Есік гуманитарлық – экономикалық колледжінің оқытушысы: Айтбекова А. Б.
Қазақстан тарихы
Тақырыбы: Қазақстанда тоталитарлық жүйенің орнауы, саяси репрессиялар.
Құндылық: Ақиқат
Қасиеті: Мәңгілікті уақытшадан, шындықты жалғаннан ажырата білу.
Мақсаты: 30 - жылдардағы кеңестік қоғамда орнаған саяси режимге сипаттама бере отырып, мемлекеттің жеке адам үстінен абсолюттік билік орнатуының нәтижесінде орнаған тоталитарлық тәртіптің және зиялы қауымды жаппай қудалаудың мәнін ашып көрсету.
Міндеті:
Білімділік: Қазақстанда қоғамдық құрылыстың тоталитарлық моделін бекіте түсу 20 - 30 жылдары үзіліссіз жүргізілген саяси қуғын - сүргін шараларына ұласқандығы туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Салыстыру, талдау қабілеттерін дамыта отырып, өз ойын еркін білдіре алуға және оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру арқылы олардың бойында ізденгіштік, шығармашылық, танымдық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Елінің тарихын, рухани құндылықтарын қадірлеуге, ұлтжандылыққа және саяси саналылыққа баулу, қазақ халқының тарихи тағдырына азаматтық құрмет сезімімен қарай білуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Тақырыпқа байланысты бейнефильм, портреттер, трек сызбалар, үнтаспада жазылған Қапез Байғабылұлының Қапездің қоштасуы әні, Елім менің әні, слайд.
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақ түрі: Ізденіс сабағы.
Әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, баяндау.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, өзін – өзі тану, ән – әуез пәні, әдебиет.
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу, оқу – құралдарының толықтығын, сабаққа дайындығын қадағалау.
ІІ. Білімді қабылдауға даярлау.
Дәйек сөз: Бүгінгі күнді түсініп - түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек .
Н. А. Назарбаев
Миға шабуыл . Тақырыпты анықтау мақсатында оқушыларға сөзжұмбақ ұсынылады.
1. 1921 жылы қай жерде жер реформасы жүргізілді? ЖЕТІСУ
2. 1921 жылы қандай одақ құрылды? ҚОСШЫ
3. Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз, Торғай уездері қай облысқа біріктірілді? ТОРҒАЙ
4. 1924 жылы 1 қаңтарда қандай салық енгізілді? АҚША
5. Қосшы Одағының жетекшілерінің бірі. ЖАНГЕЛДИН
6. Түркістан комсомолы Орталық комитеті Қырғыз бюросының тұңғыш төрағасы? ҒАНИ
7. 1920 жылы 17 сәуірде В. И. Ленинге хат жолдап Қазақ елін билеудің екі жолын ұсынған қайраткер. БАЙТҰРСЫНОВ
8. Ақмола губерниясында қандай жәрмеңке ашылды? АТБАСАР
9. 1922 жылы Ә. Жангелдин бастаған қандай экспедиция жүргізілді? ҚЫЗЫЛКЕРУЕН
10. Қай зауыт 1923 жылы одақта өндіретін қорғасынның 40 % - н берді? РИДДЕР
11. 1918 – 1920 жж. қандай соғыс болды? АЗАМАТ
12. Оңтүстік Қазақстанда мақта өсіретін қандай совхоз құрылды? МАҚТАРАЛ
(Тоталитаризм ұғымына анықтама беріліп, жаңа сабақтың жоспарымен таныстырылады)
ІІІ. Жаңа білімді меңгерту кезеңі.
Сабақтың жоспары:
1. Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру.
2. Сталиндік казармалық социализм.
3. Қазақстан – лагерьлер өлкесі.
Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру.
(Сызба бойынша оқушылар ұжымдастырудың салдарына тоқталады)
1. Ашаршылық жайында бейнесюжет көрсетіледі.
2. Оқушы: Татьяна Неводовская туралы айтып, осы кісінің Қазақстан қасіреті өлеңін оқиды.
3. Ш. Мұртазаның Бесеудің хаты тарихи драмасынан көрініс.
Сталиндік казармалық социализм.
(Оқушылар сталинизмнің орнығуы, жазалау шараларының күшеюі туралы айтады.)
(Репрессияға байланысты бейнесюжет көрсетіледі.)
Қазақстан – лагерьлер өлкесі.
(Оқушылар Қазақстанда лагерьлер жайында мәлімет береді)
IV. Жаңа білімді меңгеруін тексеру.
Ашық тест тапсырмалары:
1. 1925 – 1933 жж. Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы Голощекин болды.
2. Кіші Қазан курсының қарсыластары өнеркәсіпті шикізат көздеріне жақындату идеясын ұсынды.
3. 1929 жылы Қазақстанда мал саны 40, 5 млн басқа жеткізілді.
4. Қазақстанда ұжымдастыру қарсаңында 6, 2 млн адам болды, ашаршылықтан 2, 1 млн адам қаза болды.
5. 1933 жылы наурызда ұжымдастыру нәтижесінде болған апат ауқымы жөнінде Сталинге Т. Рысқұлов жазды.
6. Ә. Бөкейханов қазақтарды отырықшылыққа эволяциялық жолмен біртіндеп көшіру қажеттігін дәлелдеді.
7. Күштеп ұжымдастыру мен отырықшыландыру саясатына қазақ қайраткерлері қарсы шықты.
8. 1932 жылы шілдеде аштық апаты мен себептері туралы Ф. Голощекинге Бесеудің хаты жазылды.
9. 1930 – 1932 жж. мал шаруашылығы күйзеліске ұшырап, аштық жайлады.
10. 1930 1932 жж аштық тарихқа ұлы жұт ретінде енді.