Отырыңдар балалар

Скачать

Павлодар қаласы М.Әуезов атындағы
№ 42 жалпы орта білім беру мектебі ММ
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Смағұлова З.Ж.

Сабақтың тақырыбы: Дене мүшелері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Адамның дене мүшелері туралы толық мәлімет беру, жаңа сөздерді дұрыс айтуға, сауатты жазуға үйрету.
Дамытушылық: Күрделі тапсырмаларды орындау дағдысын қалыптастыру, дене мүшелерін дұрыс көрсету деңгейіне жетулері керек.
Тәрбиелік: Салауатты өмір салтына байланысты тәрбиелік мақсаттағы әңгімелер жүргізу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кеспе қағаздар, дене мүшелеріне байланысты слайдтар.
Пәнаралық байланыс: валеология, математика

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. (амандасу, сабақта жоқ оқушыны белгілеу)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Үй тапсырмасын тексеру мақсатында оқушыларға кеспе қағаздар таратып, онда берілген бұйрықтарды орындатамын.
Мысалы: Оң қолыңды көтер. Сол аяғыңды көрсет. Оң қолыңа қалам ал.

ІІІ. Жаңа сабақ.
- Балалар орындарыңнан тұрыңдар.
- Балалар орындарыңа отырыңдар.
- Арман, оң қолыңды көтер.
- Әсел, сол қолыңды көтер.
- Арман, екі қолыңды көтер.
- Әсел, тақтаға шық.
- Мақсат, оң аяғыңды көтер.
- Маржан, сол аяғыңды көтер.
- Әсел кітабыңды аш.
- Маржан, дәптеріңді жап.
- Айдар, сен тұр.
- Мақсат, сен отыр.
- Арман, сен отыр.
Отырыңдар балалар!

1 - тапсырма. Көп нүктенің орнына сан есім қойып жаз.
Неше?.... қол
.... саусақ
.... аяқ

2 - тапсырма. Көп нүктенің орнына аудармасын қойып, жаз және жаттап ал.

Бровь – қас
Палка – таяқ
Раньше - бұрын
Голова -....
Нога -....
Нос -....

3 - тапсырма. Оқы, аудар.
Көзбен көреді
Мұрынмен дем алады.
Құлақпен естиді.
Қолмен ұстайды.
Аяқпен жүреді.

5. Оқы, аудар, жаз.
(- да, - де
Қала...
үй...
Дана...
әжем....
досым...
үйірме...
(- та, - те)
сынып....
ағаш....
сабақ....
мектеп....
күнделік...
Меруерт...

6. Жақша ішіндегі жалғаулардың тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
1. Әйгерім (- да, - де) қуыршақ бар. 2. Күз (- да, - де) жаңбыр жауады. 3. Сабақ (- та, - те) Қанат жоқ. 4. Отбасым (- да, - де) бес адам бар. 5. Қыркүйек (- та, - те) күн салқындайды.

7. Қорытынды: Еркін жауап, оқушылар бір - бірлеріне сұрақтар қояды
8. Үй тапсырмасы: 5т. 40бет жаттау


Скачать


zharar.kz