Оқу процессіндегі ойын және шығармашылық тапсырмалар. Шеберлік класс.
Шет тілін оқуға қызығушылықтың өсуі — қазіргі заман ерекшелігі. Қазіргі заман адамы үшін шетел тілін білуі — оның карьералық өсуінің, табысқа жетуінің, қызықты өмір сүрудің негізгі кепілі. Шетел тіліне деген қызығушылықтың өсуі ұстаздарға үлкен жауапкершілікті әкеліп жүктейді. Әр сабақтың қызықты, әрі тартымды өтуіне сабақта қолданылатын шығармашылық тапсырмалар мен ойындар қамтамасыз етеді. Қазақ халқының даналық сөзі Ойында озған, өмірде де озады дейді. Өйткені ойын -
• оқушылардың ойлау іс - әрекеттерін белсенді ететін оқыту құралы.
• оқушылар үшін оқу процесін қызықты әрі тартымды етуге көмектеседі.
• барлық оқушылардың белсенді қатысуын қамтамасыз етеді.
• оқушыларға өзара түсінісуге, бір - біріне көмектесуге әрі соңғы нәтижеге жету үшін береке - бірлікті нығайтады.
• оқушыларға өз сезімдерін ашық білдіруге, өздеріне деген сенімділікті нығайтуға үйретеді.
Жалпы айтқанда ойын тілді меңгеруге арналған өте мықты құрал.
Ойынды сабақта өткізудің өз талаптары бар. Ойын кез - келген уақытта ойнатылуы мүмкін: сабақ басында, ортасында немесе аяғында. Ол өзіңіздің қойған мақсатыңызға байланысты. Егерде тақырыпты бекітуге арналаса тіпті 20 - 25 минутыңызды арнауға болады, ал келесі жолы сол ойын қайталауға арналас, оған аз уақыт жұмсалады. Ойынға қойылатын негізгі талабы ойын ережесін қатаң сақталуы (карточканы ешкімге көрсетпейміз десек — көрсетпейміз, ойын кезіндегі тәртіп), мұғалім ойын барысында мүмкіндігінше мейірімді болу қажет (белсенділігін төмендетпеу үшін оқушыларға тәртіп бойынша ескертулер жасалмайды), оқушы өзін ойында еркін сезіну қажет. АҚШ - тың мектептерінде мұғалімдерге оқу жылының басында мынадай жадынама беріледі екен: “101 ways to praise a child”.
Ойынның педагогикалық классификациясын сіздер өздеріңіз де жақсы білесіздер. Оны қайталаудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Тек оқуға арналған ойын түрлерін атап өтейін:
1. Фонетикалық ойындар
Негізгі мақсаты дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету. Әріптердің, сөздердің, мәтіннің дұрыс оқуын үйрету.
• Әріптерді дұрыс атау
• Әріптердің алфавиттегі орнын білу
• Әріптер мен дыбыстардың сәйкестігін білу
• Фонетикалық жаттығулар
• Тыңдауға арналған ойындар
ФОТОРОБОТ құрастыр.
Класс үш командаға бөлінеді, әр команда милиция жеке бөлімшесі. 3 жүргізуші таңдалады. Олар милиция бөлімшесіне досын немесе туысын тауып беруін өтінеді. Жүргізуші олардың сырт бейнесін ауызша айтады, ал милиция мүшелері оның суретін - фотороботын салады. Егерде салынған сүрет сипаттамаға сай келсе, онда адам табылды деп есептеледі.
Жүргізуші: Ican` t find my sister. She is ten. She is a schoolgirl. She is not tall Her hair is dark. Нек eyes are blue. She has а red coat and a white hat on.
2. Орфографиялық ойындар — сөздердің дүрыс жазылуын қалыптастыру. Бүл ойындарға: wordsearches, word spaghetti, crosswords, puzzles және ребустар жатады. (экраннан көрсетіп түсіндіру) орфографияға келесі ойындарды ойнатуға болады:
• Телеграмма (1 оқушы телеграфта істейді, басқа оқушылар телеграмма жібереді, ал ол болса оларды тақтаға жазып жібереді)
• Кезекші әріп ойыны. Бір әріп кезекші болып таңдалады. Оқушылар 2 - 3 минут ішінде сол әріптен басталатын сөздер жазып шығу керек.
• Шашылған әріптер (жеке әріптерден сөз құрау керек)
• Word building ойыны (оқушыларға ұзақ сөз беріледі, сол өзден басқа сөздер құрау керек)
3. Лексикалық ойындардың мақсаты әртүрлі жағадаяттарда қажетті лексикаларды қолдануды жаттықтыру, оқушылардың тілдік реакциясын дамыту.
Лексикалық ойындарға кроссвордтарды, board games, ребустарды жатқызуға болады. (слайдтан көрсетіп айту)
Ойын ойнату: Finding places.
