Арнасында бұлақтар буырқанып, Көрген емес ешқашан тыным тауып

Скачать

Тұманбай Молдағалиев өлеңі

Наурыз келді, Күлеке, байқадың ба,
Қатығыңды түндегі шайқадың ба.
Құлшынасың толқындар алып қашып,
Құлаш ұрған баладай қайта ағынға.

Наурыз келді, нар келді жүгін алып,
Келген көктем көңілін ұғыналық.
Қосылады Алатау гүлдеріне
Атамқұлдың қып - қызыл гүлі барып.

Арнасында бұлақтар буырқанып,
Көрген емес ешқашан тыным тауып.
Жер несібе сұрайды көк аспаннан
Кеудесіне көктемнің гүлін тағып.

Барлық айдан, байқашы, осы ай басқа,
Көңіл шіркін көнбейді масаймасқа.
Наурыз келді, нан пісір қызыл отқа,
Наурыз көже қамын да жасай баста
Тұманбай Молдағалиев басқа өлеңдері


Скачать


zharar.kz