Сынып: 6
Сабақтың тақырыбы: Құрманғазы жайлы бір толғау
Сабақтың мақсаты: Күй атасы - Құрманғазы күйлерін тыңдату арқылы, терең мағлұмат бере отырып, өнер адамына деген құрмет сезімін тудыру
Міндеттері:
Білімділік Оқушыларды күйші Құрманғазы Сағырбайұлының өмір жолы және күйшілік шығармашылығымен таныстыру.
Дамытушылық: Күй өнеріне баули отырып, ой өрістерін дамыту және күй жанрына қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелілік Құрманғазының музыка өнерінде алатын орны және күйлері арқылы ұлттық әдет - ғұрып, салт - дәстүрді білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: Түсіндіру, психологиялық тренинг, күй тыңдату, күй тарту, топтастыру әдісі, деңгейлік тапсырма. Техникалық, көрнекілік құралдары: Аспаптар, 6 - сынып Музыка оқулығы, нота дәптері, суреттер (күйшінің портреті), электронды тақта, аудио - видео таспа.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, Тарих.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру Психологиялық тренинг. Әрбір адам? Досым, сыныптасым Әрбір сабақ? Үйрену, оқу, іздену. Әрбір ісің? Тірлік, тірек, адамдық Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адалдық Жаңа сабақ
Құрманғазы Сағырбайұлы Адай күйін - тыңдату
Өмірбек Байділдаев Туған ел - үйрету
Өмірбек Байділдаев Туған ел – нота сауаттылығы
Бүгінгі өтетін тақырыбымыз Құрманғазы жайлы бір толғау деп аталады.
Интерактивті тақтамен жұмыс.
ҚҰРМАНҒАЗЫ САҒЫРБАЙҰЛЫ (1818 - 1889 )
Қазіргі Орал облысы, Жанғалы ауданының Жиделі елді мекенінде дүниеге келген. Күй атасы - Құрманғазыны күй өнеріне баулыған және оның ұстазы болған Ұзақ күйші еді. Құрманғазы жастайынан домбыра шертіп, көпшіліктің ілтипатына бөленді. Күйшінің шығармашылық табыстарға қол жеткізіп, өрлеуіне Бөкей ордасының Байжұма, Баламайсан, Байбақты, Соқыр Есжан сынды атақты күйшілері үлкен ықпал еткен. Олардан тәлім алып өскен Құрманғазы қазақ халқының ұлы сазгері атанды. Құрманғазының күйлері қазақ елі өмірінің әлеуметтік жыр - сыры, азаткерлік рух ұраншысы іспетті. Ұлттық тарихымыздың әуен тілінде жазылған ұлы эпопеясы деуге болатындай. Күйші шығармашылығындағы өзекті мәселелер — халықтың азаттығы мен жеке тұлға бостандығы. Өз туындыларында XIX ғасырдың 30 - жылдары Исатай Тайманұлы бастаған ұлт - азаттық көтеріліске ерекше назар аударған. Құрманғазы бұл көтеріліске өзінің алғашқы туындыларының бірі "Кішкентай" күйін арнаған. Одан кейінгі "Ақбай", "Ақсақ киік", "Түрмеден қашқан", "Адай" күйлерінде ол халықтың азаттықты көксеген арманын, әділетсіздікке қарсылықты, қоғамдық мүдделердің өзара қақтығысын білдіреді. Құрманғазы туындыларында қоғам мен адамның арақатынасындағы айрықша әлеуметтік - психологиялық жағдайлар бейнеленеді. Оның "Аман бол, шешем, аман бол", "Қайран шешем", "Ертең кетем", "Бұқтым - бұқтым" деген күйлерінде адам даусының ырғағы айқын берілген. Құрманғазының ойнақы, мерекелік көңіл күйді білдіретін би ырғағымен жазылған күйлері ("Балбырауын", "Әсем") де бар.
"Адай" күйінде ол халықтың азаттықты көксеген арманын, әділетсіздікке қарсылықты, қоғамдық мүдделердің өзара қақтығысын білдіреді. Құрманғазы туындыларында қоғам мен адамның арақатынасындағы айрықша әлеуметтік - психологиялық жағдайлар бейнеленеді.
Тыңдату: Адай күйі Күйді талдау. Күйдің характерін ашу.
Ән. Туған ел
Тыңдату. Ө. Байділдаев Туған ел Дауыс жаттығуы. До - мажор гаммасы
Сергіту. 1, 2, 3 өнерлі бала біз,
4, 5, 6 жалқаулық артта қалды.
7, 8 еңбек пен білім егіз,
9, 10 тапсырманы орындаған жөн.
Бекіту. Деңгейлік тапсырма:
1. Топтастыру әдісі.
Құрманғазы кім?
Құрманғазы → композитор, күйші, төкпе күйдің шебері, орындаушы
2. Туған ел әніне талдау.
3. Әннің бастамасын фланелеграфқа түсіру
Сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма: Құрманғазы Сағырбайұлы шығармашылығы Рафт әдісімен дайындалу
Бағалау. Топ басшылары бағалау парағын тапсыру.