Now we’re going to play a game. It is called “Finding places” it is a pair game, but we shall play in another way. First I’d like to tell you how the children must play this game. As I have said it is a pair game. Pupils sit at one desk facing each other. Give the pupil A map A and the pupil B map B. Tell the students not to look at each other’s maps. Say them that they have the same map. They are on the board. You see we have places marked in bold on both maps. Students should look at the list of the thing they need to do in town. Then they ask each other questions and answer them explaining where this or that place is situated using the following prepositions. Having listened the answer the student must label the correct place on their maps. When student have found all the places they will compare their maps and check their answer.
Now, we shall play this game in groups.
4. Грамматикалық ойындар. Шетел тілін оқу үй салумен тең деген екен бір ғұлама. Лексика сол үйдің кірпіші болса, грамматика сол кірпіштерді біріктіретін цемент тәріздес деген екен ол. Жалпы ойындарды лексикалық не грамматикалық, фонетикалық не орфографиялық деп бөліп жарып қаруға болмайды. Олардың барлығы да бір - бірімен тығыз байланыста. Грамматикалық ойындардың мақсаты — қиындық туғызатын нақты бір грамматикалық тақырыптар бойынша сөйлеу бірліктеріндамыту, қайталау. Мен сабақтарымда мынадай грамматикалық ойындарды қолданамын. Олар board games, talking worksheets. (слайдтан көрсетіп айту)
• Welcome to grammar casino
Materials needed: 1 copy of the game board per student
● Students start with one hundred points
●Students read the first sentence.
● Students decide if the sentence is grammatically correct or if there is a mistake.
● If the sentence is fine, the student checks the box under 'good. '
● If there is a mistake in the sentence, the student checks the box under 'no good. '
● The students then write in their bet on the bet line. If they are confident, they can bet a lot. If they aren't so confident, they can bet a little. (I generally require a minimum bet of 10 points.)
● Students wait for the answer from the teacher.
● Once the teacher tells the students the answer, they can check to see if they were correct. If they were correct, they add their bet to their point total. If they were wrong, they subtract their bet from their point total.
● Continue to the next problem and repeat.
● The student with the most points at the end of the game is the winner.
• At the track – it is the similar game. But in this game students must show if it is a spelling or grammar mistake.
• Келесі ойын Комментатор деп аталады (1 оқушы басқа оқушылардың іс - әрекетін айтып отырады) ойын Present Continuous тақырыбына арналаған.
• “Changes” ойыны. What has chaned? (1 оқушы сынып бөлмесінен шығады, сол уақытта бөлмеде өзгерістер болады, 2 оқушы орындарымен ауысады,
тақста сүртіледі т. б. сыртқа шыққан оқушы қайта кіріп сол өзгерістерді айтады). Ойын Present Perfect, Passive Voice тақырыбына арналған
Қазір біз ойнайтын ойынымыз “Who’s got my message” деп аталады. Бұл ойын Reported speech тақырыбына арналған. 3 - 5 адамнан тұратын топтар құрылады, бірақ әр ойыншы жеке ойнайды. Барлық ойыншыларға sender cards беріледі, және әр ойыншыға бір message card беріледі. Оқушылар бір - біріне сұрақ қойып, хабарлама жинайды. (сұрақ – жалпы сұрақ болу керек Have you got a message for me from my grandmother? Егерде жауап болымды болса, жауап беруші Reported speech тақырыбын пайдаланып хабарламаны жеткізу керек. Жоқ болса No, I haven’t. May be someone else деп жауап береді. Ең бірінші болып барлық хабарламаны жинаған адам жеңімпаз болады. Ал біз болсақ барлығымыз бір топ болып ойнаймыз. Let s choose a boss. The others are his her secretary for today, because his her secretary has been ill today.
5. Рөлдік ойындар (слайдтан көрсетіп айту)
Ойынды өткізу технологиясы:
1. Ойынды дайындау
● Тақырыбы
● Оқыту мақсаты
● Ойынның қатысушыларын анықтау және рөлдерді бөлу
● Сценарийді қарастыру, қажетті көрнекілік құралды дайындау, ойынның орынын және уақытын белгілеу
2. Ойынды өткізу
• Оқыту жағдаятын жүргізу
3. Нәтижесін шығару
• Уақыты
• Оқушыларға жалпы және жеке баға беру
• рефлексия
Ойынның қандай қызықты әрі тиімді болса да, ойын оқушыларды шаршатып, эмоционалдық әсерін жоғалту мүмкін екенін ұмытпау керек. Сабақтың басынан аяғына дейін ойынмен өткізу мүмкін емес.
Ойын феномені:
Демалыс, көңіл көтеру бола тұрып, оқыту мен шығармашылыққа айналады.
Әдебиетпен таныстыру (слайдтан көрсету)
Рефлексия