Қош бол, Әліппе!
Мерекелік ертеңгілік.
Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау. Әр оқушының іс-әрекеттері арқылы
икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу; Ата-аналарға балалардың 3 - 4 айда қандай білім игергенін іс жүзінде көрсету. Жаңа оқулықпен таныстыру, қызығушылығын арттыру;
Оқушылардың ата-ана, Отан, ел, болашақ алдындағы борышын сезінуге, елін, Отанын сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі, суреттер, нақыл сөздер, Әліппе , Ана тілі , Математика
оқулықтарының мұқабасы, шарлар.
Барысы:
Мұғалім:
- Құрметті қонақтар! Бүгінгі мерекемізге қош келдіңіздер! Кеше ғана мектеп табалдырығын имене аттаған жас бүлдіршіндер бүгінгі саналы оқушы болып, барлық ғылымның атасы, біздің болашағымыздың негізі – Әліппені бітіріп отырмыз. Мұғаліммен бірге оқушылармен қоса оқыған ата-аналар еңбегіміздің жемісін көрейік. Тойларыңыз тойға ұлассын!
І бөлім
Жүргізушілерді таныстыру:
Мектепішілік мәнерлеп оқу сайысының 1 - орын иегері Ахметов Айдос
Мектепішілік көркем жазу сайысының 3 - орын иегері Жұмағазы Нұрахмет
Айдос: Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға!!!