Сөздік

Скачать

Қайырымдылық көмек – жеке тұлғаларға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында , коммерциялық ұйымдарға , сондай-ақ қызметін әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымдарға олардың жарғылық қызметін қолдау мақсатында өтеусіз негізде берілетін мүлік;
Сыйақы - кредиттер үшін ; қаржы лизингі бойынша Қазақстан Республикасының қаржы лизингінің мәселелерін реттейтін заң актілеріне сәйкес сыйақы түрінде берілген (алынған) мүлік үшін; салымдар (депозиттер) бойынша ; жинақтаушы сақтандыру шартары бойынша; борыштық бағалы қағаздар бойынша төлемдер – дисконт не купон ( бастапқы орналастыру құнынан және ( немесе) сатып алу құнынан дисконтты несыйлыақыны ескере отырып;
Ұтыстар- конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар бойынша , салым мен борыштық бағалы қағаздар бойынша ойындарды қоса , ұтыс ойындары бойынша салық төлеушілер алатын заттай және ақшалай түрдегі табыстардың кез келген түрлері;
Грант – мемлекеттер, мемлекеттердің үкіметтері , халықаралық және мемлекеттік ұйымдар, қызметі қайырымдылық және халықаралық сипатта болатын және Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейтін , мемлекеттік органдардың қорытындылары бойынша Қазақстан Респуликасының Үкіметі белгілейтін тізбеге енгізілген шетелдік үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар – Қазақстан Республикасына , Қазақстан Республикасының Үкіметіне , заңды тұлғаларға , сондай –ақ жеке адамдарға; шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар – Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасының Үкіметіне белгілі бір мақсаттарға (міндеттерге) жету үшін өтеусіз негізде берілетін мүлік ;
Ізгілік көмек - халақтаң өмірі мен тұрмыс жағдайларын жақсарту үшін , сондай –ақ әскери , экологиялық , техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою үшін шет елдерден және халықаралық ұйымдардан жіберілген азық- түлік , халық тұтынантын тауарлар , техника , құрал – жарақтар , жабдықтар , медициналық құралдар және дәрі- дәрмектер , өзге де заттар түрінде Қазақстан Республикасына өтеусіз берілетін , Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілетті ұйымдар арқылы бөлетін мүлік ;
Дивидендтер - акциялар бойынша төленуге тиіс табыс ; қордың басқарушы компаниясы пайдаларды сатып алған кезде пайлар бойынша табыстарды қоспағанда; пайлық инвестициялық қордың пайлары бойынша төленуге тиісті табыс; заңды тұлға өз құрылтайшылары , қатысушылары арасында бөлетін таза табыстың бір бөлігі ; заңды тұлғаны тарату кезінде , сондай – ақ құрылтайшының , қатысушының заңды тұлғаға қатысу үлесін алып қойған кезде, құрылтайшының қатысушының жарғылық капиталға салым ретінде енгізген мүлік қоспағанда , резидент заңды тұлға өз құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлген және әрбір құрылтайшының , қатысу үлесі сақтай отырып , жарғылық қорды ұлғайтуга бағытталған мүліктен басқа , мүлікті бөлуден түсетін табыстар;
Борыштық бағалы қағаздар бойынша дисконт - борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құны мен бастапқы орналастыру ( купон есепке алынбаған) құны немесе оларды сатып алу ( купон есепке алынбаған) құны арасында айырма;
Борыштық бағалы қағаздар - заем қатынастарын куәландыратын қаржы құралдары. Борыштық бағалы қағаздарға мемлекеттік бағалы қағаздар , обиғациялар және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес борыштық бағалы қағаздар деп танылған басқа да бағалы қағаздар жатады;
Қатысу үлесі - жеке және заңды тұлғалардың бірлесіп құрайтын ұйымдарға , концорциумдарға , акционерлік қоғамдарды және инвестициялық пай қорларын қоспағанда , мүлкімен қатысу үлесі;
Басқа да міндетті төлемдер - бюджетке белгілі бір мөлшерде жүргізілетін міндеті ақшалай адарымдары ( алымдар ,баждар, төлемақылар мен төлемдер) ;
Жеке кәсіпкер - заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын резидент және резидент емес жеке тұлға;
Инжиринг қызметін көрсету – иненерлік –консультациялық қызметтер көрсету , зерттеу, жобалардың техника – экономикалық негіздемелерін даярлау, өндірісті ұйымдастыру және басқару, өнімдерді сату саласындағы ұсынымдарды әзірлеу;
Борыштық бағалы қағаздар бойынша купон – эмиттеттің шығарылым шарттарына сәйкес борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құнынан тыс төлейтін (төлеуге тиіс ) сомасы;
Бағамдық айырма ( оң, теріс) шетелдік валютамен жасалатын операциялар бойынша туындайтын айырма;
Тұлға – жеке және заңды тұлға ; жее тұлға – Қазақстан Республикасының азаматы, шет мемлекеттің азаматы, азаматтығы жоқ адам; заңды тұлға – Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңдарына сәйкес құрылған ұйым ( шетелдік заңды тұлға). Шет мемлекеттің заңдарына сәйкес құрылған компания , ұйымдар немемсе басқа да корпорациялық құралым.
