Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану Мүсіндеу
Тақырыбы: Мөлдір су Ермексазды жұмсартайық
Б: Су - тіршілік көзі екенін, пайдасы, маңызы, қасиеті туралы білімдерін кеңейту.
Д: Балалардың сөз байлығын, сөздік қорларын молайту, тәжірибе жасай білу қабілеттерін дамыту, өз бетінше әрекет ете білу, бақылағыштық, дәм сезу дағдыларын жетілдіру.
Т: Қоршаған ортаны қорғау, суды ластамауға, оны үнемдеуге, қастерлей білуге, ұқыптылыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмысы: Мөлдір. Таза. Тырс! Тырс!
Әдіс тәсілдер: көрсету, түсіндіру, тәжірибе
Көрнекіліктер: Тақырыпқа байланысты суреттер, шыны ыдыстар, қолшатыр.
Билингвалды компонент: Су – вода, Ермексаз – пласталин
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті
Балаларды ізденушілікке қызықтыру - Қане балалар бәріміз бірге шеңберге тұрайық:
Шаттық шеңбері:
Табиғат біздің - анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Иіліп сәлем береміз,
Біз әдепті баламыз.
Жұмбақ:
Шомыласың жүзесің,
Шөлдегенде ішесің (су)
- Өте жақсы балалар!
Ғажайып сәт
Балалар бір дыбыс естіледі, ненің дыбысы екенің тыңдайықшы.
- Бізге қонаққа Тамшы келіпті.
- Қане, балалар, қонақпен сәлемдесейік.
- Бірақ өзі неге сондай көңілсіз екен?
Тамшы: Сәлем, достар! Балалар, мен сендермен достасқым келеді. Сендер сияқты білім алып, оқығым келеді. Мен өзім туралы ештеме білмейді екенмін. Сондықтан менің көңіл күйім жоқ.
- Тамшы, кел төрлет, біз бүгін су әлеміне тәжірибе жасаймыз.
- Өзіңнің кім екеніңді білгің келе ме?
- Тамшы: Әрине білгім келеді.
- Ендеше сен де мұқият тыңдап отыр.
- Балалар! - Көп тамшыдан су пайда болады. Суды бекерге төкпей үнемдей білуіміз керек. Дана халқымыз "Судың да сұрауы бар"деп айтатыны сондықтан.
Ия балалар бізге су әрқашанда керек екен. Сендер дұрыс айтасыңдар: өсімдіктерге де су қажет екен. Ал адамдарға су тамақ істеуге, жуынуға, ішуге керек.
Олай болса судың қасиеттерімен танысайық, суға тәжірибе жасайық
Тәжірибе жасау.
1 тәжірибе: Су мөлдір
Тәрбиешінің алдында екі шыны ыдыс тұрады, біреуіне су, ал екіншісіне сүт құйылған. Екі ыдыста да қасық салып, қайсысынан көрінетінін, қайсысынан көрінбейтінін бақылайды
2 тәжірибе: Судың түсін өзгерту.
Тәрбиеші бояу жағылған қылқаламды суға араластырады.
- Судың түсі қандай болды балалар?
- Судың түсін өзгертуге бола ма?
Билингвальды компонент:
Су - вода.
Сергіту жаттығуы
- Олай болса балалар, шаршаған боларсыңдар, орнымыздан тұрып бой сергітіп алайық.
Сылдырлайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолың жу.
Жуынсаң сен әрдайым,
Аппақ бетің, маңдайың.
Тазалықтың досы,
Су дегенің осы.
- Балалар біз бүгін ермесазды жұмсарту арқылы тамшыны мүсіндейміз.
Көк түсті ермексазды алақан арасында домалақтап, алақанның жоғарғы жағын ашып ілгері – кейін ысамыз.
- Балалар жұмыс жасар алдында саусақпен ауада жаттығып алайық.
Тамшы: Менің өзіме жетерліктей қасиетім бар екен. Балалар, енді менің сендермен ойын ойнағым келіп тұр.
Қимылды - қозғалыс ойыны:
"Күн мен жаңбыр"деген ойынды ойнайық.
Ойын шарты: Балалар Күн шықты! - деген сөзге серуендеп, Жаңбыр жауды! – деген сөзге қол шатыр астына жиналуы керек.
Мақсаты: Балалардың көріп, естіп қабылдауын жетілдіре отырып, жылдамдыққа, жүгіруге және ереже бойынша ойнауға үйрету. Балалардың іс - әрекетке ынтасын арттыру.
Тамшы: - Балалар, сендерге көп - көп рахмет! Мен туралы көп біледі екенсіңдер. Менің мүсінімді ермексазбен де мүсіндеп бердіңдер. Сендерге үлкен рахмет. Мен сендерге арнап сыйлықтар әкелдім.. Сау болыңдар!
- Тамшы, саған да көп рахмет!
Біздің балалармен ойын ойнап көңілдерін көтеріп тастадың. Келесі кездескенше қош сау бол!
Мөлдір су. Ермексазды жұмсартайық. жүктеу