Сабақтың тақырыбы: Сәбит Дөнентаев. Уақ - Түйек өлеңдер жинағы.
Сабақтың мақсаты: а) Сәбит Дөнентаев туралы мәлімет беру, өлеңнің мазмұны, тақырыбы, идеясын ұғындыру;
ә) өлеңмен жазылған шығармаларды мәнерлеп оқу, талдау, ой - пікірлерін айта білуге, жұмыстарына баға беруге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Сәбит Дөнентаев портреті, шығармалары, сызба - нұсқалар, кодоскоп, тест сұрақтары, бағалау парағы.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі.
Пәнаралық байланыс. тарих, география.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру. Оқушыларды түгелдеп, сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1 - топ. Спандияр Көбеевтің өмірі мен шығармашылығы.
2 - топ. Қалың мал романы.
3 - топ. Спандияр Көбеевтің қазақ әдебиетіндегі орны.
ІІІ. Жаңа сабақ.
І. Қызығушылықты ояту кезеңі.
1. Ой қозғау стратегиясы.
Үш топқа үш сұрақ қойылады.
1 - топқа: Сәбит Дөнентаевтың өмірбаянын айт.
2 - топқа: Айқап журналы және Қазақ газеті туралы не білесіңдер?
3 - топқа: Астарлап айту деген не? Мысал келтір.
2. Топтастыру стратегиясы.
Ақын өміріне, ақындық қасиетке байланысты сөздерді теріп алып топтастыру. Ақынның ақындық, тұлғалық бейнесін жасау.
Сәбит - қазақ ақыны, мазмұнды қысқа өлеңнің шебері, сыншыл ақын, қазақ өлеңін жалғастырушы, мысалшы, сатирик.
ІІ. Мағынаны тану.
Сәбит Дөнентаевтың Уақ - түйек өлеңдер жинағы туралы оқулықтың 67 - 75 - беттер аралығындағы мағлұматтар қамтыла түсіндірілді.
Сәбит Дөнентаев өлеңдерінің мазмұнын қалай түсінді, сол бойынша жұмыс жүргізіледі.
1. Түсіну стратегиясы.
Әр топтың оқушылары Сәбит өлеңдерін оқып., мазмұнын бір - біріне түсіндіреді.
1 - топ – Заман кімдікі ? 2 - топ – Замандастар 3 - топ – Қазақтарға қарап .
2. Талдау стратегиясы (Өлеңдерін талдау, теориялық ұғымдар бойынша, өлеңді құрылысына қарай талдау).
3. Еркін жауап стратегиясы. тест сұрақтарына жауап беру.(Кодоскоппен көрсетіледі)
4. Суреттеу . Өлеңдеріндегі кейіпкер бейнесін суреттейді, не туралы екенін суреттеп айтады.
ІІІ. Ойтолғау кезеңі.
Еркін жазу стратегиясы
Өлеңнен үзінді - Өлең туралы пікірім
- -
- -
(Кестені толтыру)
IV. Қорытынды.
V. Үйге тапсырма. Сәбит Дөнентаевтың өлеңдерін жаттау, мазмұнын айту.
Бағалау парағы арқылы оқушылардың баға қорытындысы шығарылады.