Бастауыш сынып мұғалімі Дауренбекова Махаббат Бейсенбаевна
Сабақтың тақырыбы: Үш таңбалы сандарды салыстыру
Сабақтың мақсаты: Білімділік: үш таңбалы сандарды салыстыру. Нөлмен аяқталатын үш таңбалы сандарды қосу және азайтудың ауызша тәсілдерімен таныстыру; разрядтық қосылғыштарға жіктеу;
Дамытушылық: кері есеп құрастыру, тиімді тәсілді таңдай білу дағдыларын жетілдіру; тез есептеу машығын арттыру.
Тәрбиелік: көркем, таза жазуға баулу; өз бетінше жұмыс істей білуге ынталандыру.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар үш таңбалы сандарды салыстыруға, оқып жазуға, есеп шығаруға машықтанады. Топтық жұмыс жасауға жаттығады. Кері байланысқа үйренеді.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі (3 минут)
а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, психологиялық дайындық.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау
Дайындалып қойылған суреттер арқылы топқа бөлінеді
І топ шаршы,
ІІ топ тіктөртбұрыш
ІІІ топ шеңбер
Үй тапсырмасын тексеру (7 минут)
Үйге берілген тапсырманы талдау(2 - 3 оқушының тапсырмасын талдау)
Жұп болып жұмыс жасау. Берілген есептерді разрядтық қосылғыштарға жіктеу
І топ: 258, 359, 845, 745
ІІ топ: 458, 213, 523, 120
ІІІ топ: 475, 861, 235, 841;
Жұптар бірін - бірі бағалайды
Көркем жазу Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті5, 9, 7 цифрларын пайдаланып үш таңбалы сандардың нешеуін құрастыруға болады? 597, 957, 759, 579, 975
Осы сандардың ішінен ең үлкенін, ең кішісін тап және оларды разрядтық қосылғыштарға жіктеп жаз.
579=500+70+9 975=900+70+5
(Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі).
Жаңа сабақ (5минут)
Электронды оқулықты пайдаланып оқушыларға үш таңбалы сандарды салыстыруды үйрету