліп беріледі, сол суреттің артындағы сұраққа жауап бере отырып, тақтаға суретін іледі.
1. Нәсіреддин Сералиев кім?
2. Аңсау әңгімесі не туралы?
3. Сыйластық туралы мақал - мәтелдер айт?
4. Ермектің анасы ермекті не себепті бөтен кісінің қасына жатқызғысы келмеді?

III. Жаңа сабақ
Балалар, бүгін Аңсау әңгімесінен алған түсінігімізді жетілдірмекпіз

І. Жоспар құру
1. Қалымбет қарттың қалаға келуі
2. Ермектің қарияны үйіне ертіп әкелуі
3. Қалымбет қарияның ауылына қайтуы

ІІ. Композициялық талдау
Оқиғаның басталуы: Қалымбет қарттың қалаға баласының тойына жабдық алуға келіп, кешкі уақытта қалып қойғаннан кейін қонақ үйге бармақ болады. Бірақ, қонақ үй қызметкерлері төлқұжатыңыз жоқ деп кіргізбейді. Сөйтіп, амалы қалмаған қария биік үйлердің арасындағы бір орындыққа жантая кетеді.

Оқиғаның байланысы: Ойнап жүрген Ермекке бір қария кел, мұнда тығыл деп айтады сол уақытта бала қарттың жадағайының астына тығылмай, қарттың мойнына асыла кетеді де атам келді деп мәз болып қалады. Кейін Ермек Қалымбет қартты үйіне ертіп апарады да анасына: ата келді, деп қуанышты сезімін айтады. Кейін бала қариядан ауыл, ауылдағы аттар, бауырсақ туралы сұрақтар қояды.

Оқиғаның шарықтау шегі: Ермек ұйықтап жатқан уақытта қарт сездіртпей ұйқыдан тұрып, кетпек болады. Сол уақытта Ермектің анасы Қалымбет қартты дастархан басына шай ішуге шақырады. Дастархан басында қария мені іздесеңдер мына мекен - жайдан таба аласыңдар деп тұрғылықты жерін айтады.
Оқиғаның шешімі: Ермек атасын сағынғаны соншалық бөтен қарияны өз атасындай көріп, оны өз үйіне алып келеді.

ІІІ. Сөздікпен жұмыс
• Зеңкиген – еңселі, биік;
• Қапырық – өте ыстық;
• Саяжол – ағаштардың көлеңкесі түсіп тұрған жол;
• Жаялық жас нәрестені орайтын жөргек мата;
• Алагүл – қоңыздың бір түрі;
• Азанда – таңертең;
• Кремтлен – матаның атауы;
• Қиямет – қиын;

IV. Жағдаяттан шығу
1. Сіздің ата - атаңыз қалаға кетейін деп жиналып жатса, сіз не істейсіз?
2. Ата - анаңыз ата - әжелеріңізбен кездесуге тыйым салса не істейсіз?

V. Сабақты қорытындылау
Сұрақ - жауап:
1. Аңсау әңгімесі не туралы?
2. Әңгімедегі басты кейіпкерлер кімдер?
3. Әңгімедегі кейіпкерлерден қандай адами қасиеттер көруге болады?

VI. Үйге тапсырма
Аңсау әңгімесін мазмұндау. Ата қадірі тақырыбына шығарма жазу
VII. Бағалау


Скачать


zharar.kz