Отбасы күні мерекесінің сценарийі мектеп оқушыларына арналған салтанатты жиын
Жүргізуші: Сәлем, ата – алтын күн
Сәлем, қарты халқымның!
Бақытты болғын балалар,
Ашық болсын күніңіз!
Жайнай берсін жүзіңіз! – дей келіп,
Отбасы күні деп аталатын мерекемізді бастаймыз.
Мемлекеттік ұраны орындалады
Жүргізуші: 14 қыркүйекте Қазақстанда екінші рет Отбасы күнi аталып өтедi.
Бұл туралы бүгiн ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар орталығының ресми өкiлi Алтай Әбибуллаев мәлiм еттi. "Мемлекет басшысының Жарлығымен бұл күн осы жылдан бастап қыркүйек айының екiншi жексенбiсiнде аталып өтiледi.
Жүргізуші: Ел Президенті мемлекет - отбасыдан басталатынын және бiздiң қоғамда негiзгi отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударып отырғандығын тағы да атап өткiм келедi.
Жүргізуші: Алғашқы құттықтау сөзін мектеп директоры Күзембаев Мұратбек Баяханұлына беріледі.
Жүргізуші: Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.
Жүргізуші: Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт - дәстүрлердің сақтаушысы.
Жүргізуші: Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез - құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.
Жүргізуші: Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу.
Жүргізуші: Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі.
Ата - ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге, салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.
Қазақ отбасында баланың ерте есеюіне көп көңіл бөлген. Оны жүзеге асыруда олар үлгі - өнеге көрсету, жауапкершілікке арту әдістерін шебер пайдаланған. Баланы ерте жастан - ақ жауапты іс - әрекетке тартып отырған. Мысалы, бес жасында атқа мінгізіп, бәйгеге қосу, қозы баққызу, үлкендердің арасындағы дауды шешу, келіссөз жүргізу т. с. с. істерге бірге ертіп жүрген. Сондай - ақ қазақ отбасы тәрбиесінде ғасырлар бойы қалыптасқан, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан отбасы мүшелерінің қатынасының маңызы зор.
Егер жапон халқы басқалар үшін тұйық халық болса, онда ағылшын халқы басқаларды қойып, өз ішінде тұйық халық. Олардың отбасындағы әр адам жеке өмірінің құпия болғанын қалайды. Бір сөзбен айтсақ, ағылшындықтардың жаны - өз үйінен де жақын, яғни берік қамалмен тең.
Жүргізуші: Басқа халықтар үшін жанұя қиыншылық пен қуанышты бірге бөлісетін ең басты байлық болса, ағылшын халқы қиыншылық кезінде жақындарынан көмек күте қоймайды. Тіпті жақындарына көмек көрсетуді өз жауапкер - шіліктеріне алмайды. Ағылшын халқында ең алғашқы сәби дүниеге келісімен (бай болса да) отбасындағы бар байлық тек сол балаға ғана мұраға беріледі. Оның басқа іні, сіңлілері болғанымен оларға ештеңе берілмейді олар өз тірліктерін өздері жасайды.
Жүргізуші: Француздар мен немістерге қарағанда ағылшындар қыз баланың жасауына да аз көңіл бөлген. Олар баланың өмірін қамтамасыз еткеннен гөрі, олар талпынған сәтте ұядан итеруге әрекет етіп, өздіктерінен ұшуға жағдай жасайды. Ағылшын әжелері өз немерелерін өте жақсы көргенімен, тек сенбі, жексенбі күндері ғана немерелерін қонаққа шақырып, күтеді немесе ата - аналары демалыста жүргенде бір - екі апта ғана немерелеріне қарайды. Бірақ олар тегін және үнемі бала бағушы болуға ешқашан да келіспейді.
Жүргізуші: Ағылшын отбасы баланы ішкі әлемінен аз қорғайды. Олар баланы өз ортасында, өз құрбыларымен қатар өскендіктерін қалайды. Сол себепті бала кішкентай кезінен бастап өз өзіне жауап бере алатын және әлеуметтік жауапкершілігі бар тұлға болып қалыптасады. Ағылшын жасөспірімінің білімі аз болғанымен, қарым - қатынаста адамгершілік қасиетінің жоғары екенін, үлкендер арасында басқа шет елдік құрбыларынан гөрі өзін өте жақсы ұстай алатындығын көрсете біледі. Өзінің жанұясына жақындығы да аз сезіледі, алайда қоршаған әлеуметтік ортада өзінің құқығы мен міндеттерін жақсы біледі.
Жүргізуші: Әлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелеу Британияда ең басты адамгершілік характердің бірі болып есептеледі. Саяси - қоғамдық жауапкершіліктер белгілі бір жаттығулар мен оқытудың арқасында емес, олар бала бойына ағылшын біліміне бағытталған тәрбие мен әр түрлі бағыттағы еркін еңбектің өмірлік тәжірибелері арқылы сіңіріледі. Өз қалау бойынша еңбекке араласу ағылшындықтар үшін кең таралған және игі іс болып есептеледі.
Қорыта айтқанда, ағылшындықтарУ. Черчиллидің: Егер жалғыз ағаш тірі қалса, ол мықты болып өседі деген сөзін көп қолданғанды жақсы көреді екен.
Жүргізуші: Бүгінгі мейрамымызды біз өзіміздің ата - әжелеріміз, ана мен әкелерімізге арнаймыз.
Жүргізуші: Бүгінгі салтанатты жиынымызда өзіміздің мектебімізде көпбалалы отбасының ата - аналар қатысып отыр, олар ардагер ұстазымыз Рахметалиндер отбасы, Сүйінбеков отбасы, Абишевтер отбасы.
Жүргізуші: Біз үшін ең қымбатты, ең ардақты адам кім? (АНА)
Сондықтан анамызға арнап алғысымызды айтайық.
Бала:
Аялаған, баптаған,
Асыраған сақтаған.
Сақтандырып күнде еппен,
Айтып бәрін үйреткен
Анамызға мың алғыс!
Ерлік еткен біз үшін,
Еңбек еткен біз үшін,
Еркелеткен біздерді,
Еркіндеткен біздерді.
Анамызға мың алғыс!
Адал бол, - деп, - балдырған ,
Әділдікке баулыған.
Жүрегінде – махаббат,
Тілегінде – марқабат
Анамызға мың алғыс!
1 - Бала: Әже ақылы
Әжем – Ақыл бесігі,
Мейірімімен тербеткен.
Мен де ақылды боламын,
Аман - есен ержетсем.
Менің әжем. Маған ақыл беретін,
Әжем менің асыл жан,
Сипап жақсы көретін,
Құлыным деп басымнан.
Жақсылыққа үйретіп,
Жамандықтан шектейді,
Ертегі айтып беретін,
Әжеге ешкім жетпейді.
Жүргізуші: Құрметті оқушылар, ұстаздар Отбасы күні мерекесі құтты болсын, зор денсаулық, ашық аспан, мол бақыт тілейміз. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!!
Өткізген: Дәмді орта мектебі
Директордың тәрбие орынбасары
Байгенжина Динара Егеубайқызы
Отбасы күні салтанатты жиын сценарийі. жүктеу