Қыс мезгіліне дайындық

Скачать

Математика 3 сынып
Тақырыбы: Шеңбер және дөңгелек (слайдымен)
Мақсаты:
1. Дөңгелек, шеңбер, радиус, диаметр туралы түсінік қалыптастыру; осы ұғымдарды пайдалана отырып жаттығуларды орындауға, шеңбер және дөңгелектің айырмашылығын, олардың қасиеттерін түсіндіру, меңгерту.
2. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын түрлі әдіс - тәсілдер арқылы арттыру, ойлау қабілеттерін, жұмыс жасау жылдамдығын, таным белсенділігін дамыту.
3. Оқушыларды сабақ барысындағы мәдениеттілікке, дәптерде дұрыс жазуға тәрбиелеу.
Әдістері: түсіндіру, әңгімелесу, салыстыру, көрнекілік, ойын.
Түрі: дәстүрден тыс сабақ
Типі: жаңа материалды меңгерту
Формасы: көпшілік, топтық, жеке.
Принциптері: көрнекілік, түсініктілік.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, қима қағаздар, геометриялық фигуралар.

Өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. 5 мин
Сәлеметсіздер ме, балалар? Көңіл - күйіміз қалай? Сабағымызды бастауға дайынбыз ба?
Психологиялық дайындық.
Сабағымыз тартымды өту үшін біз бойымызды, ойымызды сергітіп алайық.
Төрт байлық.
Денсаулық бірінші. Жадыңда жүрсінші! (адымдап бір орнында жүр)
Екінші – еркіндік, Құсша самғап желпіндік. (құс боп ұшу)
Үшінші – тіліміз, Онсыз жоқ - ау күніміз. (дөңгеленіп айналып секіру)
Төртінші – күш - қайрат, Арманыңа ұш жайлап! (тік тұру, иығынан қолдарын тік созып, көтеріп түсіру)

2. Үй жұмысын тексеру. 3 мин
Өзін - өзі бағалау әдісі
Көпшілік форма
Өткен сабақты пысықтап алайық. Үйге 103 беттегі №5 есеп берілген болатын. Дәптерімізді ашып, тақтадағы дұрыс жауабымен салыстырамыз.
Алдарыңда өзін - өзі бағалау парағы бар. Әркім өзіне үй тапсырмасын тексеру қатарына баға қойып шығады.

3. Жаңа сабаққа дайындық. 3 мин
Тақырыпты ашу
Ойын әдісі
Жеке форма
Біздің сабағымыз ойын түрінде өтеді. Қыс мезгіліне дайындық . Яғни, біз әр тапсырманы орындаған сайын қажеттіні жинап, қыс мезгіліне қамданамыз. Оған Күз ханшайымы көмектеседі.
Тақтаға назар аударамыз. Біз тақтадан нүктелерді көріп тұрмыз. Осы нүктелерді жалғастыру үшін мына есептерді шығарамыз.
3*6 ------- 6*6
4*6 ------- 6*7
6*10 ------ 6*8
6*5 ------- 6*9
Өте жақсы. Жарайсыңдар. Біз есептерді шығардық, яғни қысқы дайындығымыз басталды. Ең алдымен, егінді жинайық.
Нүктелерді қосқанда қандай фигура шықты? Шеңбер.
Жақсы.

4. Жаңа материалды меңгерту. 20 мин
Бүгінгі өтетін тақырыбымыз – Шеңбер және дөңгелек . Сабақта біз шеңбер мен дөңгелектің айырмашылықтарын, қасиеттерін меңгеретін боламыз.



Скачать


zharar.kz