Есептеу әдісі – салық есебінің әдісі , оған сәйкес табыстар мен шығыстарды төлеу уақытына қарамастан жұмыстарды орындау , қызметтер көрсету , тауарларды өткізу және мүлікті кіріске алу мақсатымен тиеп жіберу кезінен бастап есептеледі;
Салықтар – мемлекет бр жақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер;
Салық берешегі – бересі сомасы, сондай –ақ өсімпұлдар мен айыппұлдардың төленбеген сомалары;
Салық төлеуші – салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуші болып табылатын тұлға;
Салық агенті - төлем көзінен ұсталатын салықтарды есептеу, ұстау , аудару жөніндегі міндет жүктелген жеке кәсіпкер, жеке нотариус , адвокат, заңды тұлға , оның ішінде Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме , филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға ;
Салық режимі – салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі барлық салық міндеттемелерін есептеу кезінде салық төлеуші қолданатын салық заңдары нормаларының жиынтығы;
Бересі – есептелген және мерзімде төленбеген салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомалары;
Жер қойнауын пайдаланушылар – Қазақстан республикасының аумағында , мұнай операцияларын қоса алғанда , жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қоса алғанда , жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
Туынды бағалы қағаздар – бағалы қағаздардың активтеріне қатысты құқықты куәландыратын бағалы қағаздар. Туынды бағалы қағаздар опциондар, варранттар, своптар, форвардтар, фьючерстер, депозитарийлік қол хаттар және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да бағалы қағаздар.
Қызметкер- жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және жеке еңбек , ұжымдық шарты бойынша тікелей жұмыс атқаратын жеке адам; мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда , акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің мүшесі;
Өткізу –сату, айырбастау, өтеусіз беру мақсатында тауарларды тиеп жіберу, жұмыстарды орындау және қызметтер ұсыну , сондай-ақ кепілге берілетін тауарларды кепіл ұстаушыға беру;
Роялти мыналар үшін :
Пайдалы қазбаларды өндіру және техногендік құралымдарды қайта өңдеу процесснде жер пайдалану құқығы;
Авторлық құқықтарды , бағдарламалық қамтамасыз етуді, патенттерді , сызбаларды немесе модельдерді , тауар белгілерін немесе басқа да осыған ұқсас құқық түрлерін пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін; өнеркәсіп, сауда немесе ғылыми – зерттеу жабдықтарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін : ноу- хауды пайдаланғаны үшін ; кинофильмдерді ,бейнефильмдерді , дыбыс жазу немесе өзге де жазу құралдарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін төленетін төлем;
Арнаулы салық режимі - салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін белгіленетін және жекелеген салық түрлерін есептеу мен төлеудің және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін ақы төлеудің , сондай –ақ олар бойынша салық есептілігін берудің оңайлатылған тәртібін қолдауды көздейтін бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібі ;
Демеушілк көмек - осы көмекті көрсететін тұлға туралы ақпаратты тарату мақсатында өтеусіз негізде:
Жеке тұлғаларға жарыстарға, конкурстарға, көрмелерге , байқауларға қатысу үшін және шығармашылық , ғылыми , ғылыми- техникалық ,өнертабыс қызметтерін дамыту, білім және спорт шеберлігі деңгейін арттыру үшін қаржылық қолдау түрінде;
Коммерциялық емес ұйымдарға өздернің жарғылық мақсаттарын іске асыру үшін берілетін мүлік;
Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі- филиал, өкілдік;
Сыртқы тауар номенклатурасы- тауар сыныптамасының тауарларды сипаттау мен олардың кодын белгілеудің үйлестірілген жүйесіне негізделген кодтары жүйесі;
Уәкілетті мемлекеттік орган – мемлекет алдындағы салық міндеттемелерінің орындалуына салық бақылауын қамтамассыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы;
Уәкілетті органдар - бюджетке төленетін міндетті төлемдерді есептеуді және жинақтауды жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген салық органдарын қоспағанда , Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары;
Ақпаратты өңдеу жөніндегі қызметтер көрсету - ақпараттық массивтерді жинау мен қорытуды , жүйеге келтіруді жүзеге асыруды және осы ақпаратты өңдеу нәтижелерін пайдаланушының иеленуіне беру жөніндегі қызметтер;
Салық төлеушінің электронды цифрлық қолтаңбасы- электрондық цифрлық қолтаңба құралдарынан жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын , оның салық төлеушіге тиесілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық нышандарының реттілігі;


Скачать


zharar.kz