Бөлімі: Тоғызқұмалақ
Тақырыбы: Тактикалық тәсілдер (айырбасқа шақыру)
Мақсаты:
1. Ойыншының ойналу тәртібін үйрену.
2. Ойынды оқушылар арасында насихаттау.
Тәрбиелік мәні: Әр оқушы бойынан ұлттық ойынымызға деген қызығушылығын арттыру, білімділігі мен ойлау қабілетін дамыту.
Қолданылатын құралдары:
1. Тоғызқұмалақ тақталары, сағаттар.
Сабақтың мазмұны
- Сәлемдесу
- Оқушыларды түгендеу;
- Сабақтың өтілуі мен мақсатын айту;
- Ойынның ережесі мен әдістерін үйрету.
- Оқушылардың білімділігі мен ойлау қабілетін дамыту.
Айырбасқа шақыру дегеніміз - өзінің бір отауындағы құмалақтарды қарсыласына жеуге беріп, сонша құмалақты қайтарып ұтып алу.
Мысалы: мына ойынға назар аударайық
Бастаушы: ---------- Қостаушы:
1. 79: 610 ------------ 79: 610
2. 910 - 911 ---------- 911 - 112
3. 61 - 73 ------------- 91: 112
4. 311: 412 ----------- 511: 62
5. 74: 114 ------------ 312: 514
Айырбасқа шақыру
6. 414: 814 --------- 92: 13х
7. 95: 43х ---------- 75: 214