Оқушыларды патриоттыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Тармақталу операторына есептер шығару

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды Паскаль тілінің IF, THEN, ELSE тармақталу операторын пайдаланып бағдарлама құруға үйрету.
Дамытушылық: Тармақталу операторын пайдаланып, бағдармалама құра отырып, оқушыларды өз беттерімен бағдарлама құруға дағдыландыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды патриоттыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ
Сабақтың әдісі: Репродуктивті әдіс
Сабақтың көрнекілігі: Дербес компьютер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

• Құрылымдық операторларға қандай операторлар жатады?
• Қарапайым және құрылымдық операторлардың айырмашылығы неде?
• Құрама оператор деп қандай операторды айтамыз?
• Шартты операторлардың қандай түрлері бар?
• Таңдау операторы не үшін қолданылады?
• CASE операторының жалпы жазылу түрі қандай?

ІІІ. Компьютермен жұмыс

№1 есеп: Екі санның үлкенін табатын бағдарлама құру
Program esep_1;
Uses crt;
Var x, y, max: integer;
Begin
Clrscr;
Writeln(‘Eki sandy engiz…’);
Readln(x,y);
If x y then max:=x else max:=y;
Writeln(‘Eki sannyn ulkeni = ’, max);
End.

№2 есеп: Үш санның үлкенін табатын бағдарлама құру
Program esep_2;
Uses crt;
Var x, y, z, max: integer;
Begin
Clrscr;
Writeln(‘Ush sandy engiz…’);
Readln(x,y,z);
If x y then max:=x else max:=y;
If max z then max:=max else max:=z;
Writeln(‘Ush sannyn ulkeni = ’, max);
End.

№3 есеп: Адам жасына қарап, оларды әлі мектепке бармаған, мектеп оқушысы, жұмысшы, зейнеткер деген төрт топтың біріне жатқызатын бағдарлама құру. Адам жасы пернетақтадан енгізіледі.
Program esep_3;
Uses crt;
Var x: integer;
Begin
Clrscr;
Writeln(‘Adam jasyn engiz…’);
Readln(x);
If x6) and (x17) and (xabs(y) then
begin
x:=x 5;
writeln(‘x = ‘,x:5:2) end
else writeln(‘x = ‘,x, ‘ y = ‘,y);
End.


№5 есеп: Пернетақтадан трамвай билетінің номері (1 орынды 6 сан) енгізіледі. Билеттің бақытты номер екенін анықтайтын бағдарлама құру керек. Бақытты билеттің алғашқы 3 цифрының қосындысы соңғы 3 цифрының қосындысына тең.
Program esep_5;
Uses crt;
Var x, y, z, a, b, c, S, S1: real;
Begin
Clrscr;
Writeln(‘bilet nomerin engiz…’);
Readln(x, y, z, a, b, c);
S:=x+y+z;
S1:=a+b+c;
If S = S1 then writeln(‘bakitty nomer’)
else writeln(‘bakitty nomer emes’);
End.

IV. Сабақты бекіту сұрақтары

• Шартты операторлардың қандай түрлері бар?
• IF операторының жалпы жазылу түрі қандай?
• Writeln(х:5:2) операторындағы 5 және 2 цифрлары нені білдіреді?
• Қандай жағдайда IF операторы екі рет қолданылады?

V. Үйге тапсырма беру
89 – 90 бет, 12 және 13 жаттығулар.
VI. Оқушы білімін бағалау


Скачать


zharar.kz