Жаңа сабақты түсіндіру

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Асқорыту мүшелері құрылысы

Сабақтың мақсаты: а) Білімділік. Ас қорыту мүшелерінің құрылысы, ондағы астың
қорытылу құбылысын, ас қорыту сөлдерін, ферменттердің әсері туралы түсінік бере отырып, ас қорытудың адам денсаулығына қажеттілігін ұғындыру.
ә) Дамытушылық. Жаңа оқыту технологиясы әдіс – тәсілдерін пайдалана отырып, оқушылардың танымдық қабілетін, дүниетанымын, білім сапасын арттыру.
б) Тәрбиелік. Дұрыс және ағзаға пайдалы тағамдармен қоректену арқылы салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, көрнекілік, сұхбат, түсіндіру, бейнелеу, сипаттау
Пәнаралық байланысы: химия, математика, бейнелеу

Сабақтың құрылымы
1. Ұйымдастыру.
2. Ер дәулеті еңбек үй тапсырмасын тексеру.
3. Білгенге маржан негізгі бөлім.
4. Бәрін білгім келеді қорытындылау.
5. Бейнет түбі - зейнет бағалау.
6. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
- оқушылармен амандасу, түгендеу;
- назарын сабаққа аудару;
2. Ер дәулеті еңбек бөлімі. Үй тапсырмасын тексеру.
Үй тапсырмасы сұрақты суреттеу, ұяшық таңдау арқылы сұралады.

Сұрақты суретте
1. Нәруыздар, көмірсулар, майлар, минералды тұздар, су мен витаминдер дегеніміз –
(қоректік заттар).
2. Нәруыз қандай азық - түлікте болады және адам ағзасы күніне қанша мөлшерде нәруыз қажет етеді?(етте, сүтте, жұмыртқада, т. б. 100 г)
3. Көмірсулар қандай азық - түлікте болады? Күнделікті өмірде көмірсуға тәуліктік қажетсіну мөлшері? (400 - 500 г)
4. Май қандай азық - түлікте болады? Күніне ағзаға қанша май қажет? (өсімдік, жануар өнімдерінде болады, 80 - 90 г)
5. Организмнің негізгі құрылыс материалы (нәруыз)
6. Күнделікті өмірде көбірек қолданылатын минералды зат? (тұз)

Ас қорыту жүйесі – 1. Асты дұрыс пайдалану туралы ғылым (диетология)
Ас қорыту жүйесі – 2. Ас қорыту дегеніміз –
Ас қорыту жүйесі – 3. нәруыз текті заттың бір түрі
Органикалық заттар – 1. Негізгі энергия қоры (көмірсу)
Органикалық заттар – 2. 1 тәулікте ересек адамға қажетті май мөлшері (80 - 90 г)
Органикалық заттар – 3. нәруыз қандай тағамдар құрамында көбірек мөлшерде болады?
Дәрумендер – 1. Витаминдерді алғаш тапқан ғалым? (Н. И. Лунин)
Дәрумендер – 2. Витамин жетіспеушілігінен туындайтын ауру түрі қалай аталады?
Дәрумендер – 3. Иммунитетті арттыратын дәрумен (С)
3. Білгенге - маржан негізгі бөлім. Жаңа сабақты түсіндіру.

Ас қорыту

● Ас қорыту мүшесі
● Ас қорыту безі

Ауыз қуысы құрылысы: ерін, ұрт, тіл, жұмсақ және қатты таңдай, ауыз түбі, бөбешік, жұтқыншаққа өтеді.
Тіл - сілемейлі қабықпен жабылған, тамырлары мен жүйкелері көп, қозғалмалы бұлшықетті мүше.
ТІЛ

• Асты қозғалту
• шайнау
• дәм сезу
• сөйлеу

ЖҰТҚЫНШАҚ: ұзындығы 11 - 13 см бұлшықетті мүше. Асқорыту, тыныс алу жолдары қиылысады. өңешке өтеді.
ӨҢЕШ: ұзындығы 25 см бұлшықетті түтік. Көкет арқылы өтіп, 11 кеуде омыртқасы деңг - де асқазанға ашылады.
АСҚАЗАН: ас 3 - 10 сағат қорытылады. Сыйымдылығы 2 - 3 л, алмұрт немесе қапшық тәрізді. өңештің кіру саңылауы мен ұлтабар басталатын шығу саңылауы болады. Бірыңғай салалы бұлшықеттері асқазанды қозғалтатын сопақша, қиғаш және сақина тәрізді бұлш - ден тұратын үш қабат түзеді.
АШ ІШЕК: ұзындығы 5 - 6 м, үш бөлікке: ұлтабар, аш ішек, мықын ішекке бөлінеді. Аш және мықын ішектің сілемейлі қабығында ішек сөлін бөлетін түтік тәрізді көптеген бездер және жіңішке өсінділер – ішек бүрлері болады. Астың сіңірілуі жүзеге асады. Қорытылмаған ас қалдығы тоқ ішекке өтеді.
ТОҚ ІШЕК: ұзындығы 1, 5 - 2 м, ол соқыр ішек, тік ішек, жиек ішекке бөлінеді. Соқырішек ұзынд. 8 - 15 см аппендиксі болады. Бактериясы өте көп ішек. П әрпіне ұқсайды. Тұйықталған бөлігі бүйен деп аталады.
ҰЙҚЫБЕЗ: өзегі ұлтабарға ашылады. Ішкі секрециялық қызметін де атқарады. Секретін ұлпа сұйықтығына, қанға бөледі.
БАУЫР: ең ірі ұйқыбез. Салм. 1500 г. өт бөледі. Өт қабына бауыр үздіксіз өндіретін өт жиналады. Улы заттарды тұтып, залалсыздандырады, ағза зертханасы деп аталады.

4. Бәрін білгім келеді - қорытындылау.
Сандық мәліметтер беріледі. Ол неге тән екенін айту керек. Мыс, 10г (тұздың тәуліктік мөлшері)


Скачать


zharar.kz