Ескен Елубаевтың өлеңі
Дабырласып далада,
Балалармен бір жүр ем,
Іші ауланың бағана
Болып кетті дүрбелең.
Қарагер ат шылбырын
Үзіп кете жаздады.
Баса көктеп бір - бірін,
Қашты үйдің қаздары.
Итіміздің сасқаны - ай,
Кіріп кетті ініне.
Көк ешкінің қашқаны – ай,
Лағына сүріне.
Дүрліктіріп бүлдірген,
Десем бәрін кім екен?
Іші пысып ойнақтап,
Қызыл бұзау жүр екен
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл орта мектебі
Маханұлы Қуаныш
Мұғалімі: Мендигазиева Гүлжихан
Ескен Елубаевтың басқа өлеңдері