Армысыздар құрметті мұғалімдер мен оқушылар

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Табиғаттың төрт құдіреті

Мақсаты: балаларға табиғат туралы түсінік беруде, бүкіл әлемдегі тіршіліктің төрт құдіреті күн, ауа, жер, су екенін түсіндіру, табиғат аясындағы жанды - жансыз заттарға қамқорлық жасауға, табиғатқа, Отанға, жерге, елге деген сүйіспеншілігін арттыру
Көрнекілігі: жер, ауа суды бейнелейтін киімдер. Жыл мезгілдерінің суреттері, мақал - мәтелдер.

Барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:
II. Мұғалімнің сөзі: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар, оқушылар. Бүгін сіздер Табиғаттың төрт құдіреті атты ашық тәрбие сағатымызды мына бір өлең шумағы арқылы ашқалы отырмын.
Табиғат - әсемдіктің төркінісің,
Ән салам бір сенің көркін үшін.
Жан - жануар табынып бір өзіңе,
Сенен алып тұрғандай бар тынысын,- яғни Табиғат - тіршілік атауының құтты қонысы, түлеп өсуіне қажетті нәрі, жер бетіне көрік берген сәні - деп айтамыз.

1. Оқушылардың тақпақтары.
2. Жұмбақ жасыру.
3. Жер, ауа күн, су, кейіпкерлер.
4. Көрініс. Кірқожалақ
5. Мақал - мәтелдерден жарыс.
6. Қорытынды.
1 - оқушы. Әдепті елдің баласы,
Алдымен сәлем береді. Армысыздар құрметті мұғалімдер мен оқушылар.
2 - оқушы. Ата - бабамыз
Алыстан алты жасар бала келсе, алпыс жастағы қарт сәлем береді деген.

Мұғалім: Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын. Ал сендер шешуін табуға дайын болындар.
1. Көктемде көгереді,
Жазда ырысқа бөленеді.
Күзде пісіп марқаяды,
Қыста бірден қартаяды. (Жер)

Мұғалім: Міне ортамызға жұмбақтың шешуі де келді.
Жер: Балалар, жер бізге не береді?
(сұрақтар қою арқылы, жауаптар алу)
3 - оқушы: Табиғаттың басты байлығы - жер. Жер - біздің қазынамыз, байлығымыз.
4 - оқушы: Адамдар жан - жануарлар өсімдіктер өз қорегін осы жерден алады.
5 - оқушы: Ата бабаларымыз осы жер үшін сан ғасырлар бойы қан төгіп, басын қатерге тіккен.
Жер: Ал, балалар жер туралы қандай өлең білесіңдер?
6 - оқушы: Адамдар, жер – сенің аяулы бесігің,
Осы жер үстінде аштың сен тіршілік есігін,
Онымен кіндіктес жаның да, қаның да,
Жер жаһан аялап тұр алақанында.

Мұғалім: Жер, сіздің тілегіңізге, пейіліңізге рахмет, төрге шығып жайғасыңыз. Ал, енді балалар келесі жұмбақты шешейік.
Өмірде одан мол ештеңе болмайды,
Құшақтасаң, құшағыңа толмайды. (Ауа)

Мұғалімнің тәжірибесі: Ал балалар, бір тәжірибе жасап көрейікші. Аузымызды жауып, танауымызды қысып, дем алмай тұрайық.
Балалар: біз дем алмасақ тұншығамыз. Демек, бізге ауа өте қажет. (Ортаға ауа кіреді).
Ауа: Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Сендерге ауа керек пе? Қане, дем алыңдар таза ауамен. Мен туралы не білесіңдер? Мен не үшін керекпін?
7 - оқушы: Жер бетінде барлық тіршілік ауамен тыныс ала отырып, өмір сүреді. (өз ойларын білдіреді).


Скачать


zharar.kz