Физикадан тест тапсырмалары 7 - 11 сыныптар

Скачать

Физикадан тест тапсырмалары 7 - 11 сыныптар. 2013 - 2014 оқу жылы
7 - сынып
1. Кеңістікте белгілі пішіні және нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсе не деп аталады?
А) зат
В) дене
С) материя
Д) ұғым
2. Бүкіл әлемдік тартылыс заңын ашқан ғалым?
А) Г. Галилей
В) Б. Паскаль
С) И. Ньютон
Д) Платон
3. Зат құрылысының молекула - кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын кейінірек кім қорытындылады?
А) Дж. Бруно
В) М. В. Ломоносов
С) Демокрит
Д) Эпикур
4. Физикалық шаманың мәні деп, оның өлшем бірлігі көрсетілген қандай мәнін айтады?
А) сандық
В) формулалық
С) теориялық
Д) ұғымдық
5. Үстелдің ұзындығы 0, 8 м. Оны сантиметрмен өрнектеңдер.
А) 8 см
В) 80 см
С) 800 см
Д) 0, 08 см
6. Көлемі 1 мм3 сутегі газында қалыпты жағдайда қаншаға жуық молекула бар?
А) 2, 7*1013
В) 2, 7*1014
С) 2, 7*1015
Д) 2, 7*1016
7. Ядро атом көлемінің қандай бөлігін қамтиды??
А) 10 – 8
В) 10 – 11
С) 10 – 10
Д) 10 - 12
8. Дененің температурасы тұрмыста Цельсий шкаласында көрсетілген...
А) Кельвинмен өлшенеді
В) Градуспен өлшенеді
С) Сандық мәнмен өлшенеді
Д) барлық жауап дұрыс
9. Дененің жылулық күйін сипаттайтын физикалық шаманы атаңыз.
А) жылу құбылысы
В) бейберекет қозғалыс
С) температура
Д) диффузия
10. Санақ денесімен байланысқан координата жүйесі мен сағатты...
А) санақ денесі
В) координата жүйесі
С) санақ жүйесі
Д) координата басы
11. Күнге ең жақын орналасқан планетаны көрсетіңіз:
А) Марс
В) Жер
С) Сатурн
Д) Меркурий


Скачать


zharar.kz