Еркектерге неліктен үй шаруасындағы әйелдер ұнайды

Скачать

Еркектерге неліктен үй шаруасындағы әйелдер ұнайды?
Қазіргі кезде келіншектердің көпшілігі мансапқұмар, өзінің сыртқы келбетіне көп көңіл бөлумен қатар, түрлі ойын - сауықтан қолы босамайды. Сонымен бірге отбасына көңіл бөлу мен үй шаруасымен айналысу екінші орында қалып қояды. Үй ішінде жайлы жағдай туғызу осыған тікелей байланысты.

Сонымен, еркектер үшін жұбайының үй шаруасына ұқыпты болуы өте маңызды болып табылады. Оның себебі бұрынғы ата - анасының үйде жасаған жайлы атмосферасы санасында сақтаулы. Егер әйел сүйіктісін жоғалтып алмауды ойласа, күйеуінің тамақтану рационына, киім - кешегінің тазалығына, үйдің жайлылығына уақытылы көңіл бөлуі керек. Үйінде қамқор әйелі дәмді тағамын дайындап күтіп отырса, ондай еркек үнемі үйіне асыға келетін болады.

Әйел сауық - сайран құрып, өз басының қамымен жүріп, үй шаруасын дұрыс жүргізбесе, бір күні күйеуі мұндай жайсыз үйді тастап, өзіне жайлы жағдай жасайтын әйелді іздеп кетуі ғажап емес.
Әйел туа сала үй бикесі болып тумайды, үй шаруасымен айналыса келе бәрін үйренуге болады. Үйдің жайлылығын мен үй шаруасын мінсіз атқаратын нағыз үй бикесі атанудың қиыншылығы жоқ, ол үшін әйел шын ықылас танытса болса болғаны.

Алайда, күйеуіне қамқорлық жасаймын деп тым аса өбектеп жіберуге болмайды. Өйткені, әйел үй қызметшісі емес, үйдің толық құқықты иесі. Әйел үй шаруасымен қатар өзінің сырт келбетіне көңіл бөлуді ұмытпауы керек және ой - өрісін кеңейтіп отырғаны жөн.

Әйел күйеуімен тамаша қарым - қатынас орнатуда сонымен бірге тартымды нақсүйері болудың құпиясын да білуі қажет. Мұндай әйелден ешқандай еркек бас тартпас.

Сонымен, күйеуіңіз қалағанындай мінсіз үй бикесі атанғыңыз келсе отбасына қамқор болып, үйдің жайлы болуын қадағалаңыз. Жұбайыңызды шынайы жақсы көріңіз. Шындығында, өзіңе ұнайтын жұмысты орындау анағұрлым жағымды.

Сонда, әйел үй шаруасын механикалық тұрғыда атқарып қана қоймайды, оны сүйсіне орындайды нәтижесінен тамаша ләззат алады.

Дайындаған: Жадыра.


Скачать


zharar.kz