Мемлекеттердің әлеуметтік құрылысы

Скачать

Топтамадағы тақырыптар тізімі:
1. Қазақстан - Егемен мемлекет
2. Дүние танымдық көзқарастар
3. Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілқайыр хандығының, Ноғай Ордасының мемлекеттік-әкімшілік құрылысы (слайд)

Сабақтың тақырыбы: Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілқайыр хандығының, Ноғай Ордасының мемлекеттік - әкімшілік құрылысы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстан жерінде өмір сүрген мемлекеттердің әлеуметтік құрылысы, жерге меншік қатынастар, салықтар мен міндеткерліктер, мемлекеттік - әкімшілік құрылысы жөнінде түсінік беру.
Тәрбиелік: Өз елінің тарихын білумен қатар, құрметтеуге, ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың тарихи оқиғалар жөнінде өз көзқарасын қалыптастырып, ой қорытуға дағдыландыру. Түрлі тірек - сызбалар, Түрлі танымдық тапсырмалар арқылы оқушылардың тарихи танымын кеңейту, өткен және қазіргі оқиғалармен салыстыра білуге үйрету.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Уақыт – сызбасы, тірек - сызбалар арқылы жаңа сабақты түсіндіру, мағынаны ажырату, салыстыру, пікір - сайыс, танымдық ойындар.
Пән аралық байланыс: Ежелгі дүние тарихы, география

Сабақтың жүру барысы:
Ұйымдастыру:
А) әрбір мемлекеттке бір - бір оқушыдан шығарып, толтыру. Ауызша талдату.
Ә) Мемлекеттерді картадан көрсету.
Жаңа сабаққа көшу. Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілқайыр хандығының, Ноғай Ордасының мемлекеттік - әкімшілік құрылысы.
Жоспары:
1. Мемлекеттердің әлеуметтік құрылысы
2. Жерге меншіктік қатынастар
3. Салықтар мен міндеткерліктер
4. Қоғамдық - әкімшілік құрылысы.

Алтын Орда мемлекеті ыдыраған кезде қандай хандықтар құрылды?
Бүгінгі тақырып бойынша не білеміз? Оқушылардың ой пікірін тыңдау.

Жаңа тақырыпты түсіндіру: Төмендегідей сызба бойынша түсіндіріледі.
І. Мемлекетті басқару құрылысы
(сызба көрсетіледі)

ІІ. Жерге меншіктік қатынастар туралы
Монғол шапқыншылығынан кейін Қазақстан жері Монғол державасының иелігінде болып келді.
Шыңғыс жаулап алған жерлерін балаларына бөліп берген. Осы жерлер інжу деп аталған. Ол жасау деген мағынаны берген. Жерден немесе онда тұратын халықтан түсетін алым - салық інжу болып, ханның қазынасына немесе оның ұрпақтарының қолына түскен. Жазба деректерге қарағанда, жер иеленудің төрт түрі болған.
1) Мемлекеттік жер
2) Інжу
3) Вакфтық жерлер
4) Шаруалардың мүліктік жерлері
5) Сойырғал, иқта

Иқталық жерлерге мұрагерлік жолы жүрмейтін. Егер мұндай жер алған әскербасы немесе мемлекеттік қызметкер сатқындық жасап, жау жағына шығып кететін болса, жер қайтарылып алынатын болған.
ІІІ. Салық түрлері және міндеткерліктер.
Ақ Орда, Моғолстан, Әбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасы сияқты хандықтардың күш - қуаты көп жағдайда халықтан алынатын алым - салыққа, міндетті төлемдерге байланысты болды.


Скачать


zharar.kz