Аманатқа қиянат жасамау - халқымның ізгі ұлылық дәстүрі

Скачать

Жаңа тұрпатты мұғалім келбеті
Ұстаз... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардың ешнәрсені ұмытпайтын... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі..., мейлінше шешен, өнер - білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар - намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ.., жұрттың бәріне... жақсылық пен ізгілік көрсетіп... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек .
Әл - Фараби
Мемлекет мәдениетінің айнасы - мектеп. Шын мәнісінде еліміздің әлеуметтік, мәдени, саяси, психологиялық жай - күйі халықтың білім жүйесінен, оның деңгейінен, ағартушылық іс - әрекетінен анық аңғарылады. Осы орайда, жазушы Ә. Кекілбаевтың Уақыттың жалғыз өлшемі бар ол - адам ғұмыры. Адам ғұмырының жалғыз өлшемі бар, ол – арттағы халықтың қамы үшін бітіретін іс - деген сөзін еске алсақ, осындай үлкен іс атқарар бір сала – мектеп және оның мұғалімі.
Педагогикалық іс - өте нәзік, қасиетті іс. Ол тәрбиешіден сезімталдықты, балаға деген сүйіспеншілікті, бала жанын бірден танитын қырағылықты талап етеді. [1]
Бүгінгі мектептің басты міндеті - өзіндік ой - көзқарасын ашық айта алатын, өмірге бейім тұлға қалыптастыру болса, оған мұғалімнің шәкіртіне деген сүйіспеншілігі, оны тұлға ретінде бағалауы баланың адамдық қасиеттерінің дамуына басты кепіл бола алады.
ХХІ ғасыр - қатаң бәсеке ғасыры. Бұл ғасыр – жайбасарлықты көтермейтін ғасыр. Демек, әлемдік бәсекелестіктің жылдам дамуына ілесе алатындай білімді де тапқыр дара тұлғаның тағдыры біздің қолымызға аманат ретінде тапсырылып отыр. Аманатқа қиянат жасамау - халқымның ізгі ұлылық дәстүрі.[2]

№ 158 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі
Кетепова Жаухар Қобланбекқызы


Скачать


zharar.kz