Сызықтық диктант

Скачать

Сабақтың тақырыбы: №5 зертханалық жұмыс. Сүйектің құрылысы, құрамы,
өсуі, байланысуы.

Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Сүйек - дәнекер ұлпасының бір түрі екендігі, өте тығыз ұлпа екендігін білу.
ә) құрамында органикалық және бейорганикалық заттардың болатыны, олардың сүйекке мықтылық, серпімділік қасиет беретіндігін білу, зертханалық жұмысты орындау.
б) тәрбиелік: қаңқаның дұрыс дамуы үшін Д витаминінің маңызын білу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, зерттеу.
Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық карточка, сәйкестік тест , сызықтық диктант
Пәнаралық байланыс: химия

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау.
ІІ. Оқушы білімін есепке алу.
1. Кім жылдам сұрақ - жауап.
2. Таратпа дидактикалық карточкалар.
3. Сызықтық диктант.
1) Омыртқа жотасы 33 - 34 омыртқадан тұрады.
2) Ауыз омыртқасында дене және өсінділер болады.
3) Қысқа сүйектер денеге мықтылық қасиет береді және иілімді жерлерде орналасады.
4) Омыртқа жотасы 6 иілімнен тұрады.
5) 12 жұп қабырға тас сүйегіне бекінеді.
6) Қол сүйектері тоқпан, кәрі жіліктен тұрады.
7) Жамбас сүйегі артқы жағымен құйымшақ сүйегімен байланысады.

Кім жылдам сұрақ - жауабы сұралады.

ІІІ. Жаңа материалдармен жұмыс:
1. Сүйектің құрылысы
2. Сүйектің өсуі, байланысуы
3. Сүйектің құрамы

Сүйек дәнекер ұлпасынан тұрады. Ол өте тығыз ұлпа. Сырты жұқа сүйек қабығымен қапталады. Сүйек клеткаларын олардың өсінділерін клеткааралық сұйықтық толған өте ұсақ өзекшелер қоршап жатады. Осы сұйықтық арқылы қоректенеді, тыныс алады.
Сүйектің құрамы:
1. Органикалық - 30 %
2. Бейорганикалық - 60 %
Зертханалық жұмысты орындау.

ІV. Бекіту: 1. Буын дегеніміз не?
2. Қаңқа сүйегінің жуандап, ұзарып өсетіні неліктен?
3. Қозғалмайтын, қозғалатын сүйектерді ата.
4. Омыртқа жотасының ерекшелігі неде?
Қорытындылау.
V. Үйге тапсырма: Зертханалық жұмысты аяқтау, қорытындылау.


Скачать


zharar.kz